АҚШ Ауғанстанды қайта құру жөнінде жаңа жоспар жариялайды деп күтілуде. Джордж Буш әкімшілігі Ауғанстандағы шаруаларды күрт арттыруға қосымша қыруар қаржы бөлмек.
Американдық газеттерде есімі аталмаған ресми өкілге сілтеме жасалып жатқандай, қорғаныс министрлігінің қорынан Ауғанстандағы істерге жылына тағы бір миллиард доллар жұмсалмақ.
"Азаттық" радиосына сараптама жасаған мамандар АҚШ-тың жаңа жоспарын іске асыру қиын болатынын бірден айтып отыр.
Ауғанстанды қайта қалпына келтіру жөніндегі жаңа жоспардың жекелеген тұстарын жариялау сейсенбі күні Ауғанстан егемендігінің 84 жылдығымен тұспа тұс келді. Ауғанстан 1919 жылы Британия бодандығынан құтылған болатын.
Дегенмен, қақтығыстар мерекелі күні де тиылмады. Президент Хамид Қарзайдың ағасының Қандағар қаласындағы үйінің жанында жарылыс болды, екі сарбаз жараланды. Бұл шабуылдың салдары емес, байқаусыз жағдайдың салдары деп те айтылып жатыр. Құнар провинциясында АҚШ әскери қонысы зымыран және бомбалармен атқыланды, адам шығыны жөнінде хабар жоқ. Ауғанстанда өткен аптадағы түрлі қақтығыстарда 65 тен астам адам қаза тапты, жалпы.
Вашингтонда орналасқан Күрделі халықаралық зерттеу жөніндегі Джонс Хопкинс мектебінің аймақтық сарапшысы Чарлз Фейрбенкс АҚШ әкімшілігінің жаңа ұмтылысы - келесі шілдеге белгіленген президенттік сайлауда Хамид Қарзайдың аяқалысын нығайту, оны елбасылыққа қайта өткізу дейді:
- Әлбетте, АҚШ Ауғанстан үкіметіне ең алдыменен экономикалық көмек ұсынды. Бұл жараны танумен тең қимыл болатын. Қазіргі таңда АҚШ әкімшілігі мәселелерді нақты шешетін мақсатқа көшіп жатыр.
Ауғанстанға аса үлкен мөлшерде көмек көрсетуге Джордж Буш былтыр да ұмтылған. Оның қарсыластары, дегенмен, Буш уәделерін орындауға жоқ деп келеді. Халықаралық донорлар Ауғанстанға ұзын саны төрт жарым миллиард доллар жылу бөлді. Бірақ ақшаның көпшілігі не әлі келіп жеткен жоқ, не болмаса ізгілік көмек көрсетуге жұмсалды. "Әмнести интернешнл" сияқты құқыққорғаушы ұйымдар Ауғанстандағы заңсыздықтар халықаралық көмекті ысырап қылып отыр деп, өткен аптада алаңдаушылық танытты.
АҚШ-тың жаңа ұсынысына үміт артып отырғандарда жетерлік, дегенмен. Вашингтонда орналасқан "Босқын әйелдер дамуы" деген ұйымның төрайымы Сима Уалли АҚШ әкімшілігінің жаңа жоспарын жылы қабылдайтындарын айтады:
- Бұл әрекеттер шынайы деп үміттеніп отырмыз. Бұл уәде біз үшін шынайы жасалды деп білеміз. Бұл уәделер барша ауғандықтардың санасына іс жүзінде жетеді деп сенімді болуымыз керек. Тыныштық қазір бұзылып тұр. Ауғанстанға келіп жатқан көмек барша ауғандық азаматтар мен азаматшаларға жету керек.
"Азаттық" радиосының Вашингтондағы тілшісі Джефри Донован жазып отырғандай, АҚШ-тың жаңа жоспары бойынша Ауғанстандағы арнайы елші Залмай Қализадтың өкілеттігі өсе түспек. Ирақта әкім Пол Бремердің мәртебесі қандай болса, Ауғанстан тумасы Залмай Қализадтың билігі де соншалық арттырылмақ. Ауғанстан ресми өкілдері бұл тақырыпқа сыр шертуден аулақ. Ауғанстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Омар Самад "Чикаго трибюн" газетіне "Ауғанстан Ирақ емес. Бізідің үкіметіміз де, басқару жүйеміз де құрылып қойған" деп қысқа қайырды.
АҚШ әкімішілігі, сол сияқты, Ауғанстан үкіметіне, министрлерге ақылшы ретінде жүз шақты сарапшыны жібермек. АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Ауғанстан саясатының жаңа үйлестірушісі тағайындалмақ. Бұл орынға Үндістандағы бұрыңғы елші Роберт Бләкуилл қойылады делінеді. Американдық баспасөздің пайымдауынша, Ауғанстандағы істерді басқару сыртқы істер министрлігінен біртіндеп қорғаныс минстрлігіне өтпек. АҚШ сыртқы істер министрлігінің жоғары өкілі бұл жөнінде "Азаттық" радиосына сипаттама айтудан бас тартты, жоспардың кейбір тұстары әлі пысықталып жатыр, әңгіме піскен жоқ деп қысқа қайырды.