Шілде айының 21-інде Қазақстанның тәртіп қызметкерлері «Қару-2003» жоспарлы жедел-алдын-алу шаралары басталды.
Республика бойынша өтетiн бұл шара шiлденiң 24-іне дейiн жалғасқалы отыр.
- «Қару-2003» шарасының мақсаты - тұрғындар заңсыз сақтап келе жатқан қару-жарақ, оқ-дәрi, жарылғыш заттарды анықтап, залалсыздандыру. Сондай-ақ, атыс қаруының заңсыз айналымы мен оны қолдану арқылы жасалатын қылмыстар жасағаны үшiн iздеуде жүрген азаматтарды анықтау мен оларды iздеп табу мiндетi қойылып отыр, - дейді Қазақстан Ішкі Iстер Министрлігі баспасөз қызметінің инспекторы Даниал Сейфоллаұлы.
Министрлiк өкiлiнiң айтуынша дүйсенбiден бастап елдегi iшкi iстер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтiлген тәртiбiне көшкен. «Қару-2003» жедел - алдын-алу шаралары кезінде құрылған шұғыл топтар үлкен автокөлiк жолдары мен елдi мекендердегi автокөлiк тұрақтарын бақылауға алуды жоспарлап отыр. Ал осы шаралар өтетiн мерзiм iшiнде қолда заңсыз сақталынып келген қару-жарақтарды өз еркімен полицияға табыс еткендерге қатысты ешқандай жаза қолданылмайды. Қазiргi уақытта Iшкi iстер министрлiгiнде «Қару-2003» жедел-алдын-алу шараларына бағыт-бағдар берiп, басшылық жасайтын арнайы штаб құрылып, өз мiндетiн атқаруға кiрiстi.