Бақылаушылардың көпшілігі Ресейдегі ең ірі ЮКОС мұнай компаниясының басшысы Михаил Ходорковский шындығында 1990 жылдардың ортасында салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпты болып табылуы мүмкін дейді.
Олар сондай-ақ егер "жабайы" аталған 90 жылдардың ортасына қайтып оралар болсақ, Ресейдің жүздеген кәсіпкерлері заңды бұзған болып шығар еді, өйткені ол кезде бизнес жасаудың заңдылық жолы қалыптаспаған болатын деген пікір айтады. Заңдық негіздердің жоқтығынан бірқатар адамдар баюдың жолына тез түсті, бұл сонымен қатар саяси қарсыластарды аяқтан шалуда, болмаса біреудің бизнесін дамытуға кедергі келтіремін дегендерге жақсы мүмкіндік болып тұр дегенді айтады олар.
Көптеген адамдардың айтуынша, Совет одағы ыдырағаннан кейінгі тұста елдегі құқық, заңдық негіздердің солқылдақ болғаны сонша, заңсыз жолмен-ақ кез-келген істерді жүзеге асыра беруге болатын еді.
Өткен демалыс күндері тұтқындалған Ресейдегі ең беделді, бай азаматтардың бірі Михаил Ходорковскийге айыптаушылар сол жылдары бизнесін өркендеткен кез-келген кәсіпкерге тағуға болатын айып-кінәні тағып отыр. Мұнай компаниясының басшысы атына корпорацияның табыстарын жасырып, салық төлеуден жалтарды, қолдан құжаттар жасады, ұрлыққа барды деген көптеген айыптар айтылуда. Жалпы алғанда, мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, Ходорковский мен оның әріптестері мемлекетке 1 миллиард доллар шығын келтірген көрінеді.
Ресейдің іскерлік қауымдастығы Ходорковскийдің тұтқындалуына бей-жай қарап отыра алмады. Ресейдегі өнеркәсіп және кәсіпкерлік одағы мен "İскер Ресей" деп аталатын қолдау тобы дүйсенбі күні бірлескен айыптау мәлімдемесін жариялап, бұл билік басындағылардың қатесі деп атап көрсетті. Одан бұрынырақ қабылдаған мәлімдемелерінде аталған топтар салық төлеуден әдейі жалтарған қылмыскерлер мен Ходорковский тәрізді өзінің коммерциялық қымзетін ашық жүргізген адамдар арасында айырмашылық бар деп жазған болатын.
Осы жазда берген сұхбатында Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының вице-президенті Игорь Юргенс ЮКОС компаниясының басына түскен жағдай барлық кәсіпкерлерге қажет болса сендерге де осындай тұрғыда айып-кінә таға аламыз деп жіберілген дабыл белгі деген болатын. Ол іскер адамдар тарапынан арыз-шағымдардың да көбейе түскендігін айтқан. "Опора" деп аталатын шағын кәсіпкерлік қауымдастығы да Ходорковскийдің ұсталуына наразылық танытқан декларацияны қолдап, қол қойған. Осылайша Ходорковскийге жанашырлық танытып, оған қолдау көрсетушілер көбейіп тұр. "Опора" қауымдастығының өкілі Светлана Нұғұманова шағын кәсіп иелері де бұл проблеманы жақсы сезініп отыр дегенді айтады.
- Үлкен бизнес пен шағын кәсіпкерлік мәселелері сырт көзге ғана бір-бірінен өзгеше болып көрінуі мүмкін. Шындығында олар бір-бірімен жеткілікті жағдайда ортақ, олар тек қана мемлекеттің жекеменшік кәсіпкерлікке араласу деңгейімен ғана ерекшеленеді, - деп атап көрсетеді Светлана Нұғұманова.
Талдаушылар сондай-ақ Ходорковскийге айыптар тағылып, ұсталуы оның президент Влдамир Путиннің биілігін әлсіретуге талпынған әрекеттерімен де байланысты болуы мүмкін дейді. Ельцин кезеңінде олигархтар Путинмен жылышырайлы қарым-қатынас ұстап, салықтарын уақтылы төлеп, саясаттан бойларын аулақ салатын. Десекте, ЮКОС басшысы оппозициялық Яблоко партиясын ашық қаржыландырып, басты қуат көздеріне мемлекттік монополияның болуына қарсы шыққан болатын деген пікірлер айтса, бақылаушылардың енді біреулері Ходорковскийдің тұтқындалуы мүмкін жалпы құны 14 миллиард доллар тұратын ЮКОС компаниясына бақылау орнату мақсатынан туындап отырған болар деген көзқарас жағында. Нұғұманова да мұндай әдіс-тәсілдердің жиі қолданылатындығын айтады.
- Кәсіпкерден бірдеңе алу үшін, сөйтіп құқық қорғау және бақылау органдары бәекелестік күрестің қаруына айналады, бұл шағын бизнестің де, үлкен бизнсетің де маңайында болып жатады. Біздің соңғы көріп отырғанымыз ірі кәсіпкерлік шеңберіндегі мысал, - деген Светлана Нұғұманова