Америка Құрама Штаттарында дүйсенбі күні үш ірі кәсіпкерге қарсы сот тергеулері басталды.
Белгілі компаниялардың басшылары Американың бизнес мәдениетін бұзды, қыруар қаржыны ысырап қылды деп айыпталды. Дегенмен, кейбір талдаушылар бұл сот тергеулерін боямашы құбылыс ретінде бағалап отыр. Басқалары болса АҚШ үкіметі жеке компаниялардағы алаяқтықтарға біржолата тосқауыл қоймақшы дейді.
Белгілі бизнесмендер Деннис Козловский және Марк Шварцтардың тұтқындалып, телекамералардың алдында кісенделгені американдық қауымға ерекше көрінді. Кейбір бақылаушылар бұл кәсіпкерлер соншалықты қауіпті емес, әділет министрлігі бостан босқа шу шығарды дейді. Деннис Козловский – "Тусо" компаниясының бұрыңғы атқарушы директоры, шатақ алғаш шыққанда ол былтыр қызметінен кетіп қалған. Ол компанияның ақшасын оңды соңды шашты, 21 мың долларға көне жәдігерліктерді алды, 2 миллион долларға Италияның Сардиния аралында әйелінің тұған күнін тойлады деп айыпталды.
"Тусо" компаниясының бұрыңғы қаржы директоры Марк Шварц ақша жымқырды, Деннис Козловский екеуі компанияның аудиторларын және директорлар кеңесін ескертпей қаражат жұмсады деп айыпталды. Екі менеджер ұзын саны 84 миллион долларды ысырап қылды делінеді. Сот Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр.
Нью-Йорктегі тағы бір атышулы сот тергеуіне банк қызметкері Френк Куатронне тартылды. Ол 1990-шы жылдары "Кредит Сюизс Ферс Бостон" халықаралық банкінің ондаған миллион доллар тапқан. АҚШ үкіметі , сол сияқты, банк қызметкерлері кейбір инвесторлардың пайдасын қолдан жасап отырды, бұл жөніндегі құжаттарды жойып, тергеуге кедергі жасады дейді. Деннис Козловский мен Марк Шварцтардың кінәсы толық дәлелденсе - олардың әр қайсысы 30 жылға дейін кесіледі. Френк Куатронненің 25 жылға дейін қамалуы ықтимал. Мұндай жазаның өзі АҚШ-тың бизнес қалмыстарына қатысты соттарда бұрын-соңды көп қолданылмайтын.
Кеңсе қылмыскерлері қатардағы қылмыскерлермен тең дәрежеде жаза шеккені жөн, дейді Вашингтонда орналасқан Джордж Вашингтон университетінің заң профессоры Лоуренс Митчелл:
- Бизнес қылмыскерлері соттала қойса да үш жыл- бес жыл аралығында бас бостандығынан айырылатын. Отыз жылға абақтыға отыру қаупі бұлардың қылмыстарына тосқауыл болады деп сенемін. Отыз жыл дегеніңіз – бұл азаматтардың өмірлерінің негізгі кезеңі.
Қаржы қылмыстары үшін сотталғандар АҚШ-та әдетте орта деңгейде күзетілетін не болмаса жеңіл деңгейде күзетілетін, тәртібі баяу абақтыларда жазасын өтейді. Біраз заңгерлер мұны доғару керек дейді, қаржы қылмыскерлерінің жазасын қиындату керек дейді. Вашингтонда орналасқан Американ университетінің заң профессоры Герман Шварц мұнымен келіспейді:
- Әрине, олардың жазасы қысқа болса жөн. Олар ешкімді өлтірген емес. 25 жыл, 30 жыл деген кісі өлтіргендерге кесілетін жаза. 25 жыл, 30 жыл дейсіз бе? Бұл – өмірлік мерзім, әсіресе ұсталғанның жасы 40-та не 50-де болса. Ондай азамат онда абақтыға өлуге барады деген сөз.
Жеке компаниялардың іші сыртындағы қаржы қылмыстарына осығанға шейін АҚШ қоғамының назары көп аударылған жоқ. Экономикалық дағдарыстың әсерінен болса керек "ақжағалылар" деп аталған бизнес топтың қылмыстары "қарабайыр" қылмыстармен тең сөгіле басталды.