Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирақтағы қызметін қайта жаңғыртуға бет алып отыр. Дегенмен, бас хатшы Кофи Аннан бұл шаруада асығыстың қажеті жоқ деп мәлімдеді.
Ирақта қауіпсіздік деңгейі әлі өте нашар, оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымының мәртебесін арттыруға одақтастар ынта танытпай отыр, делінеді Кофи Аннан жариялаған жоспарда.
Тамыз айында террорлық шабуыл жасалған соң Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдадтағы өкілеттігі жабылғаны белгілі. Бомбашы-жанкештінің қолынан арнаулы өкіл Серж Виерра де Мелло бастаған бір топ қызметкер қаза тапты. Ирақты қайта құру шаруасына Біріккен Ұлттар Ұйымы тікелей араласу керек деген әңгімені негізінен АҚШ ресми өкілдері айтады. Германия, Франция және Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымы саяси жетекшілікпен айналысса жеткілікті жетеді дейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы бірнеше аптада Ираққа жақын жерде кейбір қызметкерлерін орналастыра бастайды. Ирақтың өз басындағы өкілеттіктің жұмысын толық жаңғырту жөнінде әзірше әңгіме жоқ, деп жариялады сәрсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан. Ирақтағы қауіп өте жоғары болғандықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жәрдем тобының негізгі қызметкерлерін – 40 шақты адамды – Кипр аралындағы Никосия қаласында орналастырамыз, деді Кофи Аннан. Оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының ізгілік көмек көрсету ісінің ардагері Росс Маунтин уақытша басқармақ. Тұрақты өкіл келесі жылдың басында тағайындалмақ. Ал Ирақтың өз басында жұмыс істейтін 900 шақты ирақтық азаматтардың жауапкершілігі арттырылмақ.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Киирун Прендергест Кофи Ананның баяндамасы 16-шы желтоқсанда Қауіпсіздік кеңесінде қаралады деп хабарлады. Киирун Прендергест Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі мен Ирақ басқару кеңесінің серкітес болғанын қалаймыз, Ирақтың бұл мекемесінде барлық топтардың өкілдері жұмыс істесе жөн, деп сипаттады:
- Ирақ басқару кеңесінің және болашақ уақытша үкіметтің саяси негізін кеңейту маңызды. Ол үшін шаруаға қазір қатыстыралмаған топтардың басын қосу керек. Әңгіме – суннит ұлтшылдарының кейбір принципалды өкілдері мен шиитердің өкілеттіктерін кеңейту жөнінде.
Кофи Аннанның ұсынысы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирақта сайлау өткізуге, конституция жазуға, адам құқықтары мекемелерін құруға және ізгі көмек көрсетуге атсалыспақ. Бірақ кейбір сарапшылар Біріккен Ұлттар Ұйымының кез-келген жетекші қызметі АҚШ бастаған әскери науқан аяқталғанша, Ирақ уақытша үкіметі құрылғанша іске аспайтын шығар дейді. Уақытша үкімет маусым айының соңында қане билікке келмек. Америка Құрама Штаттарында орналасқан "Біріккен Ұлттар Ассоциациясы" атты саяси институтының президенті Уильям Люерс Одақтастардың уақытша әкімшілігінің қызметі тым қатал болмау керек, ол уақытша үкіметтің аяғынан шалмау керек дейді:
- Уақытша үкімет нақты билікті атқарса, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа мемлекеттер нақты қызмет атқара алатын болса – бұл қиялдың іске асуына ең жақсы жол ашпақ. Сонда Ирақ үкіметі террорлық қимылдарды қысқартады не болмаса тіптен тыяды.
Кофи Аннанның баяндамасында, сондай ақ, Ирақты жаңғырту ісіне көршілес елдерді, мұсылман мемлекеттерді және басқа алдыңғы қатардағы мемлекеттерді кеңінен қатыстыру керек делінеді.