Алматыда Британия волонтерлері қызметінің Қазақстандағы жұмысына байланысты семинар-конференция болып өтті.
Қыркүйектің 25 –і күні Алматыдағы Қазақстандағы Британия елшілігінің ұйымдастыруымен британиялық `VSO` - яғни волонтер – еріктілер қызметінің Қазақстанда істеген жұмысы және алдағы жоспары туралы семинар-конференция болып өтті.
Оған Қазақстандағы бірқатар елшіліктердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ британиялық еріктілер қызметімен бірлесіп жұмыс істейтін Қазақстанның бірқатар қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері және БАҚ - өкілдері қатысты.
Семинарды ашқан британиялық `VSO` қызметінің Қазақстандағы бағдарламасының директоры Шеймас Беннет өз сөзінде осы ұйымның Қазақстанда 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандығын, негізгі мақсаты - кедейлікпен және қоғамдағы түрлі проблемалармен күресу екендігін айтты. Қазақстанда осы ұйымның 20 дай волонтер-еріктілері 5 облыста жұмыс істейді. Олар жергілікті әкімшілік және жергілікті бейресми ұйымдармен бірлесіп СПИД ауруына қарсы күрес бағдарламасын жүргізуде. Сондай-ақ экотуризм саласына да үлкен ден қойып отыр.
Волонтер-еріктілерге қаржыны Британия үкіметі береді. Бір волонтерге бір жылға шамамен 15 мың доллардың қаржысы жұмсалатын көрінеді.