Ғылым мен техниканың жарқын жетістіктеріне жол ашылған 20-сыншы ғасырда адамзат атом қаруы секілді алапат жойқын қаруды ойлап тапты.
Әлемдік тарихтан бұл қаруды адамдарға қарсы қолданудың екі түрлі жолмен жүргізілгенін білеміз. 1945 жылы АҚШ үкіметі жапон жерінде жарған екі атом бомбасының сұмдығын бүкіл әлем жұртшылығы көзімен көріп білсе, Семей жеріндегі қырық жылдан астам уақытқа созылған ядролық сынақтардың адамдар мен табиғи ортаға тигізген әсері ұзақ жылдар бойы қалың елден құпия сақталып келді.
Ол туралы деректерді жұртшылықтан жасыру үшін Кеңес үкіметі қолдан келгеннің барлығын жасады. Полигон аймағындағы жарылыстар кісі өлімі мен қатерлі ауру түрлерінің көбеюіне әкеп соққанын біле тұра, Коммунистік партия басқаруындағы тоталитарлық режим тірі адамдарға тәжірибе жасауын 40 жылдан астам уақыт тоқтатқан жоқ.
Миллиондаған адамның қанын мойнына жүктеген диктатор ретінде тарихта есімі қалған И.Сталиннің тікелей тапсыруы бойынша кеңестік атом қаруын жасау сол кезде Кеңестер Одағының қауіпсіздік қызметін басқарған Л. Берияның басшылығымен жүрді. Сынақ алаңы ретінде Семей өңіріндегі Дегелең тауының етегі таңдап алынды. Абай сияқты қазақ халқының данышпанының сүйегі жатқан жерге кеңес өкіметі атом аждаһасын әкеп орналастырды. Ондағы ең алғашқы атом қаруының жарылысы 1949 жылы тамыз айының 29-күні жасалды. Міне, сол күннен бастап 1991 жылға дейінгі аралықта бұрынғы Кеңестер Одағының әскери күштері Семей ядролық сынақ полигонында 400-ден астам ядролық жарылыс жасағаны мәлім.
Ал, 1953 жылы тамыздың 12-і күні Кеңес өкіметі Семей полигонында әлемде алғаш рет сутегі бомбасын жарып, сынақ өткізді. Оны өткізер алдында өкімет Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылының тұрғын халқын түгелдей басқа жаққа көшіріп, олардың арасынан «мемлекеттік маңызы бар жұмысқа керексіңдер» деген желеумен 40 адамды алып қалды. Бұл жарылыстың өз денсаулығы үшін зияны туралы ешқандай хабары жоқ аңқау жұрт өкімет айтқан соң еріксіз көнеді. Ол уақытта тұрғындар өздерінің ата-қонысында жасалып жатқан бұл жарылыстардың олардың өздері мен ұрпақтары үшін аса үлкен қасірет әкеле жатқанын әлі біле қойған жоқ еді дейді осы оқиғаның санаулы куәгерлерінің бірі Кәбира апа.
- Менің жасым қазір 80-де. Туып өскен жерім Арқат ауылы, ал өзім Қарауылда оқып, бой жеттім. 1953 жылы сутегі бомбасын ашық ауада жарған кезде Қарауыл ауылының тұрғындарын Аягөз жаққа көшірді, ауылда 40 адамды алып қалды. Солардың бірі ол кезде НКВД істейтін менің ерім де қалды. Аягөз түбіндегі Сергиопольде 17 күн болғаннан кейін Қарауылға қайтып оралдық. Ерімнің айтуынша, сутегін бомбаны жарған кезде оларға зорлап арақ ішкізіпті. Осы оқиғадан кейін талай рет қайталанған әлгі жарылыстарды өзім де көрдім. Жарылыс басталар алдында радиомен «Терезелеріңді ашпаңдар, от жақпаңдар! Көршіміздің (полигондағы әскерилерді осылай атайтын) бір сынағы болады» деп хабарлайды. Үйдің терезесін киізбен жауып, өзіміз далаға шығып бақылап отырамыз. Мына Саржал жақтан алдымен аппақ болып қазандай бір бұлт көтеріліп, дүңк ете түседі де, біртіндеп аспанға биіктеп, саңырауқұлаққа ұқсап ұлғая бастайды. Ұлғайған сайын қызғылт түске енеді. Ал, біз болсақ оны таңсық көріп қарап отыратынбыз, - деп еске алады бүгінде Қарауыл ауылында тұратын Кабира Сәдуақасқызы.
Бұл сынақтардан кейін жергілікті тұрғындар арасында күрт өсіп кеткен ауру түрлерінен адам қазасы да көбейді дейді кейуана. Осындай қазаны оның отбасы да кешіріпті.
