Қазанның 22-күні Астанада Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының ұйымдастыруымен тергеу орындарында қамауда отырған адамдардың құқығын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Тергеу кезінде қамауда отырғандардың құқығы жайлы талқылауға сот және прокуратура өкілдері, адвокаттар мен адам құқын қорғаушылар қатысты.
Бұдан бес жыл бұрын Қазақстан адамдарды азаптап-қорлауға қарсы халықаралық конвенцияға қосылатынын заң жүзінде бекіткен болатын. Алайда, Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен адам құқын қорғаушылар елде тәртіп сақтау органдарының тарапынан азап пен қорлықты бастарынан өткергендердің қатары әлі күнге дейін көп екенін айтады. Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросының заңгері Мария Пульман әлгіндей жағдайлардың тамырын кесуге ырық бермей келе жатқан бірнеше себептерді атайды.
- Біріншіден, адам құқықтарының бұзылғаны жайлы келіп түскен арыз-өтініштерді дереу және мұқият тексеруге міндетті прокуратура органдары оған атүсті қарап, өз міндеттерін аяғына дейін атқармайды. Екінші бір жағдай, азап-қорлық көргендерден келіп түскен арыз-өтініштерді тексеруді... сол мекеменің өзіне жүктеуі. Қарғаның көзін қарға шұқымайтын болғандықтан біз жолдаған хаттардың барлығына ол жақтан үнемі «дерек дәлелденген жоқ» деген жауап алумен келеміз, - дейді Мария Пульман.
Қазақстанның бас прокуратурасының өкілі Берік Жақаев қамау орындарында адам құқықтарының бұзылуының бір себебі - еңбекақы мөлшерінің аз болуынан дегенді айтты. «Сондықтан, қамау мекемелеріндегі білікті мамандар ақшалы құрылымдарға кетіп қалды, ал қазірде жұмыс істейтіндердің кәсіби деңгейі мен мәдениеті төмен» дейді ол. Бірақ, адам құқын қорғаушы Мария Пульман мұнымен келіспейді. - Әрине, олардың еңбекақысын көтеру туралы мәселе орынды, бірақ, мәселен өз басым тергеу кезінде қамауда отырған адамның беломыртқасын сындырудың мұнымен байланысын көре алмай отырмын, - дейді заңгер М.Пульман
Ал, Қазақстан парламенті сенатының депутаты Зауреш Батталова елдегі билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертпейінше жағдай осылайша жалғаса береді деп санайды.
- Конституцияда айтылған үш билік тармағының – сот, заң шығару және атқарушы органдардың тепе-теңдігі сақталмай отырғаны, атқарушы билік мәртебесінің қалған екеуінен жоғары болуы Қазақстан прокуратурасын адам құқығының қорғалуын қадағалаушы орган емес, атқарушы биліктің қолындағы қамшыға айналдырып отыр, - дейді сенатор З.Батталова.
Қазақстанның адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы келтірген деректерде Қазақстанда тәртіп сақшылары тарапынан азаптап-қорлау оқиғалары жедел-іздестіру шаралары мен тергеу кезінде, сондай-ақ елдегі қамау орындарында жиі тіркеліп отырғаны айтылған.