Өткен жұма күні Ирақтың оңтүстігіндегі қасиетті қала Наджафта болған бомбалық шабуыл жүзден астам адамның, оның қатарында Ирақтағы Шия мұсылмандарының жетекшісі Аятолла әл-Хакімнің өліміне алып келді.
Бомбалық шабуыл Ирақта әскери әрекеттер аяқталғаннан бергі ең қайғылы террорлық шабуыл ретінде аталып отыр.
Ирақтағы Шия мұсылман жетекшісі Аятолла Мұхаммед Бақир әл-Хакімді соңғы сапарға шығарып салу рәсімі үш күнге ұласып, оған мыңдаған ирақтық Шия мұсылманы қатысты.
Аятолла әл-Хакім және тағы 120дан астам адам өткен аптада Наджаф қаласындағы Имам Әли мешіті алдында жұма намазынан кейін болған бомбалық жарылыста құрбан болған еді.
Бұл террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге дейін ешкім өз мойнына алған жоқ. Жарылыстың астарында нендей себеп болғаны да анық емес. Жергілікті полиция және Американың Федералдық Тергеу Бюросы (ФБР) жарылысқа орай тергеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
Кей расталмаған хабарларға қарағанда, бұл іске байланысты 19 адам тұтқындалған. Бұл 19 адамның кім екені жөнінде де мәлімет шамалы. Кей хабарлар бойынша, бұл - Саддам Хүсейіннің Баас партиясына қатысы бар адамдар. Енді бір хабарларға қарағанда, олардың қатарында шет елдік азаматтар, атап айтқанда Сауд Арабиялық және Йорданиялық азаматтар бар.
Аятолла әл-Хакім Ирақтағы негізгі Шиялық мұсылман тобы - Ирақ Исламдық Революциясы Жоғарғы Кеңесі (ИИРЖК) атты саяси топтың жетекшісі болатын. Ол Ирақтағы американ әкімшілігімен ынтымақтасу қажеттігін айтып келген жаңашыл жетекші есептелетін. Аятолла әл-Хакімнің өлімі Ирақ тұрғындарының көпшілігін құрайтын Шия мұсылмандары арасында ашу-ыза тудырды. Бұл оқиға, сонда-ақ, Американың Ирақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне де көлеңке түсірді.
Ирақ Исламдық Революциясы Жоғарғы Кеңесінің Лондондағы уәкілі Хамид әл Баяти Азаттық радиосына берген сұхбатында Аятолла әл-Хакімнің өліміне Саддамның адамдары мүдделі болып келгенін айтты.
Олар Аятолланң бұрыннан нысанаға алып келген еді және режим құлағаннан кейін де олар Ирақта белсенді болып отыр. Менің ойымша, мұндай шабуыл үшін жауапкершілік солардың мойнында болса керек, - деді радиомызға берген сұхбатында Ирақ Исламдық Революциясы Жоғарғы Кеңесінің Лондондағы уәкілі Хамид әл Баяти.
Бұл екі арада, Әл Джазира теле арнасы Саддам Хүсейннің дауысы жазылған дыбыс таспасы бар екенін хабарлады. Бұл таспадағы Саддам Хүсейндігі деп таныстырылған дауыс өзінің Аятолла әл Хакімнің өліміне еш қатысы жоқ екенін айтады.
Аятолла әл Хакімнің өліміне алып келген шабуылды ұйымдастырушыларды бақталас Шия жетекшісі Мұқтада әл-Садрдың маңынан іздеу керек дейтіндер де бар. Алайда, әл-Садрдың өзі әу бастан бұл шабуылдан өз бойын аулақ салуға тырысты. Қыркүйектің 1-індегі санында немістің Шпигель басылымы әл-Садрдың бомбалық жарылысты барынша айыптаған сөздерін келтіріп отыр.
Бұл шабуылды Әл Қаида және тағы басқа террорлық топтар ұйымдастырды деген күдік те айтылып отыр. Американ ресми орындары шабуылды "терроршылдар" ұйымдастырды деп мәлімдеме таратты. Алайда, осы аталған айыптауларды растайтындай дәлел әзірге ешкімде жоқ.
Соңғы хабарларға қарағанда, Бағдадта сейсенбі күні тағы бірнеше бомбалық жарылыс болған.