Кәсіби спорт жарыстарында белгілі спортшылардың күш беретін стероид дәрісін қолданатындығы жөніндегі әңгіме бұл салада көптен бері шу болып келді. Енді бұл мәселе бұрынғыдан да ұлғая түскен тәрізді. Жақында Америкада бұрын сынақтан өтпеген күш беруші жаңа стероид дәрісі табылған.
Осыдан екі апта бұрын Америка зерттеушілерінің солтүстік Калифорниядан бұрын қолданыста болғаны байқалмаған стероид дәрісін жасап келген кішкентай бір фирманы тапқандығы елді елең еткізген болатын. Бұл жөніндегі жаңалық пен одан кейін аталған дәріні американдық және британдық бес атлетке қолданып көрген тәжірибеде бұрын болмаған көрсеткіш анықталған.
Мұның өзінен спортшыларға түрлі жарыстарда ерекше жетістіктерге жету үшін берілетін күш қосушы стероид дәрілері сияқты ғаламдық проблеманың түп-тамыры Америкада жатқан болуы керек деген ой түюге болады.
Дегенмен де кейбір бақылаушылар АҚШ бір кезде спортшыларға мұндай күш қосатын дәрілер ішкізуге қарсы жорық жариялаған жоқ па еді деген мысқылмен қарайды. Осы тақырыпқа жиі қалам тартып жүрген ардагер журналистердің бірі Рай Ратто былай дейді:
- Көп жылдардан бері Америка бүкіл әлемге бізде бәрі жақсы бірақ шығыс Европаның немістері, орыстардың атлеттері мұндайды пайдаланады, қытайлар да осыған ұқсас бірдеңелер жасайды деп насихат-лекция оқып келді. Жақсы, бізде де бұл тұрғыда мәселе жеткілікті екен. 35 жылдан бері бізді тыңдап келгендер енді бұрылып, жүріп өткен жолға қарайтын болды. Біз жоғары моралдық келбетімізді жоғалттық. Әрине бұл бізде бар болып тұр және бұл факті бізді кейін шегеретін болды.
Бұл тұрғыдағы соңғы жылдарда орын алған жанжалдарға, атап айтқанда 2000 жылғы Олимпиада ойындары кезіндегі дау-дамайларға қарамастан, АҚШ-та тиым салынған заттарды пайдаланудың жолын кесуде қатаң бағыт ұстана алмаған.
Бұл әрине жобалаушы стероиді ашылғанға дейін болатын. Аталған дәріні табу белгісіз біреу АҚШ-тың допингке қарсы агенттігіне оның үлгісін салып жіберген соң мүмкін болған. Дәріні сынақтан өткізудің алғашқы нәтижелері спротшыларды да, мамандарды да таңқалдырып отыр, дегенмен де оған екінші рет сынақ өткізілуі тиіс.
Әлемдік анти-допинг агнеттігінің Бас директоры Давид Боуманның пікірін тыңдап көрелік.
- Бұл жөнінде олардың қазір айтып жатқанының өзі жақсылықтың нышаны. Фактіден кейін кез-келген адам кекетіп айта алады. Бірақ неге қазір? Өйткені мүмкін бұл нағыз көлеңкелі сәттер шығар. Кейбіреу бұл өте кеш деп айтар, бірақ біз айтар едік "ештен де кеш жақсы", - деп.
Бірақ ең үлкен бір сұрақ жауапсыз қалып тұр деуге болады. Ол - осы уақытқа дейін әлемдегі спорт жұлдыздары атанғандардың қаншасы қан құрамында білінбей келген бұл дәріні пайдаланды деген сауал екендігі даусыз. Боуман мұны дөп басып айту қиын, алайда енді бұған дейін қол жеткен ірі спорттық жетістіктер қайта бағалауды қажет етеді дейді ол:
- Бұл адал ойыны мен күш-жігері арқылы табысқа жетем деушілерді нағыз алдап-арбау, жалғандық болып табылады. Бұл енді таңданарлық құбылыс. Кәсіби спортшы адам кәсіби бір фирмаға барады да сынақ қорытындысын қағаз жүзінде сатып алатын болып тұр ғой. Және бұндай жайттермен қоғамның келіспейтіндігін көріп тұрмыз, қоғамның келісуге де тиіс еместігін көреміз.
Жеңіл атлеттер федерациясының халықаралық қауымдастығы жақында өткен әлемдік чемпионатқа қатысқан атлеттердің тексеруге алынған қан құрамдарын қайта сынақтан өткізетіндіктерін айтқан. Адамның күшіне күш қосып, бұлшық еттерінің ерекше өсуіне әсер ететін стероидтердің кейіннен денсаулыққа кері салдарлары аз болмайды. Оларды қолдануға тым әуес болғандардың қан қысымы жоғарылап, жүрек, бүйрек пен бауыры зақымданатын көрінеді.
Спортшыға күш беретін жаңа стероид дәрісінің табылуына байланысты әлемдік футболға деген қырағылық өсе түсті. Әлемдік анти-допинг агенттігі ФИФА футбол одағының жетекшілігіне жақында агенттіктің талапты бұзғандарды екі жылға дейін жарыстарға қатыстырмау жөніндегі допингке қарсы жаңа кодексін ФИФА қабылдамайды деп айтқандарын түсіндіріп беруін сұраған хат жолдады.
Халықаралық Олимпиада ойындары комитетінің президенті Жак Рогг бұл кодексті мойындамаған кез- келген спорт түрі келесі жазда Афиныда өтетін жазғы Олимпиада ойындарынан шеттетіліп, оған қатыстырылмайтын болады деп ескертті.