Осы аптаның басынан бері Астана қаласындағы ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан он шақты адамның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы суыт хабар тарады. Қазақстанның әділет министрі Оңалсын Жұмабеков тұтқындағылардың мұндай әрекетін заңсыз деп бағалады.
Түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындардың туған-туыстарына айтуынша, өзіне-өзі қол салу оқиғалары жексенбі күні басталған. Сол күні Максим есімді жігіттің өткір затпен өз алқымын орып, қарнын тіліп тастаған соң, оған қоса тағы бірнеше адамның өздерін жарақаттағаны туралы суыт хабар жеткен. Бірақ та, келесі күні жағдайды білмекке осы мекемеге келген журналистер мен адам құқын қорғаушы ұйымдардың өкілдеріне мекеме әкімшілігінен ешқандай жауап болмаған. Мәлім болып отырғанындай соңғы үш күннің ішінде ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде өзіне-өзі қол салғандардың жалпы саны он адамға жеткен. Бұл туралы білмек болғанымызда, ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің әкімшілігі мен Қазақстанның әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесіндегілер басшылықтың келісімінсіз бізге ақпарат беруден бас тартты.
Осы оқиғаға байланысты сәрсенбі күні Азаттық радиосының тілшісіне берген сұқбатында Қазақстанның әділет министрі Оңалсын Жұмабеков мырза мынадай түсініктеме берді:
- Бірқатар жазасын өтеп жатқан адамдар өздеріне жарақат салған, осылайша олар осы мекемедегі жазаны өтеу тәртібімен келіспей, қарсылық білдірген. Түзеу мекемесінің қызметкерлері жедел шаралар өткізген кезде осы жазасын өтеп жатқандардың кейбіреуінен 6 қол (мобиль) телефонын, спирттік ішімдіктер тауып алған. Міне, осыған келіспеген жаңағы қамаудағы азаматтар «бізді неге тінтеді» деп шу шығарған. Олардың бұл әрекеті заңсыз. Жаңағы жарақаттанған адамдарға медициналық көмек көрсетілді, олардың арасында ешқандай ауыр жарақаттылар жоқ.
Әділет министрі қамау орнындағылардан қол телефоны мен спирттік ішімдіктің табылуына байланысты қазіргі уақытта қызметтік тергеу-тексерулердің жүріп жатқанын айтты.
Ал, кейбір көздерден алынған мәліметке қарағанда, түзеу мекемесіндегі оқиғаның шығуына осы мекеме әкімшілігінің қамауда отырғандардың арасындағы қылмыс әлеміне танымал кәнігі қылмыскерлерді бұл жерден басқа жаққа әкетіп, осы түзеу мекемесін «қызыл зонаға» айналдыру, яғни, мұнда әкімшіліктің темірдей тәртібін орнату әрекеті себеп болған. Осындай мақсатпен ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінен тергеу абақтысына апарылған 5 адамның 4-уі алдыңғы он адам секілді өз-өзіне қол жұмсағаны мәлім болып отыр.
Тұтқындағылардың өз-өзіне қол салуы Қазақстанның қамау орындарында жиі қайталанып отыратын көріністердің бірі. Елдегі адам құқын қорғаушы ұйым өкілдері республиканың қамау мекемелер жүйесіне қоғамдық бақылау орнату қажеттігін айтып жүр. Олар бұл туралы арнайы заң қабылдануы керек деп санайды.
Халықаралық ұйымдардың деректері бойынша қазіргі таңда Қазақстанның қамау орындарындағы тұтқындардың саны 65 мыңнан асады. Яғни, әрбір 100 мың адамға шыққанда қамауда отырғандар саны жағынан Қазақстан әлемде алтыншы орында тұр.