Саддам Хусейннің тұтқындалғаны жөнінде хабар тарағаннан кейін арада бірер сағат өткенде Ирақ астанасы Бағдадта тағы да бомба жарылыстары болды.
Тамыз айында Саддам Хусейннің екі ұлы Құсай мен Ұдайдың өлгені мәлім болғаннан кейін Ирақтағы американ және халықаралық өкілдерге қарсы шабуылдар тек үдей түскен болатын. Саддам Хусейннің тұтқынға алынуыны Ирақтағы Американ әскерлеріне қарсы әрекеттерді тоқтата ала ма?
Саддам Хусейннің тұтқындалуына байланысты жексенбі күнгі мәлімдемесінде американ президенті Джордж Буш кешегі диктатордың тұтқындалуымен Ирақтағы тұрақсыз жағдай дереу шешіледі деп күтуге болмайтынын ескертті.
- Саддам Хусейннің тұтқындалуы Ирақтағы тұрақсыздықтың дереу тоқтайтынын білдірмейді. Біз әлі де террористтерге қарсы тұрмыз. Олар Таяу Шығыс аймағының дал ортасында еркіндіктің бас көтеріп келе жатқанын мойындаудан гөрі жазықсыз адамдарды өлтіруге әзір. Мұндай адамдар американ халқына тікелей қауіп, және олар жеңіліске тап болады, - деді американ президенті Джордж Буш.
Азаттық радиосына сұхбат берген таладушы мамандар бұл көзқарасты түрлі деңгейде бөлісетін болып шықты.
Бұрынғы американ вице-президенті Эл Гор-дың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған Леон Фюрт-тың пікірнше, бар мәселе Саддам Хусейннің бұған дейінгі шабуыл әрекеттерін қаншалықты басқарып-қадағалап келгеніне байланысты.
Ендігі бір талдаушы маман Джудит Киппер ханымның сөзінше, Саддам Хусейннің тұтқынға алынуы қалай болғанда да Ирақтағы жағдайға оң әсер етпек.
- Террор жағдайында өмір кешкен Ирақ халқы үшін бұл, сөз жоқ, үлкен өзгеріс алып келетін оқиға. Енді олар кешегі режимнің ешқашан қайтып келмейтініне көздері жетіп, бұл жағдай қоғамдағы жалпы жағдайға оң әсер етпек. Жұрт болашаққа сеніммен қарап, өз өмірлерін жақсартуға тырысып, бұл өз кезегінде тұрақсыздыққа алып келіп отырған шабуыл әрекеттерінің азайуына алып келмек, - дейді Нью Йорк пен Вашингтонда орын тепкен жеке меншік Сыртқы Байланыстар Кеңесі атты ұйымның Таяу Шығыс зерттеулері бойынша жетекшісі Джудит Киппер.
Саддам Хусейннің тұтқындалуына байланысты айтылып отырған ендігі бір пікір Ирақтағы жаппай өлім қаруларына қатысты болып отыр. Американың Ираққа қарсы соғыс әрекеттерін бастауына ең негізгі түрткі осы болғаны мәлім. Алайда қолға түскен Саддам Хусейн бұл жөнінде не айтады? Оның бұл айтқандарына сенуге бола ма?
Мұндай сауалды бұрынғы американ вице-президенті Эл Гор-дың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған Леон Фюрт қойып отыр. Талдаушы мамандар бұл тұрғыда әзірге ортақ пікірге келе алмай отыр. Алайда мамандардың бір ауыздан айтып отырғаны Саддам Хусейнге әділ сот ұйымдастыру. Бұл Саддам Хусейн туралы болашақта қандай да бір аңыздардың таралуына жол бермеу үшін қажет дейді мәселен Нью Йорк пен Вашингтонда орын тепкен жеке меншік Сыртқы Байланыстар Кеңесі атты ұйымның Таяу Шығыс зерттеулері бойынша жетекшісі Джудит Киппер.
Талдаушы Леон Фюрт жеңілген, сотталған және бәлки өлімге кесілген Саддам Хусейннің Батысқа қарсы күштердің жаңа ұранына айналмауы үшін мұндай соттың аса қажет екенімен келіседі. Оның ойынша, Саддам Хусейннің тұтқындалуынан кейін көрсетілген бейне суреттер оның ақыр соңында қолға түскен кешегі күннің қайраткері екенін, оның жолында құрбан болудың енді еш мәнісі жоқ екенін, көрсетіп берді.