Қазақстан үкімет жетекшісінің қаулысымен республика премьер-министрінің орынбасары Сауат Мыңбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия елдері экономикасына арналған арнайы бағдарламасының Қазақстан бойынша ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалғаны мәлім болып отыр. Осы шешімнің жай-жапсарын толығырақ білу мақсатында біз бейсенбі күні Сауат Мыңбаев мырзаның көмекшісі Айдар Хасановпен телефон арқылы хабарласқан едік. Ол кісі бізге сауалымызды жазбаша түрде факс арқылы жолдауымызды сұрап, оған жауапты келесі аптада алатынымызды айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған осы бағдарламасын жүзеге асыруды бастау туралы Декларацияға осыдан бес жылдан астам уақыт бұрын, 1998 жылдың көктемінде аймақтағы төрт мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қол қойған болатын. Ал сол жылдың күзінде оларға Түркіменстан да қосылды.
Осы арнайы бағдарламаға сәйкес оған қатысушы әрбір мемлекет әріптестік шеңберінде белгілі бір саланы үйлестіру міндетін өз мойнына алған болатын. Қазақстан жағына көлік инфрақұрылымын дамыту және адамдар, тауарлар мен қызметтердің шекарадан өту тәртібін жеңілдету мәселелерімен айналысу белгіленген еді.