"Қазақстан демократиялық таңдау" ұйымы партия дәрежесінде қайта тіркелуге әрекет жасап жатыр. Қазақстан оппозициясының басында келе жатқан бұл ұйым осы күнге шейін "қоғамдық қозғалыс" дәрежесінде де тіркелмей, қудаланып келеді. Ұйым төрағасы Ғалымжан Жақиянов түрмеге отырғызылды. Сондықтан "Қазақстан демократиялық таңдау" деген партияның заңдастыралатыны екі талай. Дегенмен, батыс сарапшыларф президент Нұрсұлтан Назарбаев осы жолы белден баса алмайды, партия тіркеледі деп болжам жасайды.
Осыдан тұра екі жыл бұрын саяси дағдарыс кезінде дүниеге келген "Қазақстан демократиялық таңдау" қозғалысының партия дәрежесінде қайта тіркелуі екі талай дейді көптеген талдаушы. Әділет министрлігі түрлі сылтауды алға тартып, қозғалысты жеке-жеке облыстық ұйымдар деңгейінде де заңдастырмай қойды. Дегенмен, "Қазақстан демократиялық таңдау" ұйымының басшылығы қатаң заңның барлық талаптарын орындай аламыз, толыққанды саяси партия дәрежесінде тіркелеміз деп білек сыбанып отыр.
"Азаттық" радиосына талдау жасаған батыс сарапшылары бұл ниеттің іске асуын әр түрлі бағалайды, деп жазады тілшіміз Антуан Блуа. Мәселен, Лондонда орналасқан "Экономист интелледжинс юнит" институтының Орталық Азия маманы Дафни Тер-Сакарян оппозициялық партиялардың мақсат-мұраттары бір келкі болмағандықтан ұпайларын жоғалтып келеді дейді:
- "Қазақстан демократиялық таңдау" қозғалысы құрылған 2001-ші жылдың қараша айынан бері жағдай өзгерген жоқ. Бұл ұйым өзіне әлі де болса тек қалалық жерлердегі зиялы қауымды қаратып отыр, қалың бұқараның қолдауы әлі де болса аз. Халықтың кең көлемдегі қолдауы болмаса онда көп партия да құрыла қоймайды.
Қазақстанда қазір жеті партия заңдастырылған. Олардың бесеуі үкіметшіл бағытта, олардың тіркелуінде еш кідіріс болған жоқ. Бұлардың сыртында реформашыл бағыттағы "Ақ жол" партиясы және қатаң оппозициялық бағыттағы Коммунистік партия бар. Қазақстанда еңгізілген жаңа заң бойынша кез-келген партия 50 мың азаматтың басын қосқанын дәлелдеп, олардың тізімдерін әділет министрлігіне өткізу керек. Бұл межеге ұйым басшылары жетеміз десе де, АҚШ-та орналасқан Яли университетінің Орталық Азия маманы Джоунс Люаң партияның тіркелетініне күмәнді:
- Президент Назарбаев "Қазақстан демократиялық таңдау" партиясын тіркеуге рұқсат беретініне қатты шүбәлімін. Бұл ұйым жергілікті сайлау жүйесін өзгерту керек деген сияқты саяси талаптарды қояды. Бұдан Назарбаевтың әкімшілігі қатты шошып отыр. "Ақ жол" сияқты басқа партиялар тек экономикалық жағдайды сынаумен шектеледі, тек экономикалық өзгерістерді ұсынады. Мәселе осында.
Дегенмен, бұл пікірмен басқа американдық сарапшы келіспейді. Солтүстік Каролина университетінің ассистент-профессоры Стив Сейбол халықаралық сын күшейген тұста президент Назарбаевтың көнбестен басқа амалы жоқ дейді:
- Америка Құрама Штаттары тарапынан және Еуропа тарапынан қазір өте қатты сын айтылып отыр. Бұл тым болмағанда Нзарбаев үкіметін "саяси өзгеріске ниетіміз бар" деп қозғалуға мәжбүрлемек. Оның үстіне Назарбаевтың қызы Дәриға "Асар" партиясын заңдастырып жатыр. Назарбаев қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр деп білетін оппозиция наразылығы одан сайын күшеюде.
"Асар" партиясына жол ашылған сайын "Қазақстан демократиялық таңдау" партиясын да сүріндіру қиын болады, дейді батыс сарапшылары. Оның үстіне Грузияда биліктің бейбіт жолмен өзгергені, демократиялық оппозицияның бұрынғы коммунистік басшы Эдуард Шеварнадзені ақылға көндіргені Қазақстан оппозициясында қанаттандырды.