Пәкістанның қауіпсіздік күштері жексенбі күні президент Первез Мүшаррафқа жасалған қастандықты тергеп-тексеру істерін жүргізіп жатыр.
Президенттің автокеруені Рауалпиндидегі көпірден өте салысымен, артынша көпір үстінде қуатты бомба жарылған болатын. Президент пен оның жанындағылар жараланудан аман, зақымданғандар жоқ. Ал шабуыл жауапкершілігін ешкім өз мойнына алмады.
Көпірде қуатты бомба жарылысы орын алған сәтте, Карачи қаласына жасалған сапардан қайтып келе жатқан Первез Мүшаррафтың автокеруені бұл жерден қас-қағым сәт бұрын ғана өтіп үлгерген еді. Бұл араға жарылғыш затты кім қойса да, ол президенттің қозғалыс бағытын жақсы білген адам болғаны айқын. Сондықтан да қастандық ұйымдастырушылардың көздеген нысанасы өзі болғандығына Первез Мүшарраф күмән келтірмейді. Ол Пәкістан теледидары арқылы сөйлеген сөзінде былай деді:
- Жарылыс біз көпірді басып өткеннен кейін жарты, мүмкін бір минуттан кейін болды. Мен машинаның ішінде оның қуатын сездім. Бұның террорлық акті және дәл мені нысанаға алған қастандық екендігінен басқа білетінім осы.
Журналистерге айтқан басқа бір комментариінде президент Пәкістанға қауіп төндіретіндер сырттан келгендер емес, елдің өз ішіндегі діни экстремистік жане сектанттық топтар деген айыптау айтқан.
Бұл шабуыл 1999 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде билік басына келген Первез Мүшаррафқа әркезде жасалған бірнеше қастандықтың ең соңғысы. Осыдан екі ай ғана бұрын Харкат- ул Мұжахиден тобының әл-Алми фракциясының үш жауынгері өткен жылы президентті өлтіруге әрекет жасағаны үшін ұзақ мерзімге сотталып, бас бостандықтарынан айрылған болатын.
- Мен мұндай жәйттерге бірнеше рет тап болдым, қастандықтар бұрын да ұйымдастырылған. Сіздер алаң болмаңыздар, менің ойымша бәрінен де биікте тұрған бір Алла бар, Аллаға сеніңіздер, сонда бәрі де жақсы болады, - деген философиялық оймен түйіндеген өз ойларын Первез Мүшарраф.
Пәкістан президенті 2001 жылғы 11 қыркүйекте Вашингтон мен Нью-Йоркке жасалған терорлық шабуылдардан кейін АҚШ-ты қолдауға қарай бет бұрып, Ауғанстандағы Талибан жүйесіне наразылық көзқарас таныта бастаған кезеңнен бері , жауынгерлік İслам топтарының қаһарына ұшырап келеді.
Бұл қастандық шабуылы үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына ала қоймады. Сонымен Мүшаррафты нысанаға алғандардың нақты кімдер екені, қандай топтар болғандығы әзір анық емес. Мүмкін олар өткен қараша айында алты ісламдық топты жабу жөніндегі Мүшаррафтың шешіміне қарсылық білдіргендер болуы да ықтимал.
Исламабадта Пәкістанның қауіпсіздік талдаушысы Талат Мазууд Рейтер агенттігіне президенттің опат болуы елде дағдарыс туғызады, дегенмен де мұндай шабуылдардан алар сабақ та аз емес деген.
- Менің ойымша Мүшарраф қазір ең маңызды басты ролді атқаруда, оның сыртқы да, ішкі де орталық тұлға екендігінде күмән жоқ. Оны жоғалтып алудың орны толмас өкініші болады. Бұл Пәкістан үшін оның қазіргі басшылығы үшін де үлкен сабақ деп ойлаймын, олар мекемелерді, қауіпсіздікті күшейтуі қажет, - деп атап көрсеткен.
Париждегі француздық іслам талдаушысы Оливье Рой бұл шабуыл Ауғанстандағы Талибан күштеріне қарсы АҚШ бастаған коалицияның күресімен байланысты болуы мүмкін дегенді айтады.
Тергеп-тексерушілер қастандық әрекетіне қатысы бар деген күдікпен кемінде 7 адамды ұстаған. Олардың ішінде жарылыс жасалған сәтте көпірде қызмет бабындағы міндетін атқару үстінде болған үш полиция қызметкері де бар.