Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқаратын «Қазмұнайгаз» мемлекеттік компанияның баспасөз компаниясын құрамыз дегені Қазақстан саясатының басындағылардың мазасын алды. Бұған ең алдымен Назарбаевтың бірінші күйеу баласы Рахат Әлиев және оның жұбайы Дәриға Назарбаева ықпал жүргізетін «Хабар» тобы қарсы. Мәселе екі күйеу балаға тәуелді топтардың жоғары билікке таласа бастағанында болса керек.
Қазақстан баспасөзін билік басындағы жеке топтар қамшылап отырғаны белгілі. Олардың ең жұаны - "Хабар" телекомпаниясы бастаған топ - президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Австриядағы елші Рахат Әлиевтің әйелі Дәриға Назарбаеваның қарамағында. Тәуелсіз сарапшылар Назарбаевтың екі күйеу баласы – Рахат Әлиев пен Тимур Құлыбаевтың арасында жеке бәсеке өсе түсті, мәселе сонда дейді.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының бастамасы, ең қызығы, сөз еркіндігі мен адам құқықтарының Қазақстандағы мүшкіл халіне араша түспеген бір қатар тұлғаны атқа қондырғандай. Айталық, парламент депутаты, Аграрлық партияның өкілі Нұрбақ Рустемов шеттен келетін баспасөзді демегенше елдегі баспасөзге көңіл бұрмаймыз ба деп қызылкеңірдек болды.
Бір қызығы, оппозициялық «Солдат» газетінің журналистері тапатал түсте кеңседе сабалып жатқанда, не болмаса тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың қарамақайшы соты жүріп жатқанда Нұрбақ Рустемов тасада қалған еді. Енді міне, бұл қайраткер «Қазмұнайгаз» компаниясына тоқтау айтуға ұмтылды.
Нұрбақ Рустемов сияқты жаңа ақпарат компаниясына қарсы шаба жөнелгендердің мүддесі – «Хабар» тобының маңына шаң жолатпау болса керек. «Интерньюс» халықаралық ұйымы Қазақстан бөлімшесінің директоры Олег Кациев осы ерекшелікке назар аударады. «Азаттық» радиосына сұхбат берген Олег Кациев Дәриға Назарбаеваның тобындағы баспасөз құралдарының көпшілігі «Қазмұнайгаз» компаниясының бастамасын сынап отыр, бастама ұлттық қауіпсіздік сияқты мүдделерге нұқсан келтіреді деп жатыр дейді.
«Хабар» тобы бәсекелестіктің тек қаржы мәселесінен үркіп отырмаса керек. Дәриға Назарбаеваға тәуелді құрылым Ресейдің "ОРТ" телекомпаниясының хабарларын таратады. Ал «Қазмұнайгаз» компаниясының болашақ баспасөз тобы "ОРТ-ның" ата бәсекелесі "НТВ" телекомпаниясының хабарларын таратпақшы. Қаржы пайдасы былай тұрсын, «Қазмұнайгаз» "НТВ" телекомпаниясы, Ресейдің ең ірі газеті «Известия» газетімен берлескен жобаларды атқарып, саяси есепті қуып отыр.
«Қазмұнайгаз» компаниясының аяқ астынан белсендене түскені, президент Назарбаевтың екінші күйеу баласы, осы компанияның жетекшісі Тимур Құлыбаевтың әрекеті Дәриға Назарбаеваның соңғы кездегі ерекше саяси белсенділігенен туындаса керек. Дәриға Назарбаева шапшаң ұмтылыспен «Асар» партиясын құрып жатыр. Әзірбайжанда Ғейдар Әлиев президенттік билікті баласы Ильхамға тастап кеткен соң мұндай тәсіл Қазақстанда да орын алуы мүмкін деген жорамал күшейді. Дәриға Назарбаева әкесінің орнын басса, іс жүзінде оның күйеуі, саяси сахнада сыпайлықтан көрі сердарлыққа жақын Рахат Әлиевтің билігі орнайды деген күдік Нұрсұлтан Назарбаевқа ең жақын адамдардың араздығын үлкейтті.