Қырғызстан президенті Асқар Ақаев өз елі мен Ресей арасындағы жақын қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты әрдайым жақтап келеді.
Ол Мәскеуге сапары барысында Қырғызстан АҚШ бастаған Ауғанстандағы террорға қарсы халықаралық коалицияға өзінің әуебазаларын бергенінен бастап, Ресей әскерилерінің Ұжымдық қауіпсіздік келісім қолдауымен Қырғызстанға келгендігінен мүдделердің қайшылығын көріп тұрмағанын айтқан. Ақаев сондай-ақ Ресейдің Орталық Азияға ықпалын төмендету турасындағы күш-жігерлер нәтиже бермейтін болады деп атап көрсеткен.
Қырғыз президенті Асқар Ақаев Қырғызстан мен Ресейдің арасындағы барлық саладағы- саясат пен әскери және экономикалық, мәдени саладағы ынтымақтастық, қарым-қатынастарды жақтап, оған қолдау көрсету бағытын ұстанады. Мұндай ынтымақтастықты қажет ететіндіктерін Ақаевтың Мәскеуде болған кезінде Ресей шенеуніктері де байқатты.
Қырғыз президентінің Мәскеуге бұл жолғы сапарының негізгі себебі -Ресейдегі Қырғыз мәдениетінің күндері болатын, оны Ақаев Үлкен театрда ашты.
- Бүгінде Қырғызстан үшін әлемде Ресейден қымбат та жақын болып табылатын ел жоқ. Сіздер Қырғызстандағы отандастарыңыздың тағдыры үшін алаңдамасаңыздар болады деп мәлімдей аламын, олардың тілдік, мәдениеттік сұраныстары барлық уақытта қанағаттандырылып келеді, ал олардың хұқтары біздің Конститутциямызда берік қорғалған, - деп атап көрсетті Асқар Ақаев.
Дегенмен де мәдени байланыстар Қырғызстанның солтүстігіндегі Кант әуебазасын Ресейдің иеленуі жөніндегі екіжақты келісімнің көлеңкесінде қалып қойды деуге болады. Осы қол қою рәсімінен кейін Ақаев журналистер алдында "Бұл Ресейдің Қырғызстанда ғана емес, соңғы жылдары жаңа қауіптерге кездесіп отырған бүкіл Орта Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды ролін көрсететіндігіне сенімім мол" деген.
Ал Ресейдің қорғаныс министрі Иванов бұл Ресейдің ұлттық мүддесі мен Орта Азия елдерінің қауіпсіздік мүдделеріне сай келеді деп айтқан:
- Біздің Канттағы әуебазасын ашып отырғанымыз әрине кездейсоқтық емес, өзіміздің ұлттық мүддемізге және жақын одақтастарымыздың қауіпсіздігіне байланысты, Орта Азия тұрақты, бірақ күрделі аймақ, сондықтан да онда Ресей әскерилерінің орналасуы қажеттілік, - дейді Иванов.
Канттағы әуебазасы жөніндегі келісім Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының шұғыл қимыл топтарын орналастырудың бір бөлігі.
Ресей президенті Вл.Путин де Кант әуебазасының ашылуы Ресейдің Орта Азияда болуын ұлғайтудың бірінші қадамы болды деп атап көрсеткен.
Ал Қырғыздың оппозициялық Ар-намыс партиясының түрмеде отырған жетекшісі Феликс Кулов Ресей әскерилерінің Кант әуебазасына орналасуына сыни пікір айтып, бұл Қырғызстанның қауіпсіздігне ешбір қатысы жоқ, Маскеудің саяси қимылдарының бірі деп атап көрсеткен. Ол егер орыстар шынымен де қауіпсіздікті ойлаған болса, онда Қырғызстанның оңтүстігіне орналасқан болар еді дейді.
Орта Азия қауіпсіздігінің мәселелері жөніндегі батыстық талдаушы Алекс Ватанка да Кант базасының тиімді болатындығына күмәнмен қарайды.
- Ресей әскерилерінің Қырғызстанда орналасуы турасындағы келісімге келер болсақ, менің ойымша бұл осыған дейінгі олардың мұнда болу процесін толықтыра түсу үшін жасалған қадам. Бірақ бұл арада ешқандай құрылыстың жүріп жатқанын біз байқаған жоқпыз. Бұл Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты жақсы екендігін көрсетуге бағытталған кезекті әрекеттер болуы да мүмкін, - дейді талдаушы.
Ватанка мұнымен қатар Ресейдің Кант әуебазасын пайдалануы АҚШ-тың Манас ауебазасында қанша уақытқа тұратынымен тығыз байланысты болады деген пікір айтқан. Ал Маскеудегі Ресей әскерилерінің сарапшысы Павел Фелгенхауер де Қырғызстандағы бұл әуебазасының Ресейдің керегіне жарайтындығына сенімсіздікпен қарайды.