Ресей Арменияның экономикалық және саяси тірлігіне үнемі ықпал жасап келе жатқаны белгілі. Алайда, президент Владимир Путинның өткен аптада істеген қимылын ешкім күтпеген еді.
Путин Мәскеуде өтіп жатқан армян диаспорасының жиынына аяқ астынан келіп, жылы ниетте сөз айтты. Мәскеуде Дүниежүзілік армян ұйымының құрылтайы өтіп жатқан болатын. Сөйтіп, Путин Ресейдегі ең үлкен ұлттық топ пен Армения мемлекетіне қолғабыс жасайтынын көрсетті.
Ресейде шамамен 2,5 миллион армян жасап жатыр. Бұл Арменияның сыртындағы ең үлкен диаспора. Америка Құрама Штаттарындағы армяндардың саны 1 милионға жуық. "Азаттық" радиосына сараптама жасаған мәскеулік "Панорама" талдау орталығының директоры Владимир Прибыловский армяндардың сөз салушы адамдарының құдіреті өте күшті, президент Путин оларға құлақ асып, өз саяси есебін жасап отыр дейді. Путинге шейін Армян диапорасына Ресейдің кейбір басшылары ғана қолқа салды. Путин болса Дүниежүзілік армян ұйымының құрылтайында Бірінші Петр патшаны ауызға алып, Ресей мен Арменияны 300 жыл бұрын осы патшамыз табыстырған деп сілтеді. Талдаушы Владимир Прибыловскийдің пайымдауынша, президент Путин армян және еврей қауымдастықтарының көшбасшыларын жақындатып, өз ұпайын көбейтпекші:
- Армян және еврей қауымдастықтарының сөз салушы лобби топтарының мүмкіншіліктері әдетте мол. Олардың ұйымшылдығы өте күшті, басқа ұлттық топтарға қарағанда олардың қолынан көп іс келеді. Путин оларға жүгініп, өз білгенін істемекші.
Ресей армяндарының жаңа ұйым құрғаны Армения президенті Роберт Кочарянның сапарына орайластырылды. Путин тәңертен Кочарянды қабылдап еді, соңыра таман армяндардың жиынына келіп, жылы сөз сөйледі. Армян диаспорасының атсалысуы Ресей-Армян іскерілік серіктестігіне сай өседі деп үміттенемін деді президент Путин.
Армения мен Ресейдің экономикалық қатынасы сыртқы қарыз мәселесімен ерекше. Армения Ресейге Совет заманынан бері 100 миллион доллар берешек. Армения қарызын қолма-қол өтей алмайтын жағдайда. Қарыз мәселесі талқылана-талқылана Ресей компанияларының Армениядағы үлесінің өсуіне ұласты. Арменияның электр қуат өндірісінің 50 процентін қазір Ресей бақылайды. Ресейдің "Газпром" және "Итера" компаниялары Арменияның газ саудасына қолдарына тиген акциялар арқылы ықпал жүргізіп отыр.
Карнеги қорының сарапшысы Дмитрий Тенин президент Путин армян жиынында төбе көрсетіп, Ресейдің тек экономикалық емес, стратегиялық саяси мүдделерін де көздеп отыр дейді:
- Оңтүстік Кавказдағы жағдай қиындап келеді. Грузия тұрақтылығы бұзылып келеді, Әзірбайжандағы жағдай шайқалуға бара жатыр. Арменияның жағдайы бұларға қарағанда тыныштау, оның үстіне Арменияның Мәскеумен қатынасы жақсы. Арменияда Ресей әскері қоныстанып тұрғаны тағы бар. Мұның барлығы Арменияның Ресей алдындағы маңыздылығын арттырып отыр.
Армяндардың Мәскеудегі құрылтайын Ара Абрамян деген ықпалды миллионер қаржыландырды. Өмір жолын С овет әскери өндірісінде бастаған Ара Абрамян асыл тастардың саудасымен айналысып, тез арада миллионерге, әлбетте доллармен өлшегендегі миллионерге, айналды. Ара Абрамян - Ресей армяндарының басшысы. Ресей мен Арменияның қарым-қатынасына оның ықпалы өте мол. Ара Абрамян 1990 жылдары Кремлдің қайта жөндеу шаруаларына көмектескен, Кремлдің кеңселеріне қатысты талай шаруаға атсалысқан. Ара Абрамян ЮНЕСКО халықаралық мәдениет ұйымының ізгі ниет елшісі дәрежесіне қол жеткізген тұлға.