Ресей парламенті Мемлекеттік думада әділетсіз сайлаудың арқасында президентшіл және ұлтшыл партиялар қане шоғырланып жатыр. Либералды демократиялық бағыттағы партиялар биліктен ығыстырылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы Ресей көршілеріне бұл қалай әсер етуі мүмкін? Ресей басшылығы реформаларды сөз жүзінде де тоқтатса бұл Қазақстан сияқты өтпелі кезеңдегі мемлекеттерге қалай әсер етпек?
Ресейдегі жаңа саяси жағдайды сараптай келе, "Москоу таймс" газетінің әскери талдаушысы Павел Фелгенхауер 9-шы желтоқсандағы мақаласында Ресей енді бұрынғы советтік елдерде мәскеушіл үкіметтерді орнатады, біріккісі келмеген не болмаса жер бөліскісі келмеген елдерге іріткі салады деп болжамдап отыр. Дегенмен, басқа сарапшылар мұнымен келіспейді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде Ресей сөзін жүргізуге күш салса да оған не қаржылай ықпалы, не әскери күші жетпейді, дейді олар.
Шамасы келген жерде Ресей ұпайын көбейтуге ұмтылатыны анық. Бұған Грузиядағы таяудағы саяси дағдарыс мысал. "Джейнс сентинал секюрити ассесмент" журналының редакторы Алекс Ватанка Молдава мысалын келтіріп, бой бермеген мемлекеттерге Ресей енді сес көрсете алмайды дейді. Молдаваның Ресей жағындағы аймағы – орыс халқы басым Днестр аймағы - бөлінуге бет алғаны белгілі. Ресей басшылығы жақында бұл мәселенің өзінші шешілу жолын ұсынды. Молдова президенті бұған мойынсынбады, бұл Ресей сыртқы саясатының ықпалы өспейтінін көрсетті, дейді Алекс Ватанка:
- Ресейдің оған не шамасы жоқ, не мүмкіншіліктері жоқ, не саяси және экономикалық деңгейлердегі бірауыздығы жеткіліксіз. Ортаазиялық мемлекеттердің ішінде не болмаса басқа елдерідің ішінде орыстардың ықпалын күшейтуге атсалысатындар табыла қояды деп ойламаймын.
"Азаттық" радиосына пікір айтқан кейбір саясаткерлер президент Владимир Путиннің күшеюі өз алдына құптарлық нәрсе, себебі Ресей билігі дара қолға шоғырланса – онда нақты іс жүргізетін, нақты келісім жүргізетін адам сахнаға шығады дейді. Бүкіл Ресейді дара тұлға билесе – онда сол адаммен нақты сөйлесіп, өз мүдделерімізді алға тарта аламыз, дейді мұндай саясаткерлер. Бұл пікірді Арменияның оппозициялық белсендісі Вазген Манукян да қолдайды:
- Ресей біздің аймақта қатаң саясат жүргізеді деп ойлаймын. Ресейдің біздің аймаққа ықпал жасауы үлкенірек есеппен жүретін болады. Мұның бізге жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар.
Ресей президенті Владимир Путинның демократиялық бағыттағы партияларды бір шыбықпен айдап салғаны Ресей көршілеріне теріс үлгі береді, дейді сарапшылар. Әлбетте, Ресей президенті бұл жерде жаңалық ашқпн жоқ. Путин ортаазиялық президенттердің билікті иемдену тәсілдерін қайталады. Бірақ Путиның әрекеті ТМД шеңберіндегі президенттерді одан сайын қанаттандыратыны сөзсіз. Британиялық сарапшы Алекс Ватанка бұл жөнінде былай дейді:
- Бұл жердегі әңгіме анық. Ресей дара партиялық мемлекет болып қайта құрылып жатыр. Иә, бұл Орталық Азиядағы жағдайға барған сайын ұқсап келеді, деп айтсам жеткілікті.
"Азаттық" радиосына талдау жасаған келесі сарапшы Ресейдегі кері шегіністен көршілес елдердің демократиялық партиялары сабақ алу керек дейді. "Қазақстан Демократиялық таңдауы" қозғалысының белсендісі Петр Своик Ресей реформашылдары экономикалық жаңаруды барша халыққа бағыттаған жоқ, олар нарық экономикасын жеке топтардың мүддесіне қане арнады, шетке ығыстырылған демократтардың қатесі осында дейді.