Дүйсенбі күні БҰҰ-ы Бас ассамблеясының арнайы сессиясында оған мүше мемлекеттер ВИЧ/СПИД эпидемиясымен жаппай күресуге дайын екендіктерін тағы да қайталап мәлімдеді.
Мемлекет басшылары мен басқа да билік өкілдері Бас хатшы Кофи Аннанның СПИД-ке қарсы халықаралық күрес турасында жасаған баяндамасын тыңдап, талқылап, ғасыр індетіне қарсы өз елдерінде жасалып жатқан шараларды ортаға салды. БҰҰ-ның хабарламасында СПИД кеселі кең етек алып отырған Шығыс Европа мен Орта Азия аймағына айрықша көңіл бөлінген.
Әлем елдерінің жетекшілері БҰҰ-ның Бас ассамблеясының бұл сессиясында иммунитет жетіспушілігі –СПИД індетіне қарсы күрес деңгейінің төмендеп бара жатқанын қауіпті деп қарап, оған өз алаңдаушылықтарын танытқан. Жиналыс төрағасы Джулиан Роберт Хант Сент Лушиа БҰҰ-ның есебінде СПИД-пен қатар туберкулез, жұқпалы малерия сияқты ауыр дерт түрлерімен күрес жүргізетін Ғаламдық қордағы қаржы тапшылығы қолбайлау болатындығы жөнінде жазылғандығын айтты. Хант сондай-ақ , ВИЧ/СПИД-тің тек денсаулық сақтау саласының өзекті проблемасы емес, одан тереңірек, жан-жақты қарастырылатын адамзат дамуының проблемасы екендігін де айрықша атап көрсеткен:
- Біз иммунитет жетіспеушілігін іштен жұқтырып туатын балалардың санын азайтарлық қадамдар жасауымыз керек, СПИД жетімдері болмайтындай шаралар қолдану қажет, бір ғана 2002 жылдың өзінде ВИЧ жұқтырғандар саны әлемде 5 миллионға жеткен. Біз ВИЧ/СПИД дертіне шалдыққандарды қоғамнан аластауға, оларды кемсітуге жол бермей, түсіністікпен қарап, емдеудің нәтиже беретіндігіне сенімдерін арттыруға міндеттіміз.
АҚШ СПИД-пен күрес шараларын белгілейтін Ғаламдық қорға қажетті 4 м-рд 700 миллион доллардың 1м-рд 600 миллион долларын беріп, көмек етуге уәде еткен.
Бас ассамблеяға арнап сөйлеген сөзінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл иммунитет жетіспеушілігі дертіне шалдыққан адамдарға қоғамның үрке қарап, оларды масқаралайтын жайлардың кездесетіндігі турасында тоқталған.
- Өте бір үлкен қауіп-қатер ретінде СПИД-пен ауыратындарды адам қатарына санамай, оларды төмендететіндер кездеседі. Адамдардың білім-деректері жетіспейтін жерде түрлі вирустар мен микробтар көлеңкеде қалып, олардың дамуына кең жол ашылады. Көптеген қоғамдық қайраткерлер жұқпалы кеселмен ауыратын адамдарға қатыгездікпен емес, жанашырлықпен қарау керек деген бағытта ақпараттар таратуда, - деген Колин Пауелл.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан ВИЧ/СПИД індеті жайылған елдердің үштен бірінде бұл қауіп-қатермен күрестің өзіндік стратегиясы түзілмеген, заңдық тараптан қорғау шарттары жасалмаған деп атап көрсеткен Бас ассамблеяның жиналысы алдында.
Украина президенті Леонид Кучма арнайы сессияға қатысушыларға қаратып, өз елінде бұл дертке шалдыққандар деп ресми тіркелгендер саны 57 мыңнан асатындығын, үкіметтің бұл салада шаралар қолданып жатқандығын айтқан. Ал Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев та аталған конференцияда Қазақстан елінде иммунитет жетіспеушілігі –СПИД тәрізді жұқпалы кеселдің кең етек алуына қарсы күресте кейінгі жылдары бірқатар алға жылжушылық бар екендігін атап көрсеткенімен, бұрынғыдай бұл істе ең басты кедергі -қорлардың, қаржының жетіспеушілігі қолбайлау болатындығын айтып өткен.
- ВИЧ/СПИД-пен күрес шаралары Қазақстан дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында айқындалған. Негізгі үкіметтік агенттіктер бұл бағдарламаны егжей-тегжейлі қарастырып, қаржылық көздерінің мүмкіндіктерін іздестіріп, жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте биліктің үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен жақын әріптестік жағдайында істер атқаруы аталған проблеманы жеңуде, эпидемияның елдің ішінде кең таралуына жол бермей, оған тұсау салуға кепілдік береді, - деген Қасымжомарт Тоқаев.
БҰҰ-ның хабарламасында көптеген негізгі сауалдарға жауап жоқ дегенімен де, бірқатар елдерде СПИД-пен күрес шараларында алға басушылық бар екендігін атап көрсетіледі. Арнайы сессияда қаралған 100-ден астам мемелекеттің ішінде 93 процентінде ұлттық стратегиялық бағдарламасы болса, 88 процентінің бұл тұрғыдағы түсінік-насихат жұмыстарын БАҚ-ы арқылы кең өрсітете түскендігі айтылады.