Түркменстанның мемлекеттік телеарнасы Түркмен преизденті Сапамұрат Ниязовтың Батыс баспасөзінде жарияланған сұхбаттарын ешқашанда көрсетпейді. Дегенмен де осы аптада бір өзгеше жағдай болды, президент Ниязовтың Американың телекомпаниясына алдын-ала берген сұхбатының бір бөлігін эфир арқылы таратты. Сонымен қатар дәл соы мерзімде Азаттық радиосының Түркмен редакциясы Түркменстандағы АҚШ-ң жаңа елшісімен өткізілген сұхбатты берді. Бұл берілген сұхбаттар Түркмен жұртына АҚШ пен Түркмен үкіметінің әрқайсысы Түркменстандағы адам хұқтарын қоса алғанда, көптеген маңызды мәселелерді түрліше қарастыратындығы жөнінде үнемі бола бермейтін сирек мүмкіндікті аңғартты.
Өткен он күн ішінде түркмениялықтар көріп, тыңдай алған бұл екі бөлек сұхбаттың екеуі де Түркменстанда болып жатқан маңызды оқиғаларға Америка мен Түркмения үкіметінің көзқарас, пайымдаулары екі түрлі екендігін байқатты. Интервьюлердің бірі бұдан бірнеше ай бұрын Американың телекомпаниясының Сапармұрат Ниязовпен жазып алған жазбасы, оны Түркмен мемлекеттік арнасы енді ғана эфирге беріп отыр. Екіншісі Түркменияға жақында ғана тағайындалған Америка елшісі Трэйси Анн Джейкобсонмен өткізілген сұхбат.
Өзінің АҚШ телекомпаниясына берген сұхбатында Сапармұрат Ниязов Түркменстанда адам хұқтары бұзылып жатқан жоқ деп мәлімдеген:
- Сіздер мұнда хұқы бұзылған бірде-бір адамды көрмейсіз. Егер қаласаңыздар, кез-келген қаладағы базарға барыңыздар. Мен дайынмын. Бізде күзетші деген болмайды. Елдің жетекшілерінде ешқандай да оққағар деген жоқ.
Алайда президент Ниязовтың адам хұқтары жөнінде берген бұл деректеріне Түркменстандағы АҚШ елшісінің айтқандары мүлде қарама-қайшы келеді. Онда елші Ашхабаттың адам хұқтарының сақталуын жақсарту жолында қадамдар жасауы керектігі турасында бірнеше қайтара ескерткен:
- Америка елшілігінде біз Түркменстанда ең кемінде принципті үш мақсатты көздейміз, олар мұндағы демократия мен адам хұқтары жолында алға дамушылық, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұлардың бәрі біз үшін маңызды. Біз экономикалық даму жөнінде айтқанда маңызды деген екі саланы меңзейміз, олар екі ел арасындағы сауда және сауда мүмкіндіктерін мейлінше қарастыру. Өйткені сауда тек гүлдену, алға басушылық қана емес, ол өзара түсіністікті жақсартудың да жолы. Бірақ та демократия мен адам хұқтарының дамуы бұл біздің ең түпкілікті мақсатымыз. Сондықтан да біз оған көбірек мән беріп, көңіл аударамыз, - дейді Түркменстандағы АҚШ елшісі.
Джейкобсон сондай-ақ адам хұқтарының сақталуы жөнінде Түркмен үкіметінің адамдарымен кездескен сайын сөз болатындығын айтқан. Мұндай келіссөздерде саяси қарсыластарды түрмеге жабу үшін елдегі сот жүйесінің қолданылып отырғаны турасындағы проблема алға тартылады.
Ал Түркмен преизденті Ниязов өзінің интервьюінде Түркменияда саяси көзқарастар мен себептерге байланысты абақтыға жабылған ешкім жоқ деп мәлімдейді. Ол тіпті өз әңгімесінде Түркменияны азаттық лебі ескен жер деп қарастыратынын да айтқан:
- Соңғы 10 жылдың ішінде Түркменстанда біз егер 120 мың адамды түрмеден босатқан болсақ, қалайша біз оларды абақтыға жапқан боламыз. Олар біз адамдарды түрмелерге отырғызып жатыр дейді, бұл мүлде кереғар пікір, біз оларды азат етудеміз, - деп атап көрсетеді президент Ниязов.
Түркмен президенті түрмелердің тек кісі өлтірушілер мен террористерге арналған лайықты орын екендігін айтады.
Алайда президент бұдан бірнеше жыл бұрын алып тасталған елден шығу визасын қайта қолданысқа енгізу жөніндегі шешім турасында түсінік бермеген. Демек мұндай визасы болмаса, ешкім де елден сыртқа шығып кете алмайды. 2002 жылдың 25 қарашасында Ниязовқа қастандық жасалды делінгеннен кейін бұл виза қайта енгізілді. Түркмен президенті бұл қадамды 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейінгі АҚШ-тағы күшейтілген қауіпсзідік шараларымен салыстыра қарайтындығын айтқан. Дегенмен де елші Джейкобсон Американың шығу визасын енгізу жөніндегі мәселені жан-жақты қарайтындығын, өйткені мұндай виза қолдану адамның негізгі хұқы -емін-еркін жүріп-тұру хұқына шектеу болып табылатындығы үлкен алаңдаушылық туғызады деген. Қорыта айтқанда тараптардың екі жағы да Түркменстандағы оқиғаларды бір ұқсас жолмен суреттемейді.