Сәрсенбі күні Қазақстанның қор биржасындағы сауда нәтижесі бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 139,80 теңгені құрады. Биржа қызметкерлерінің айтуынша, ең соңғы рет мұндай көрсеткіш 2000 жылдың ақпан айының басында тіркеліпті. Ал, қазақстандық қаржы мамандары АҚШ долларының бағамы алдағы уақытта бұдан да төмендеуі мүмкін екенін ескертіп, жұртшылыққа салымдарының жартысын Қазақстанның ұлттық ақшасы теңгемен сақтау дұрыс болатынын айтып отыр.
Наталя есімді Астана тұрғыны үшін қаңтардың 21-күні Қазақстанның қор биржасында 1 АҚШ долларының орташа бағамы 139 теңге 80 тиынға дейін төмендеуі қуантарлық хабар емес. Керісінше бұл жаңалық Наталяны абыржытып отыр. 48 жастағы кәсіпкер әйел соңғы алты жылдан бері алыс шетелдерден Астанаға киім әкеп сатумен айналысады. Астананың орталық базарында сауда орнын жалға алып отырған Наталя соңғы екі айдан бері АҚШ долларының арзандауымен өзінің шығын тартып отырғанын айтады.
- Доллар бағамының құбылуы бұған дейін де байқалған, бірақ дәл қазіргідей жағдай болған емес. Өткен аптада көптеген жұрт басы артық долларын сата бастады, тіпті маған таныс саудагерлердің 1 АҚШ долларын 130 теңгеден сатып жібергенін көрдім, - дейді кәсіпкер әйел Наталя.
Наталямен іргелес жерде аяқ киім сатып отырған тағы бір кәсіпкер келіншек Вера өткен айда өз бизнесінен пайданың жоқ болуы себепті ісін доғаруға шешім қабылдапты. Вераны мұндай шешім қабылдауға мәжбүр еткен де АҚШ доллары құнының кемуі болып отыр. Астанадағы ақша айырбас орындарында 1 АҚШ долларының бағамы 139 теңгеден төмендеп кеткеніне бір аптадан асты, қазір елдордада доллардың орташа сату бағамы 138,5 теңге болса, сатып алу бағамы - 136 теңге, кей жерде тіпті 130 теңге боп тұр. Қазақстан ұлттық банкі орталық филиалында валюта операцияларын бақылау бөлімін басқаратын Жанат Байманованың айтуынша, әдетте, Астанада банктер мен өкілетті ұйымдардың ақша айырбасы орындары арқылы ай сайын орташа есеппен 38 млн АҚШ доллары сатылса, 24 млн долларға дейін сатып алынады екен.
- Ал өткен жылғы қазан-желтоқсан айларында Астанада сатылған доллар көлем 45 млн-ды құрады, - дейді Жанат Қонысбайқызы, ол мұның себебін, былтыр күзде елде астық бағасының өскенімен байланыстырады.
Ұлттық банк маманы доллар бағамына байланысты алдағы уақытқа болжам айтудан тартынады. Бұл мәселеде ол тек жағдайдың Қазақстаннан өзге елдерде де ұқсас екенін айтумен шектелді.
- Ал, ақша жинағы бар қазақстандықтарға салымының жартысын Қазақстанның ұлттық ақшасы – теңгеде, қалған бөлігін еуро, доллар немесе ресей рублі секілді өзге мемлекеттердің ақшасында сақтауға кеңес берген болар едік, - дейді Жанат Байманова.
АҚШ долларының төмендеуі жайында Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы, қазірде парламент мәжілісінің депутаты болып отырған Ғалым Байназаровтың пікірін білген едік. Ғалым мырза доллардың төмендеуі алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін екенін айтады.
Ғалым Байназаров:
- Оның әртүрлі себпетері бар, негізгісі АҚШ-тың жүргізіп отырған монетарлық ішкі саясатына көп байланысты. Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың өзінде доллардың есептік бағамы 1,25 пайыз болатын. Бірақ, қазір АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі мақсатты түрде «арзан ақша саясатын» жүргізіп отыр. Себебі, мұндай саясат АҚШ-тың қазіргі үкіметіне тиімді болып отыр. Мынадай көрсеткіштен көруге болады: 2003 жылды көптеген халықаралық қаражат институттары, соның ішінде Халықаралық валюта қоры да бар, АҚШ экономикасының даму қарқыны төмен, ол 1-1,5 пайыздан аспайды деп болжам жасаған болады. Бірақ, жылдың алдын-ала қортындылары бойынша, АҚШ экономикасы 3 пайызға өсіп отыр. Бұл АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі ұстанып отырған жаңағы «арзан ақша саясаты» өзін ақтап отырғанын көрсетеді.
Сонымен, өзге әлемдегі секілді Қазақстанда да доллардың теңгеге бағамы күн сайын арзандап келеді. Оның қай кезге дейін жалғасып, қай деңгейде тұрақтайтыны әзірге беймәлім болып отыр.