Таяқтың екiншi ұшы Айдостың қоғамдық қорғаушысы Жасарал Қуанышәлiге сiлтене бастаған тәрiздi.
Тағдыр тәлкегiне түскен ақтөбелiк оппозиционер Айдос Садықовтың анасы Мәншүк Ысқақованың мемлекет басшысына және басқа да бiрқатар жоғарғы лауазым иелерiне жолдаған мәлiмдемесiне қарағанда, таяқтың екiншi ұшы Айдостың қоғамдық қорғаушысы Жасарал Қуанышәлiге сiлтене бастаған тәрiздi.
Өткен аптада Навигатор интернет-газетiнде жарық көрген мәлiмдеме: «Менiң балам - Айдос Садықов бiр жылдан астам уақыт бойы ерлi-зайыпты Қуанышәлиндердiң тiкелей ықпалында», - деген сөздермен басталып, оған ара түсу сұралады. Ал қыркүйектiң 25-i күнi облыстық «Актюбинске вести» газетiне берген сұхбатында Мәншүк Ысқақова баласы Айдостың өсиет жазып, оны өлгеннен кейiн жариялау туралы өтiнiш жасағанын айтқан. Орыс тiлiнде жазылған бұл сұхбат сол күнi «Баламды жарға жығатын «қамқорлықтың» керегi жоқ» деген тақырыппен облыстық «Ақтөбе» газетiне аударылып басылған. Тоқ етерiн айтқанда, Жасарал Қуанышәлi мен Айсұлу Қадырбаева Айдостың жүйкесiн тоздырып, өзiне қол салатындай жағдайға жеткiзiп отырған болып шығады.
Жасарал Қуанышәлi болса, мұны өзiне және зайыбы Айсұлу Қадырбаеваға облыс әкiмi ұйымдастырған қайскөйлiк деп бiледi. Ол бұл туралы қыркүйектiң 26-сы күнi Навигаторда жарық көрген мақаласында айтқан. Мақаланың тақырыбын еркiн аударғанда; «Ермек Имантаев маған қастандық ұйымдастыруда. Мәншүк Ысқақованың мәлiмдемесi оның ұлы Айдостың қазасына соқтыруы мүмкiн» деп нұсқалауға болады. Ал шытырманы көп бұл уақиға Айдос Садықовтың облыс әкiмi Ермек Имантаевты қылмыстық ортамен байланысы бар лауазым иелерiнiң қуыршағына айналып отыр деген айыптау мақаласынан басталады. “Азаттық” радиосының тыңдармандары өткен қыста Айдостың үстiнен 1998 жылы бiр даяшыға шанышқы лақтырған деген айыппен қылмыстық iс қозғалғанынан хабардар болса керек. Одан жүйке аурулары диспансерiне күштеп жатқызылып, қоғамға қауiптi адам деген атақ алып шыққан Айдос Садықов содан берi сот шырғалаңынан шыға алмай келедi. “Кезiнде Айдос Садықовты қорғау комитетi құрылып, оған ара түспегенде Айдосытың қазiргi күнiне зар болып қалуы мүмкiн едi”, - дейдi қоғамдық қорғаушы Жасарал Қуанышәлi.
Ал Айсұлу Қадырбаева: “Өкiнiшке қарай, Мәншүк Ысқақованың мәлiмдемесi Айдоспен байланысымызды үзуге мәжбүр етiп отыр. Көрмейсiз бе, Айдос әлдебiр себеппен қайғылы жағдайға ұшыраса да бiздi кiнәлi қылып шығармақ», - дейдi.
Атырауда шығатын «Алтын ғасыр» атты тәуелсiз газеттiң жазуына қарағанда, облыстық әкiмдiк «балаңа жайлы қызмет, өзiңе жаңа пәтер» деген уәденi үйiп-төгiп, Мәншүк Ысқақованың қолымен от көсеуге барын салуда. Сөйтiп, Ысқақова қыркүйектiң 16-сы күнi облыстық әкiмдiкте өткен баспасөз мәслихатында Жасарал Қуанышәлiнi айыптау хатын оқып беруге тиiс болған. Бiрақ, бас тартқандықтан, хатты Төлеген Бөлек деген заңгер оқыған. Жасарал Қуанышәлi ол хатты да билiк басындағылардың туындысы деп бiледi.
Баспасөз мәслихатының алдында Ақтөбе облыстық әкiмдiгiнде Мәншүк Ысқақова арқылы Жасарал Қуанышәлiнi қаралау жоспарын жасауға белсене қатысқан Бағила Қуатовадан мәселенiң мән-жайын сұраған едiк. Айтуынша, Жасарал Қуанышәлiнiң Айдос Садықов сияқтыларды пайдаланып, саяси ұпай жинамақ болып жүргенi Қуатова ханымның жүйкесiне тиетiн көрiнедi. Өйткенi, Айдос Садықов пен жер сатуға қарсы шыққанға дейiн Ақтөбедегi Жұбанов атындағы университеттiң оқытушысы болған Ерболат Сатыпалды сияқтылар, Қуатованың сөзiмен айтқанда; «сүрiнген, қақалған-шашалған адамдар». Ең қызығы сол, Қуатова ханым жоғарыда сөз болған баспасөз мәслихаты өтетiн күнi Айдосқа телефон арқылы «алтыным менiң!» деп тiл қатып, Жасарал Қуанышәлiмен байланысыңды үзсең басың азат болады деген ақыл-кеңес бередi. /Көшiрмесi архивте сақтаулы/ Жарты сағатқа сөзылған әңгiме барысында облыс басшылығының Айдостың iсiн жабуға, арнайы көлiгiмен қоса 30 мың теңгенiң қызметiн беруге, тағысын тағы жақсылықтар жасауға дайын екенiн жеткiзедi. Жасарал Қуанышәлiнi қаралау үшiн баспасөз мәслихатына келуiн сұрайды.
Бағила Қуатова - тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымның жеткешiсi. Демек, облыстық әкiмдiкке де, Садықов пен Қуанышәлiнiң мәселесiне де еш қатысы жоқ адам.
Жасарал Қуанышәлi тамыздың 1-i күнi Н.Назарбаевтың саясатына қарсы ашық оппозицияға шыққан болатын. Ал қыркүйектiң 8-i күнi Ақтөбе облысының әкiмi Ермек Имантаевты адам құқықтарын аяққа таптауда деп айыптаған-ды. Содан берi үстiмнен екi рет әкiмшiлiк iс қозғалып, ендi, мiне осы уақытқа дейiн қуғандалып келген Айдостың тағдырына, мүмкiн одан да зорғыға бiздi жауапты қылмақ, - дейдi Жасарал Қуанышәлi.