Сейсенбі күні БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтың тәуелсіздігін орнату үшін ертерек, 30 маусымға қарай сайлау өткізуге қаншалықты мүмкіндік бар екендігін барлап, жан-жақты зерттейтін арнайы топты жөнелтетіндігін мәлімдеген.
Париж қаласында жария болған мәлімдемесінде Бас хатшы арнайы сарапшылар командасы Ираққа онда қауіпсіздік қамтамасыз етілетініне көз жеткен күні аттанатын болады деп айтқан. Ұлттар ұйымының талдаушылары Ирақта жақын арада сайлау өткізудің қаншалықты мүмкіндіктері бар деген мәселені жан-жақты зерттейтін болады дейді ол. АҚШ болса, БҰҰ-ң сарапшылар тобы Ирақта басым көпшілік болатын шиит мұсылмандарының елде 30 маусымға қарай тікелей сайлау өткізу туралы деп талап қоюына байланысты қалыптасып отырған күрделі ахуалды анықтап, тығырықтан шығаруға ықпал етеді деген сенім артып отыр.
Ирақтағы АҚШ бастаған коалиция күштері Кофи Аннанның Ираққа БҰҰ-ң сарапышыларын жібереміз деген мәлімдемесін құптап қарсы алды.
Бағдадта коалиция өкілі Чарльз Хитлей "Біз Бас хатшы Кофи Аннанның Ираққа 30 маусымға дейін тікелей сайлауды өткізу мүмкіндігін зерттейтін арнайы команда жіберу жөніндегі шешімін қуана қабылдаймыз" деп атап көрсеткен.
Сайлауды қашан өткізу турасындағы мәселе Американың Ирақтың тәуелсіздігі жөніндегі жоспарына нұқсан келтіруі мүмкін. АҚШ-тың мақсаты сайлауды асықпай, алдымен әділ дауыс берулер өту үшін бар қажетті жағдайды жасап алу қажет, мәселен толықтай қауіпсіздікті қалпына келтіруден бастап, тұрғындардың санағын алу, сайлаушыларды тіркеу және кандидаттарға науқанды байыпты өткізуге мүмкіндік беру сияқты жайттар бар. Бұл аралықта сайланбаған өтпелі жиын, демек Ассамблея биылғы көктемде аймақтық фракциялық жиналыста іріктеліп, онда Ирақтағы барлық этникалық топтардың, діни ағымдардың мүдделерінің қорғалуына мән берілер еді. Өтпелі Ассамблея болса, 2005 жылы сайлау өткізілетін уақытқа дейін елді басқаратын өтпелі үкімет мүшелерін таңдап, іріктейтін болады. Аталған жоспарды негізінен Ирақтағы шиит мұсылмандары демократиялық емес және заңсыз деп қатты сынға алғаны белгілі. Шиит мұсылмандарының діни тобы өздері үшін тікелей сайлау әлдеқайда пайдалы болады деп есептейтін болу керек.
Дегенмен де жақын күндері шиит мұсылмандарының жетекшісі әл-Систани егер БҰҰ-ң сарапшылары Ирақта тез арада сайалу өткізудің мүмкіндіг жоқ дейтін болса, өзінің мұндай пікірмен де ымыраға келетіндей ниетінің барлығын да байқатты. Өткен аптада ол өз жақтастарын БҰҰ-ы Ирақта ерте сайлау өткізудің мүмкіндігін барлап, белгілі бір шешім қабылдағанға дейін қарсылық шерулерін тоқтата тұруға шақырды.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Ерели бұл тұрғыда былай деген:
- Біз сайлаудың 15 қарашадағы келісімде айтылған мерзімді ұстанатын тетіктерін қарастырып жатырмыз және осы құрылым шеңберінде Ирақ билігін өз адамдарына беру кезегін қалай тиімді және жеңіл жүзеге асыру турасында өз ашық пікіріміз бар.
Тікелей сайлау өткізу мәселесін жалпы алғанда Ирақтағы басты деген басқа екі топ - сүннит мұсылмандары мен күрдтер көтеріп отырған жоқ. Ирақтағы басқару кеңесінің мүшесі және тәуелсіз күрд саясаткері Махмұд Отман Азаттық радиосына айтқан пікірінде тікелей сайлау Ирақты бей-берекеттіккке апарады деген:
- Біз біріншіден оккупацияның астында отырмыз,екіншіден мұнда қауіпсіздік әлі орнай қойған жоқ. Үшіншіден, сайлаушылардың тізімі жасалмаған, тіркеу жоқ. Төрт миллиондай ирақтық азамат қуылып кеткен, сыртта жүр, олар сайлауға қатыспай қалуы мүмкін. Бұдан басқа да көптеген себептер бар, - Кофи Аннанның Бағдадта өткен жазда болған жарылыста БҰҰ-ң осындағы басты өкілі мен басқа да 21 адам опат болғаннан бері ұйым қызметінің мұндағы қауіпсіздігіне алаңдайтыны белгілі.