Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарияланған жылдық есебінде дамыған елдер мен дамушы елдердің денсаулық саласында кейінгілерінің алдыңғыларынан едәуір артта қалғандығы атап көрсетіліп, оны жақсартып, жетілдіру үшін көп жәйттарды өзгерту қажеттігі айтылады.
Сонымен қатар Шығыс Европа мен бұрынғы Совет одағының елдерінде иммунитет тапшылығы ВИЧ /СПИД індеті кең етек алып барады деген ескерту жасайды. Және Ауғанстан мен Ирақтың денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіру керек деп есептейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің жыл қорытындысына арналған есебінде денсаулық жүйесінің әлемдік маңызды мәселелерін күн тәртібіне шығарып отыр. Аталған хабарламада айтылар негізгі ой ең алдымен әлемдегі бай деген дәулетті елдер мен кедей елдердің денсаулық саласындағы жер мен көктей айырмашылық пен алшақтықты жоюға бағытталуы керек дегенге саяды.
Жақын күндері Женевада осы орайда басталған зерттеулерде әлемдік денсаулық сақтау жүйесін қайта құрудың басты кілті- жер бетінде 3 миллионға жетіп қалған ВИЧ/СПИД дертіне шалдыққандарды емдеу мен түрлі жүқпалы аурулардың таралуына тұсау салу, сондай-ақ ана мен баланың өлімін азайту мақсатына бағытталуы керек деп атап көрсетілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2000 жылы қыркүйек айында БҰҰ-ң мыңжылдық саммитінде қабылданған "Мыңжылдық даму мақсаттары" деген арнайы бағдарламаның толықтай орындалмай отырғандығын да еске салады. Жылдық есептің бас редакторы Роберт Биглхоул былай деп түсіндіреді.
- Бұнда біз әлемнің кейбір бөліктерінде көзделген мақсаттардың бірқатарына жақын екендігіміз айтылады. Алайда басқа да біршама маңызды мәселелерде, атап айтқанда 5 жасқа дейінгі балалар өлімін қысқарту мақсатына біз келер жүзжылдықтың ортасына дейін жете алмайтындығымыз жазылған , ал біз әрине бұлай қалдыруға болмайтындығын айттық.
Жылдық есепте адамдардың өмір жасының ұзақтығының ең төменгі көрсеткіші Африка елінде орын алып отырғандығы айтылады. Мұнда ондаған жылдарға созылған жанжалдар мен ВИЧ/СПИД індетінің кең таралуы өткен ғасырда адамның орташа жасының ұзақтығын 20 жылға бірақ қысқартқан. Жер бетінде тұрғындарының орташа өмір жасы ең қысқа болатын 34 жас қана жасайтын ел – Сьера-Леоне деп аталса, 81 жастан аса ең ұзақ ғұмыр жасайтын адамдар елі –Жапония екен. Роберт Биглхоул терроризм мен оған қарсы жүргізілген соғыс Ирақтың да денсаулық сақтау саласын күйретіп, оны дамытуға кедергі келтірді деген пікір айтады.
- Менің ойымша террормен күрес және Ирақтағы соғыс Ирақтың онсыз да әлсіз денсаулық саласының инфрақұрылымын қиратып кетті. Міне сол себепті де біз соңғы екі-үш жылдағы дау жанжалдар мыңжылдықтың мақсаттарының орындалуын біршама кейін шегеріп тастады деп айта аламыз. Бірақта бұның бәрі маңызды деген міндеттер тұрғысында бірінші қатардан түспейді, - деген ол, соғыс пен дау-жанжалдарға қарамастан, денсаулық жүйесін дамыту барысында белсенді жұмыс жүргізіп, көптеген шаралар атқарған елдердің бар екендігін атап айтады.
Сөз болып отырған жылдық есепте 2003 жылы әлемде ең көп өлім жағдайына ұшыратқан қатерлі дерттің СПИД екендігі жазылған. Бұл індеттен жер бетінде 2,3 миллион адам көз жұмған. Ал Африкада СПИД-тен күніне 5 мың ересек адам, 1000 мың бала құрбан болады деген деректер келтіріледі.
Дүниежүзілік сақтау ұйымының жылдық есебін жазуға қатысқан авторлардың бірі Алек Ирвин ВИЧ/СПИД індетінің Шығыс Европа мен бұрынғы Совет одағының елдерінде кең таралып бара жатқаны да аса қауіпті жане оған қарсы шұғыл шаралар қолданбаса болмайды дейді.
- Мәселен Украина сияқты елде иммунитет тапшылығының жайылуы 15 пен 49 жас аралығындағы адамдар арасында 1 процентке жеткен. Бұл әрине үлкен алаңдаушылық туғызатыны белгілі. Ал Ресей Федерациясында бұл эпидемия қаулап өсіп келеді. Эстония да осы індет өртіне шалдыққан елдің қатарында. Жалпы бүтіндей Шығыс Европа мен бұрынғы Совет одағының барлық елдерінде ВИЧ кең етек алып, үлкен қатер тудырып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемде денсаулық жүйесін жақсартып, ынтымақтастық шараларын дамыту үшін жауапкершілікті еселеп арттыру керек деген қорытынды жасайды.