Ауғанстанда Лойа Жырға ақылдастар кеңесі өз жұмысын одан ары жалғастырып жатыр. Басты мәселе – елдің жаңа конституциясын қабылдау, сөйтіп шынайы өзгерістерге жол ашу, демократиялық сайлауларға негіз салу. Конституция жобасы даулы жағдайда талқыланып жатыр. Кейбір мәліметке қарағанда, конституция апта соңына таман қабылдануы мүмкін.
Лойа Жырғаның қызу шабытпен жұмыс істеп жатқанына он күннен асты. 500-ге жуық делегаттың ортақ пікірін табу қиынға соқты. Конституция жобасы соңғы күндері жеке-жеке он топта талқыланып жатыр. Содан кейін толық жиында дауыс берілмек. Лоуғар провинциясының өкілі Башир Ахмад ортақ келісім апта соңына таман табылатын шығар деп, президент Хамид Қарзайдың болжамына қосылды "Азаттық" радиосына айтқан пікірінде:
- Лойа Жырға бейсенбі күні болмасада, жұма не сенбі күні соңына жетіп қалар деген үміттемін.
Лойа Жырға кеңесінің осы күнге шейін жасаған жетістігі – президент билігі кең болу керек деп келісім табылды. Хамид Қарзайдың ұсынысы ұзақ даудан кейін қабылданды. Ауғанстанда нақты орталықтандырылған билік құру мақсатында қатаң президенттік жүйе орнату ниеті қабылданды. Дегенмен, Лойа Жырға делегаттарының басым көпшілігі таразы басы тең болсын деп қатаң парламенттік билікті жақтайды. Орталыққа бағынудан жұрдай аймақтардың басшылары, қолбасылар мен бұрынғы моджахеддин басшылары да құдыретті парламенттің құрылғанын қалайды, оның үстіне президент билігі бас министр қызметімен тежелсін дейді. Хамид Қарзай болса бас министрдің қажеті жоқ, болашақ сайлауға президент өкілеттігі қатаң болса қане қатысамын деп соңғы күндері тағы қайталады.
Ауғанстанның жаңа конституциясында ислам орны қандай болу керек деген мәселеде қызылкеңірдек дауға әкеледі деп күтіліп отыр. Дегенмен, "Азаттық" радиосының аймақтық сарапшысы Амин Тарзи бұл мәселе алға шыға қоймайды дейді. "Рас, 1923 жылы алғашқы конституцияның жобасы жазылғалы бері исламның мемлекеттік жүйедегі мәртебесі үнемі жік салып келеді. Бірақ бүгінгі таңда ортаға президент билігінің мәселесі шықты. Әйел делегаттар әйел теңдігі мәселесін көтерді. Бұрынғы моджахеддин қолбасшыларын "«қылмыскерлер» деп айыптаған сөзде айтылды. Сондықтан шариғат заңдары деген әңгіме көтіріле қоймас, Лойа Жырға өкілдері негізінен зайырлы қоғам болмысына ынта қойып отыр", - дейді Амин Тарзи.
Конституция сәтімен қабылданса алдағы маусым айында Ауғанстанда демократиялық негізде сайлау өткізілмек. Мұның беталысын Амин Тарзи былай болжамдайды:
- Шынайы сынақ енді халықтың беталысына байланысты. Экономика және қауіпсіздік жағдайлары жақсарса – халық конституцияны қабылдайды деп білемін, себебі ол алға үмітпен қарайтын, жақсы конституция болмақ. Бұл менім жеке ойым, бұған тұтас Ауғанстанда ден қойып отыр деп білемін. Дегенмен, экономика және қауіпсіздік сияқты екі мәселе сиырқұйымшақтанса не болмаса жақсармаса -конституция келесі бір аласапыранның құрбаны болуы мүмкін. Мұны енді санаулы айларда көре жатармыз.
Қазіргі таңда болса конституция жазылу үстінде, ақ қағазға соңғы нүкте қойылсын, сиясы сіңсін, – әліптің артын сосын бағайық, дейді радиомыздың талдаушысы Амин Тарзи.