Қыркүйектiң 20-сында Қазақстанда жергiлiктi маслихат депутаттарының сайлауы болып өттi. Сайлаудың нәтижесi туралы ресми ақпарат әлi жарияланған жоқ.
Әйткенмен де, сайлауға түскен бiрқатар үмiткерлер мен бақылаушылар бұл жолғы сайлаудың қортындысына өздерiнiң күмән келтiретiнiн айтып жатыр.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының қыркүйектiң 20-күнi сағат 22-дегi мәлiметiнде республика бойынша тiзiмге алынған 8 млн-нан астам сайлаушының 54 пайызы осы күнi өткен маслихат сайлауында дауыс бергенi айтылған. Ақтөбе, Алматы, Солтүстiк Қазақстан облыстарының сайлаушылары дауыс беруге белсендiлiкпен қатысса, Алматы мен Астана қалаларында керiсiнше пәс болған. Бұл әзiрге алдын-ала ақпар, ал сайлаудың түпкілікті нәтижесi алдағы аптада анықталмақшы. Әйтсе де, бiрқатар депутаттар мен бақылаушылар бұл жолғы сайлаудың қортындысына күмән келтiрiп отыр.
Астана қаласының маслихатындағы 25 орынға бұл сайлауда 169 үмiткер таласты. 11 үмiткердiң басын бiрiктiретiн “Сенiм” атты сайлау блогының өкiлдерi сенбi күнi өткен дауыс беру барысында көптеген кемшiлiктердiң орын алғанын айтып, қыркүйектiң 21-күнi баспасөз маслихатын өткiздi.
Сайлау блогының бақылаушылар тобының жетекшiсi Жанбота Қарашолақовтың айтуынша, олар сайлауға дейiн 70-тен астам бақылаушыларды сайлау заңдылығына қатысты арнайы дайындықтан өткiзiп, олардың әрқайсысына Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқаулары таратқан.
Жанбота Қарашолақов, «Сенім» сайлау блогының бақылаушылар тобының жетекшiсi:
- Дауыс беру басталған таңертеңгi сағат 7-ден бастап бақылаушылардан бізге сайлау учаскелерiндегi комиссиялардың тарапынан түрлi заң бұзушылықтардың орын ала бастағаны туралы жедел хабарлар түсе бастады.
Бiрқатар учаскелерде сайлау комиссиялары бақылаушыларды кiргiзбей қойса, ендi бiр жерлерде оларды дауыс беретiн жерден бөлек басқа бөлмелерге отырғызып қойған. Учаскелердiң көпшiлiгiнде сайлау бюллетендерiн санамай дауыс берудi бастап жiберген. Соңғы жайтқа байланысты бақылаушылар тобының жетекшiсi қалалық сайлау комиссиясына телефон шалғанда олар орталық сайлау комиссиясына сiлтеген.
- Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қуандық Тұрғанқұлов бiзге ешқандай дәйектi жауап берген жоқ, - дейдi Жанбота Қарашолақов.
Бұдан кейін, түске қарай, сайлау ережелерiнiң бұзылғаны туралы бақылаушылардан түскен хабарлар үдеп кеткен, мысалы, бiр ғана №85 сайлау учаскесiнен 28 акт тiркелген екен. Сайлау өткен күні дауыс беруге келген адамдарға сайлау бюллетендерiн бермей қою, кейбiр адамдардың басқа бiреулер үшiн дауыс беруi секiлдi сайлау заңын бұзу фактiлерi тiркелген.
Маслихат депутаттығынан үмiткер Людмила Костенко өзi сайлауға түскен Астана қаласындағы №2 сайлау округiндегi №7 сайлау учаскесiнде сайлау заңының өрескел бұрмаланғанын айтады.
- Дауыс беру басталардан 7 сағат бұрын бұл учаскеде алдын-ала дауыс бергендер жоқ болатын. Бiрақ, ертеңiнде таңертеңгi сағат 7-де сайлау комиссиясы 180 адамның алдын-ала дауыс берiп қойғаны туралы хабарлады. Бұл жайт бойынша дереу қалалық және орталық сайлау комиссияларына, заң орындарына хабарлағанымызбен олар бұны аяқсыз қалдырды, - дейдi үмiткер Л.Костенко.
Бұған дейiн Людмила Костенко Қазақстан парламентi мәжiлiсiнiң бiрiншi сайланымында депутаттық мандат үшiн күресiптi. Ол қазiргi сайлау жүйесiнде заң бұзу жағдайы бұрынғы кездегiмен салыстырғанда нашарлай түскенiн айтады.
Людмила секiлдi тағы бiр үміткер, 1999 жылы парламент мәжiлiсiнiң сайлауына үмiткер ретiнде қатысқан Тоты Елубаева бұл жолы қалалық маслихатқа өзi дауысқа түскен №21 сайлау округiндегi бiрнеше сайлау учаскесiнде жарамсыз бюллетендер санының көп шыққанына күдiкпен қарайды.
- Қандай жолдармен болсын, әйтеуір оппозицияны өткізбеу үшін биліктің мұндай заң бұзушылықтарға баруынан кейiн сайлаушылардың оларға деген сенiмi жоғалуы заңды, - дейдi Тоты.
Ал, Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дүйсен Рақымжанұлы дауыс беру кезiнде кемшiлiктердiң орын алғанын мойындағанымен, жалпы алғанда сайлау заңға сәйкес өттi деп санайды.
Дүйсен Рақымжанұлы, Сарыарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: - Өрескел қателіктер жоқ. Енді біраз арыздар бар, бірақ біз олардың барлығын тексеріп үлгерген жоқпыз, бүгін-ертең тексеретін боламыз.
«Сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комитеттің» атынан бақылаушы болып қатысқан Жанна Оңлашева сайлау комиссияғындағы адамдардың өз мiндеттерiн толық бiлмейтiндiгiн айтады.
- Олардың өзiмбiлемдiкке салуы сайлау тәртiбiнiң бұзылуына апарды, - дейдi бақылаушы Ж.Оңлашева.
Бақылаушылар бұл сайлауға жас азаматтардың онша мән бермегенiн, ал қарт адамдардың белсендi қатысқанын айтады. Бiз сайлау өткен күннiң ертеңiнде Астана тұрғындарының арасында жедел сауал өткiзген едiк.
Сәния, 29 жаста: - Баяғыда президентті сайлағанда дауыс бергенмін. Ал бұл сайлауға дауыс беруге бармадым. Себебі, үкіметке сенбеймін.
Шәмшия, 47 жаста: - Сайлауға қатысқан жоқпын.
Айтқабыл, 39 жаста: - Қазір өзің сайлайтын адамға сенудің өзі қиын боп кетті ғой, ешқандай сенім жоқ. Сондықтан дауыс беруге барған жоқпын.
Осы жолғы сайлау қатысты сауалнама “Азаттық” радиосының Интернеттегi сайтында да жүргiзiлген болатын. «Қазақстанда 20 қыркүйекте өткелі отырған жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау ашық та жариялы түрде жүргізіліп, халық қамын ойлаған қалаулылар мәслихаттан орын алады деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 74 пайызы «Жергілікті әкімдер кімді қаласа, солар ғана депутат болады» деп жауап берген.