Дәриға мен Гүлнараның тірлігі Орталық Азияда астары белгісіз саяси күштің пайда болғанын көрсетті
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дәриғаның "Асар" партиясын құра бастағаны саяси сахнаға астары белгісіз саяси күштің шыққанын бейнеледі. Дәл осы кезеңде көршілес Өзбекстанда президент Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнара дербес саяси әрекетін бастады. Дәриға мен Гүлнараның тірлігі Орталық Азиядағы бұрынғы коммунистік басшылардың билік басында қалудың жаңа да көне әдісін жаңғыртқандай.
Қырық бір жасар Дәриға Назарбаеваның "Асар" партиясын құрамын дегенін саяси талдаушылар бір жағынан оппозицияға қауіп төндіретін жаңаша құбылыс десе, екінші жағынан президенттің отбасы амалсыздан барған қадам дейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ресми түрде төрағасы атанған "Отан" партиясы күйлі емес, бәйгеге үнемі көтерем халінде қосылады, межеге әупіріммен жетеді. Сондықтан Назарбаев қоғамдық өмірде жігер танытқан қызы Дәриғаны алға шығарды дейді "Қазақстан демократиялық таңдауы" деген оппозициялық ұйым басшыларының бірі Петр Своик.
Мұндай сарындағы пікірді американдық ғалым, қазақстантанушы Стив Сейбол да айтып отыр. Стив Сейбол - Солтүстік Каролина университетінің профессоры. "Азаттық" радиосының тілшісі Брюс Панниерге берген сұхбатында Стив Сейбол дербес саясаткер ретінде шарықтауына Дәриғаның мүмкіншілігі өте мол дейді:
- Президент Назарбаевқа жақын адамдардың қолына билікті шоғырландыру әрекетін табиғи құбылыс деп танимын. Дәриға Назарбаева айтқандай, ол жаңа әлеуметтік топ құрады, сөйтіп кедей жұртқа көмектескендей болады. Бұл ықпал әкелетін жағдай. Содан кейін басқа партиялардағыдай Дәриға парламентке жол ашатын саяси негіз қалайды. Дәриға парламент басшылығына келіп, тез көтеріледі. Бұған күмән жоқ.
Ондай болса Дәриға Назарбаева "Қазақгейт" шатағынан бойын алыстауға мүдделі болуы мүмкін. "Қазақгейт" дегеніміз – Америка Құрама Штаттарында Қазақстандағы парақорлық жөнінде жүріп жатқан сот тергеуі. Бұл аса үлкен шатақ бойынша сотқа тартылған екі американдық кәсіпкердің біреуі Брайан Уильямс өткен аптада сотталды, істі деп танылып, 3 жыл 10 айға қамалды. Брайан Уильямс оңай құтылды деп есептеледі, себебі ол қылмыстарын мойындады, сотқа көптеген мәлімет берді. Екінші сотқа президент Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Джеймс Гиффен тартылып отыр.
Соңғы кезеңде Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнараның да тасы өрге домалай бастады. Отыз бір жасар Гүлнараның төңірегінде соңғы айларда бірнеше халықаралық шатақ бұрқ ете түскен-ді. "Файненшл таймс" газеті 18 тамыз күні Гүлнараның заңсыз байығанын, ел қаражатын сыртқа тасып жатқанын баяндады. Енді міне Гүлнара Ресейдегі елшінің кеңесшісі ретінде Мәскеуге тағайындалды. Өзбек талдаушысы Бақодыр Шығатой мұны саяси өсудің жолы деп бағалайды:
- Гүлнара Кәрімова Ресейдегі елшілікке жөнелтіліп, біраз уақыттан соң елші дәрежесіне көтерілетіні хақ. 2005 жылы ол сыртқы істер министрі болады. Ал 2007 жылы президент не болмаса бас министр боп шыға келеді.
Бақодыр Шығатойға қарағанда оппозициялық "Ерік" партиясының төрағасы Атаназар Арифов Гүлнараның өсуіне күмәнмен қарайды. Президенттің қызының тірлігінен ел басындағы топтың сыбайласқан жемқорлыққа әбден салынғанын, бұл биліктің құлдырай бастағанын көремін дейді Атаназар Арифов.