Мерзімді басылымдарда Жер кодексіне сәйкес сатылуы мүмкін жер құнын хабарлаған Ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовпен сұқбат, Қазақстанның түрмеде отырғандар саны жағынан әлемде үшінші орыннан алтыншы орынға жылжығанны айтқан Жоғары Сот төрғасы Қайрат Мәмидің мақаласы және Қазақстандағы сот жүйесінің жетімсіздігін айғақтайтын мақалалар жарық көрді.
Бүгінгі күні Қазақстандағы ауылшаруашылығы жерлерінің құны - 1 триллион 150 миллиард теңге. Бірақ “оның қаншасы сатылатыны белгісіз. Оған қоса үкімет белгілеген жеңілдікпен сатылатын жерлер бар. Олар жер құнының 75 пайызын құрайды. Алайда, жеңілдікпен жер сатып алғандар оны 10 жыл бойы қайтара сата алмайды. Ал жеңілдікпен кім қаншасатып алатынын өмір көрсетеді”, - дейді вице-премьер, Ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов “Новости недели” басылымына берген сұқбатында.
“Аргументы и факты Казахстан” газетінде “Қазмұнайгаз” ұлттық мұнай компаниясының президенті Ұзақбай Қарабалиннің сұқбаты ұсынылады. Онда ол үлкен пікірталас тудырып отырған “Баку – Тбилиси - Жейхан” мұнай құбырына қатысты Қазақстанның позициясын жария етеді. “Біз Қазақстан мұнайын сыртқы рынокқа шығаруға мұрсат беретін кез-келген бағытты қарауға әзірміз. Солардың бірі – Баку - Тбилиси - Жейхан”, - дейді Қарабалин мырза. Оның сөзіне қарағанда, бастапқы кезеңде мұнай Ақтаудан Бакуге дейін танкерлер арқылы жеткізіледі. “Мұнай көлемінің ұлғаюына байланысты Ақтау – Баку мұнай құбырын салу туралы ойлайтын боламыз”, - дейді ұлттық мұнай компаниясының президенті.
Алайда, Каспий теңізі арқылы мұнай құбырын салу таяу жылдардың жоспарына енетініне күмән келтіреді Парламент депутаты, бұрынғы мұнайшы Қайролла Ережепов “Алтын орда” газетіне берген “Мұнай: бар мен жоқ” деген көлемді сұқбатында. Оның айтуынша, “Каспий теңізі арқылы мұнай құбырын салу туралы әңгіме шыққалы біраз жыл болды. Оны жүргізуге негізделген құжаттар әлі дүниеге келген жоқ”. Сондай-ақ ол “теңізде барлау жұмыстарын жүргізу кезінде мұнай төгіп алып отырған қазіргі жағдайда халықтың бұған күдікпен қарап, сенімсіздік білдіруі әбден орынды”. Оның айтуынша, “қоршаған ортаны ластау жалғасып отыр. Мысалы, бұрын Каспий теңізінде балықтар өлсе, енді құстар өліп жатыр”.
Қазақстанда алғаш рет ювенальды юстиция ұғымы енгізілді деп хабарлайды “Известия Казахстан” газетінің тілшісі Светлана Алина “Жасөспірім мен заң” деген мақалада. Оның айтуынша, жаңа ұғымды тәжірибе түрінде енгізушілер “кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдерді жазалау шаралары жетілмеген, олар тәрбиелеуден гөрі кері нәтиже береді”, - деген қорытындыға келіпті. Журналист мысал ретінде, бірнеше жыл бұрын Қазақстанда бір жасөспірімнің дүңгіршектен бір түйір шоколад ұрлап 2 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазады. Ал баланың ұрлық жасаған кезде жасы 14-ке, яғни, қылмыстық жауапкершілік алатын жасқа толмағаны бала түрмеде 8 ай отырғаннан кейін мәлім болыпты.
Қарағанды қаласында ешқандай тұрағы жоқ бір азаматтың тонау мақсатында жалғызбаты екі зейнеткерді өлтіріп, біріншісінің үйінен – бар-жоғы 200 теңге, екіншісінен – 11 мың теңге тапқанын жазады “Комсомольская правда Казахстан” апталығы. Газет тілшісінің айтуынша, өлім жазасына мораторий жариялануына сәйкес қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Биылғы жылы 2000 жылмен салыстырғанда бас бостандығынан айырылғандардың саны 50 пайыздан 40 пайызға азайды дейді “Егемен Қазақстан” газетінде Жоғары сот төрғасы Қайрат Мәми “Құқықтық реформаның бүгіні және ертеңі” деген көлемді мақаласында. “Шетел сарапшыларының айтуынша, түрмеде отырғандардың саны жағынан Ресей, АҚШ-тан кейін үшінші орында тұрған республикамыз қазір алтыншы орынға ойысқан”, - деп жазады Жоғары Сот төрғасы Қайрат Мәми.
“Экспресс к” газеті “Ол өлімді қалады” деген шақын хабарламада бұрын сотталған семейлік бір азаматтың “ұзақ уақыт темір тордың артында отырғаннан гөрі бір сәттік өлімді қалап, тапаншамен өзін-өзі атқанын” хабарлайды. Ал осы газеттегі “Барлық құралдар жақсы” деген мақалада Қазақстан журналистер конгресінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жаңа БАҚ туралы заңда “тиым салатын шаралардың көптігін, ал нақты критерийлердің жоқ екендігін” айтқанын жазады.