Қырғызстанның Орталық сайлау комитеті елдің сайлау заңына енгізілген түзетулер мен өзгерістер мақұлданғанын хабарлады. Жаңадан кіргізілген өзгерістердің кейбірі кандидаттар мен саяси партияларға ғана қатысты болып қоймай, сайлау алдындағы науқанның БАҚ-да жазылып, қамтылу әдістеріне да әсер ететін түрі бар.
Қырғызстан елдегі парламенттік сайлаудан бір жыл бұрын Сайлау заңдарына бірқатар түзету мен өзгерту ензігіп, бекітіп алды.
Президент Асқар Ақаевтың қолдаушылары болса, бұл өзгерістер Сайлау заңын демократияландыра түседі деген пікрлер айтады. Ал саяси оппозиция жағындағылар болса, бұл түзетулер заңды бұрынғыдан да нашарлата түсті деп есептейді.
Сонымен қорыта айтқанда қырғыздың Сайлау туралы заңына кіргізілген өзгерістердің мәні қандай және оның қандай ерекшеліктері бар?
Сәрсенбі күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Сұлайман Иманбаев бұл өзгертулердің қабылдануы - Сайлау заңын халықаралық талаптарға сай етті деп атап көрсеткен:
- Менің ойымша бұдан Қырғыз республикасының Сайлау туралы заңы жақсарып, жетілдіріліп және халықаралық сайлау талаптарына жауап бере алатын болды. Және ескеретін жайдың барлығын да ескердік деп ойлаймын.
Иманбавтың айтуынша, барлығы Сайлау кодексіне 206 түзету мен өзгерту жасалған. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бұны ең маңызды болған үлгілендіру процесі деп атаған. Бұған дейін Орталық сайлау комитеті мүшелерінің тең жартысын Президент тағайындап, екінші жартысын Парламент тағайындайтын. Ендігі жерде төртеуін Парламенттің жоғарғы палатасы, төртеуін төменгі палата бекітеді де, тағы төртеуін президент бекітетін болады, Иманбаев төраға ретінде қалады.
Сондай-ақ төраға бұдан былай сайлау бюллетендері қатаң бақыланады, мемлекеттік мекемелер қолдан ешқандай ойын жасай алмайтын болады деге пікірде. Түзетулерде мұнымен бірге билік басындағылардың азаматтарды тіркеу барысындағы жауапкершілігін арттыру жағы да қарастырылған.
Сайлау комиссиясының төрағасы оппозициялық топтардың ендігі сайлауда тіркелуге үлгере алмай қалғандары тіркеуден өткендерімен бір блокқа бірігуі сияқты өткен сайлауда орын алған жайларға мүмкіндік берілмейтіндігін де айтқан. Оппозиция тарабының пайдасына қарастырылмаған өзгерістің енді бірі - 2003 жылы ақпанда қабылданған Конститутцияда белгіленгендегіден, партиялық тізім бойынша өтетіндердің саны қысқара түскен. Бірақ парламент депутаты Ишенбай Қадырбеков аталған өзгерістерді талқылау барысына парламенттегі оппозициялық топ мүшелері қатысқан болатын, сондықтан олар енді бұған наразылық білдіре алмайды дегенді айтады.
Дегенмен де парламенттің оппозициялық мүшесі Әзімбек Бекназаров Сайлау кодексіне енгізілген түзетулерді сынға алады.
Жаңа шектеулер Қырғызстандағы бұрынғы сайлаулардың соңғы турындағы кейбір ерекшеліктерді жоюға бағытталғандығын аңғартады. Әдетте соңғы турда бәсеке негізінен президенттік кандидаттар мен оппозиция үміткерлері арасында қалады да, берілген уақыт мөлшерінде оппозиция өз кандидаттарының төңірегіне топталып, бірігіп үлгеретін.
Аталған өзгерістердің ішіндегі тағы көңіл аударарлығы - шетелдік БАҚ-ы және олардың сайлау тақырыбын жазуы турасында болып отыр. Демек Қырғызстанда жарық көретін шетелдік басылымдар енді сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанына қатыса алмайды. Яғни Қырғызстандағы Ресей газеттерінің этникалық орыс кандидаттарына қолдау көрсете алмау жағы ойластырылған деуге болады. Алайда бұл шектеулер Қырғызстанға хабар тарататын шетелдік бейтарап, мәселен BBC радиосында, "Азаттықтың" қырғыз тіліндегі хабарларында, немістің "Дойч велле" радиосында парламентке кандидаттардың хабарларға қатысып, сөз алуларына да мүмкіндік берілмейді дегенді білдіруі де ықтимал.