БҰҰ Ауғанстандағы шамамен 100 мыңдай қарулы жасақтарды қарусыздандыру бағдарламасын осы аптада жүзеге асырыла бастамақ. Алдағы жұма күні осы бағдарламаға сәйкес Ауғанстанның Құндыз өлкесінде 1 мыңдай қарулы жасақ қарусыздандырылады.
БҰҰ өзінің ұзақ толғатқан бір бағдарламасы Ауғанстан қарулы топтарын қарусыздандыру бағдаламасын орындауға кірісті, деп жазады талдаушымыз Рон Синовитс. Бағдарламаның алғашқы қадамы Ауғанстан теріскейіндегі Құндыз өлкесінің қарулы топтарын қарусыздандырудан басталмақ. Ауғанстан бойынша 100 мың кісілік жасақты қарусыздандырып оларды күнделікті бейбіт өмірге қайтаруға арналған бұл жобаға БҰҰ 41 миллион доллар бөліп отыр. БҰҰ өкілі Маноил де Алмеида Силваның айтуынша Германияның 450 кісілік құрылыс командасы енгізіле бастаған Құндыз өлкесінде осы жұма күні 1 мың кісілік ауған қарулы тобы қарусыздандырыла бастамақ. Лондондағы стратегиялық зерттеулер институтының Ауғанстан бойынша маманы Христофер Лангтон бұ шараның Ауғанстан конституциясы бойынша осы желтоқсанда өткелі отырған Лоя Жырғадан бұрын қолға алынуы қисынды дейді:
"Ие, бірнәрсе басталғалы отыр. Алайда, бұл қадам тым аз көлемде желтоқсанда өткелі отырған Лоя Жырға қарсаңында басталмақ. Мақсат: Лоя Жырғаға елдегі қарулы топтарды қарусыздандыру, оларды бейбіт өмірге қайтару жұмыстарының басталғанын сездіру."
Алайда талдаушы Ауғанстандағы қарулы топтар өз еркімен қарусыздана бастайды дегенге сенбейді. Егер, Ауғанстан теріскейінде атап айтқанда Мазари-Шариф маңында басталғалы отырған қарусыздану табысты өтсе онда бұл тәжрибе кең көлемді түрде бүкіл Ауғанстан бойынша жүзеге асырылмақ. Ауғанстан теріскейінде қарусыздандырылғалы отырған жасақтар бүгінгі Ауғанстан қорғаныс министрі Мохаммад Фахимге бағынатын дені тәжіктерден құралған жасақтар.
Брюсселде орналасқан Дағдарыс тобының пайымдауынша қарусыздандыру бағдарламасының басты мақсаты жауынгерлерді жұмысқа тарту арқылы немесе қайта дайындықтан өткізу арқылы жасақтарды тарату. Дала командирлерінің билігін жою. Мохаммед Фахим басқарып отырған Ауғанстан қорғаныс министрлігі осы бағдарламаны қызу қолдаушылардың бірі. Дағдарыс тобының болжамынша қорғаныс министрі Мохаммед Фахимға бағынатын қарулы жасақтардың өзі қаруды тапсыруға келгенде өз басшысына өздері қарсы шығуы мүмкін. Дей тұрғанмен Дағдарыс тобы Ауғанстандағы қырық құрау қарулы топтарды қарусыздандырып, оларды, бейбіт өмірге қайтарудың маңызының зор екенін жоққа шығармайды. Онсыз жаңа конституция қабылдау, сот жүйесін реформалау, демократиялық сайлаулар өткізу тәрізді саяси реформаларды бастау мүмкін емес деп біледі. Өткен айда БҰҰ Қабул қаласындағы халықаралық бітімгершілік жасақтарының күзетін Ауғанстанның өзге де өлкелеріне енгізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл жергілікті жасақтарды қарусыздандыруға бағытталған алғашқы қадам еді.