Қазанның 9-ы дүниежүзілік почта күні. Дәл осы күні Қазақстан почтасына да 10 жыл толып отыр.
Осы екі айтулы оқиғаға байланысты қазанның 9 –ы күні Алматыда Қазақстан почтасының басшылары БАҚ өкілдері алдында баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатында Қазақстан Почтасының президенті Аркен Арыстанов Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң 1992-ші жылы Дүниежүзілік Почта ұйымына мүше болып ілескендігін ҚазПочтаның тарихы содан басталғандығын айтты.
ҚазПочтаның құрылғандығының 10 жыл толу мерейтойына қатысуға келген Ресей Почтасының бас директорының орынбасары Дмитрий Марков қазақстандық почташыларды 10 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол өз сөзінде, «Ресей почтасының өз саласында реформа жүргізгеніне небәрі бір ақ жылдың болғандығын бұл салада ҚазПочтаның алда келе жатқандығын біздің одан үйренер нәрсеміз көп» деді. ҚазПочтаның кәсіподағы ұйымының төрағасы Әлібек Жазықбаевтың айтуынша ҚазПочта саласында 17 мыңдай адам жұмыс істейді. Қазпочтаның 20 филиалы, 20 қалалық байланыс торабы, 615 қалалық почта бөлімшелері және 2775 аудандық почта бөлімшелері бар.