- Кейіннен ерім рак ауруынан қайтыс болды. Туған інім де сондай аурудан о дүниелік болды. Алғаш рет жарылыс жасалған кезде менің аяғым ауыр еді, қыз тудым. Бірақ, туғаннан жүрегі дертті болған сол қызым 23 жасында көз жұмды. Сол секілді өз шешем және сіңілім де осындай бейдауа дерттерден о дүниелік болды. Сонымен бірге ауыл жастарының арасында өзіне-өзі қол жұмсау жиіледі. Бір үйден 3 бірдей жас азаматтың осылайша бақилық болғанын көрдік. Осының бәрі полигонның салдарынан деп ойлаймын, - дейді Кәбира апа.
Кеңес әскерлері Семей сынақ полигонында жарып үлгірмеген соңғы ядролық қуат 1995 жылы мамыр айының 31-інде химиялық жарылыстың көмегімен жойылды. Ал сынақ полигонының өзі осыдан дәл 12 жыл бұрын 1991 жылғы тамыз айының 29-күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен жабылған болатын.
Сөйтіп, қырық жыл бойы қазақ жерінде аузынан ажал шашып келген атом тажалының үні өшкен еді. Бірақ, ғалымдар оның зардабы әлі жүздеген жылдарға дейін басылмайды дейді. Мамандар қазір полигон аймағындағы жердің өзгеріске ұшырағанын айтып отыр. Табиғаттың радиация уымен ластануы бүгінгі таңда аймақтағы тұрғын халық денсаулығының нашарлауына, осы өңірде бейдауа аурулардың көптеп таралуына әсер етіп отыр. Құрамына Семей аймағы да кіретін Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша онкологиялық дертке шалдыққандар саны жағынан бірінші орында.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында полигон жабылғаннан соң оны күзетіп тұрған орыс әскерлері Ресейге әкетілді. Олардан кейін полигон жерінде радиация уына толы шахталар қалды. Қазақстан экономикасы тұралап, билік басындағылар мемлекет меншігін жекешелендіру науқанын жүргізіп, қазақы ауылдың негізгі байлығы - мал біткен ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқан заман еді.
Полигонға жақын маңдағы ауылдардағы жұмыссыз жұрт күнкөріс үшін сынақ полигонының радиациямен ластанған темір-терсектерін бөлшектеп бұзып алу үшін адам өміріне аса қауіпті әлгі шахталарға түсті. Бұл темір-терсекті тұрғындардан көтерме бағамен сатып алатын пысықай саудагерлер ол темірді вагондап Қытай асырып сататын. Жергілікті органдардың мәліметіне қарағанда бір кездері тұмшаланған 181 әскери сынақ құдықтарының бүгінде 105-інің аузын әлгіндей темір іздеушілер бұзып ашып үлгеріпті.
Дәрігерлер қазіргі уақытта Семей өңіріндегі жүкті әйелдердің тек 10 пайызының ғана дені сау екенін, ал қалған 90 пайызында ақ қан ауруы, гистоз, құрт ауруы секілді дерт түрлерінің жиі кездесетінін айтады. Сырқат жандардың басым бөлігі ауылды жерде тұрады екен. Абай аудандық орталық емхана бірлестігінің аудандық бала дәрігері Шолпан Мұхаметжанованың айтуынша ауданда бала өлімі мен дүниеге жаңадан келген нәрестелер арасында туа біткен дерт түрлері ұлғайып отырған көрінеді.
- Мен осы ауданда 15 жылдан бері бала дәрігері болып жұмыс істеймін. Аудан бойынша 17 мың халықтың 5200-і балалар. Жылдан жылға бала туу азайып келеді. Ал бала өлімі көрсеткіші бәсеңдемей отыр. Бала өлімінің 30 пайызы іштен ауру болып туған балалардың үлесіне тиеді. Соңғы үш жылдың мәліметін салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша осы Абай ауданында мүгедек балалар саны жылдан-жылға көбейіп отыр. Ондайлардың саны 2000 жылы 146 болса, 2001 жылы - 165, ал биыл 188-ге жетіп отыр, - дейді Абай ауданының бала дәрігері Шолпан Мұхаметжанова.
Қазақ халқының қасіретіне айналған атомға байланысты қазірде Қазақстан қоғамында қызу пікірталас тудырып отырған тағы екі тақырып бар. Оның біріншісі қазақ жеріне шетелдерден радиациялы қалдықтарды әкеліп көму туралы пікір.
Басқа елдер бұл үшін Қазақстанға қыруар ақша төлеуге әзір. Мұндай ұсынысқа өзге шенеуніктермен бірге республиканың денсаулық сақтау министрі де кетәрі емес. Олардың айтуынша Қазақстанға осыны пайдаланып өз жерінде кеңес дәуірінен бері қордаланып қалған 230 млн тонна радиоактивті қалдықтардан құтылуға мүмкіндік туады.
Сол секілді атомға қатысты Қазақстан қоғамын толғандырып отырған тағы бір мәселе – Балқаш көлі маңынан атом станциясын салу туралы көршілес Ресейдің ұсынысы.
Бұл пікірдің жақтаушылары да республика халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мұның қажет екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Алайда, Кабира апа секілді «атом», «радиация» дегендерден бір рет аузы күйгендер бұндай ұсыныстарға қарсы.