Қазақстанда 1990 жылдың 25 қазанында республиканың Егемендігі туралы Декларация жарияланған болатын. Сол тұста Қазақ ССР Жоғарғы Советінің төрағасы қызметін атқарған Ерік Асанбаев Қазақстанның егемендігі туралы баяндама жасаған еді.
Алайда бүгін Асанбаев сол 25 қазанда қабылданған декларацияны қолдамайтындығын айтады. Оның себебі былайша түсіндіреді:
1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақстан кеңестерінің құрылтай болып, 6 қазанда Қазақ АСР-інің автономиясы туралы шешім қабылданған. Біздің егемендігіміздің алғашқы белгілері содан бастау алады. Ең бастысы сол кезеңде Ленин, Сталин, Свердловтардың қылыштарынан қан тамып тұрған тұста біздің арыс ағаларымыз ештеңеден қаймықпай, қазақтың азаттығы үшін күрескен қызметі, автономияға қол жеткізген ерлігі- дейді Ерік Асанбаев.
Сол арыстардың дәлелдерінің мықтылығы сонда, халқымыздың алғашқы астанасы болған Орынбор, бүгінгі Қарақалпақстанды сол кезде Қазақстан құрамында деп шешім қабылдатқан.
Сондай-ақ, Ерік Асанбаевтың айтуынша, 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік күнінен қазіргі Республика күні маңызды. Оны былайша түсіндіреді:
- 1991 жылы КСРО құрамындағы өзге елдердің бәрі азаттығын алып, тәуелсіздігін жариялағанда біз ең соңында қалдық. Сонда біз кімнен бөлініп, тәуелсіздік алдық? Ең соңында жұртта қалғандай болғанда барып Тәуелсіздік туралы заң қабылданды. Ал сонда айтылғандардың бәрі Егемендік туралы декларацияда жазылған, бұл соны қайталау. Көбін содан көшіріп алған. Оның үстіне 16-17 желтоқсан біз үшін қаралы күндер ғой. Ондай заңға мен қарсы болдым, бірақ өз ұсынысымды өткізе алмадым, - дейді.
Қалай десек те 25 қазан бүгінде Қазақстанның Республика күні. Мереке құтты болсын ағайын.