Бұрынғы коммунистік блокта болған халықтар арасында ағылшын тіліне деген бетбұрыстың болып жатқаны туралы тізбекті мақаламыздың бұл соңғы төртінші бөлімі. Бұл жолға хабар ағылшын тілінің Тәжікістан жастарының арасында беделге ие бола бастағаны туралы.
Тәжікстан жастары ағылшын тілі орыс тілін мектептен де, үйден де ығыстыра бастады деп жазады радиомыздың талдаушысы Фарангис Нажибулла. Совет заманы кезінде орыс тілі Тәжікістанда басты тіл болды. Кейбір қала тәжіктерінің отбасынан ана тілін де ығыстырып шығарған болатын. Ол заманда ұрпағының ертеңін ойлаған ата-атаналар балаларын жетектеп апарып орыс мектебіне берді.
Өйткені, бұрынғы советтік кеңістікте орыс тілін білмеген адам оңған жұмыс таба алмағаны аян. Қор болғаны аян. О заманда тіршілікке қажетті құжаттардың бәрі тек орыс тілінде толтырылғаны белгілі. Орысша сөйлеу, оған шамаң келмей жатса ана тіліңді шұбарлап орысша қосып сөйлеу тәжік жастары үшін сән болды. Енді, бүгінде тәжік жастары өз тілдеріне орысша араластыру аз болғандай, ағылшынша араластырып қойыртпақтауға кірісті. Осы орайда тәжік мемлекеттік университетінің студенті Мухайоның пікірі ден қоюға тұрарлық:
"Бүгінгі жастар үш тілді – тәжік, орыс, ағылшыншаны араластырып сөйлейтін болды. Мысалы үшін, жастар бір-біріне сәлем бергенде орысша"привет!" десе, тағы бірі ағылшынша "хеллоу!" деп тұрғаны. Немесе, тәжікше сөйлеп тұрып кейбіреулер ағылшынша "i'm sorry' деп, сызыла қалады."
Бұрын балабақша мен мектептер орыс тілді болса, енді ағылшын тілді мектептер мен балабақшалар көбейе бастады. Ағылшын тілін үйрететін жеке курстардың қисабы жоқ. Ағылшын тілін жақсы білгендер шетел компанияларынан жұмыс табатын болды. Олардың табысы да күшті. Мысалы, жәй мұғалімдер айына 5 доллар айлық аламыз деп жылап жүрсе, ағылшын тілінен сабақ беретін Ниджина айлық табысым бірнеше жүз доллар деп мұртынан күледі:
"Ағылшын тілі сабақтарында мен компьютерді, жаңа оқулықтарды, видео таспаларды пайдаланамын. Әр оқушымнан айына 10 доллар ақы аламын."
Университет студенті Мухайоның пікіріне тағы да ден қоялық:
"Менің ағылшын тілін үйрене бастағаныма 7 жыл болды. Соңғы жылы мен шетелдік ұйымдардан жұмыс іздей бастадым. Бірақ, әлі таба алмай жүрмін."
Ағылшын тілінің сәнге айналғанына қарамастан Тәжікістан өмірінде орыс тілінің маңызы әлсіреген жоқ. Орыс тілі бұрынғы совет републикаларымен байланыста таптырмас құрал.Сол тілдің арқасында Ресейге барып күнін көріп жүрген 700 мыңдай тәжік бар. Ал, тәжік жастары болса ағылшын тілі екінші ана тілге айналады деп біледі.