Париждің маңайындағы мектептердің бірінен екі қыз бала бастарына мұсылмандық салтпен орамал салып жүргендері үшін оқудан шығарылған.
Бірақ қоғамдық мектептердегі бұлайша орамал салып жүретін ескіден келе жатқан әдет мемлекет пен дін арасындағы жалғыз ғана көзқарас айырмашалығы мен пікір қайшылығы болып тұр ма, міне бұл жағы күмәнді деген Азаттық радиосының тілшісі өзінің талдау хабарында осы сауалға жауап іздейді.
Апалы-сіңлілі екі француз қызы 18 жастағы Лила мен 16 жасар Альма Левай үстеріндегі дәстүрлі мұсылмандық киімдерін шешкілері келмегендіктен, қыркүйек айының аяқ кезінде Париждің солтүстік жағындағы оқып жатқан мектептерінен уақытша шеттетілген. Мектеп басқармасының тәртіптік жиналысы француз мектептерінде діни ерекшелікті айғақтап, көрсететін киім киіп жүру салтына тиым салатын кодекске бағынбай қойғандықтан да, ол екі студентті мектептен аластау жөнінде жұма жүні шешім қабылдаған.
Ағайынды екі қыз Лила мен Альма беттерінен басқа жерін көрсетпейтіндей етіп, бастарын бүркеген орамал салып,үстеріне ұзын көйлек киіп жүреді. Олар өздерінің діни сенімдерін ерекшелеп көрсетіп жүруге ұмтылмағандықтарын айтады. Өзін атеист еврей өкілі деп атаған қыздардың әкесі мектеп басқармасының бұл шешімін расистік оқшаулау деп санайтындығын айтып, шағымданатындығын білдірді. Париждегі Адам хұқтары лигасының президенті Мишел Тубиана мектеп басшылығының шешімін былайша суреттейді:
- Бұл жас қыздар біздің бәріміз үшін де елеулі болып табылатын жайттарды сақтап келген. Мектепте бастарына орамал салып жүрудің көзге жақсы көрінбейтін жағымсыз жайт екендігіне қарамастан, бұл олардың өз ерікті істері. Менің ойымша қыздарды мектептен шығару жөнінде шешім қабылдағандар республиканың оқу жүйесіне сәйкес нақты білім беру басты міндеттері екендігін ұмытқан болу керек.
Мұсылман әйелдерінің бастарына орамал салуы немесе араб тілінде "хижаб" деп аталатын бұл бас киім Францияда басты мәселеге айналып барады. Расизмге қарсылық және халықтар арасындағы достық үшін қозғалысынң басшысы Моулоуд Аоунит қыздардың мектептен қуылуы қазір Францияда жаппай белең алып тұрған Исламофобияны демек, Исламнан үркіп, қорқушылықты көрсетететін айқын белгі. Лила мен Алма Ислам радикалдары емес қой дегенді айтады ол.
Алайда, Франс Пресс агенттігі мектептің ағартушы адвокаты Реми Дулокуиннің екі қызды белсенді жауынгер тәрізді суреттегенін және олардың мектепте болуы мұндағы балансты бұзады деп айтқан сөздерін келтірген. Мектепте негізінен мұсылман эммигранттарының балалары оқиды. Мұнда басқа да 15-тей қыз бастарына орамал салып жүреді, бірақ та үстеріне ұзын туника көйлек кимейді екен.
Париждегі Антисемитизм мен расизмге қарсы халықаралық лиганың бірінші вице-президенті Ричард Сереро былай деп атап көрсетеді:
- Антисемитизм мен расизмге қарсы халықаралық лиганың атеистік талап ережелері барлық жерде бірдей сақталуы керек. Одан ешқандай ауытқу болмауы керек. Мектепте басты жауып жүруге жол берілмейді. Мұнда ешбір діни белгі байқалмауы тиіс. Бұл өте анық та айқын.
Дегенмен де бүкіл ел ішіндегі мектептерде іс жүзінде аталған ережелерді сақтауды әрқайсысы өздерінше шешеді. Бұдан бұрын да бастарын орап жауып жүретін мұсылман қыздарын мектептен қуу жағдайлары кездескен, бірақ та осы соңғы жағдай Францияның ұлттық комиссиясының ерекше назарын аударды. Аталған топ жыл аяғында Француз президенті Жак Ширакқа бұл жөнінде хабар беретін болады. Неғұрлым қатаңдау заңдарды жақтаушы кейбір қорғаушылар орамал турасындағы бұл жайттерді араздық туғызу көрінісі ретінде қабылдауда. Францияның ұлттық жиналысындағы биліктегі консервативті коалицияның мүшесі Жак Миард былай дейді:
- Біздің мектептерде жүздеген жыл бойына ешбір дін ағымының ерекшелігі байқалмаған болатын. Бұл соңғы бірнеше жылдарда ғана пайда болды, ол мұсылмандардың өздерінің мұсылман екендігін ерекшелеп көрсету мақсатынан туған.
Алайда Адам хұқтары лигасының өкілі Мишел Тубиана Францияның заңдарын қаталдата түсуі - оның Конститутциясы мен діндер еркіндігін сақтап, қорғаймыз деген халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді деп атап көрсетеді.
Франция дәстүрлі рим-католик мемлекеті, ол Европадағы ең көп деген мұсылман азшылығы тұратын ел, мұнда шамамен 5 миллиондай дінге табынушылар бар.