Алдағы жексенбі күні жер бетіндегі барша мұсылман үшін қасиетті саналатын мерекелердің бірі – Құрбан айт мейрамы басталмақ. Өзге ел секілді бұл діни мейрамды қарсы алуға әзірленіп жатқан Астанада жұма күні жаңа мешіт ашылды.
Биыл Астана өңірінен қажылық сапарға 20 адам аттанған. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі артық дейді елорда мешітінің имамы Қалижан Заңқоев. Қажыға кеткендердің жас шамасы 25-пен 80 жас аралығында. Біз имамнан биылғы қажылық сапары бір адамға қанша ақшаға түскенін сұрадық.
Қалижан Заңқоев, Астана мешітінің имамы: - Екі мың доллар, былтыр да сол шамада болған. Оның ішінде барып-қайту әуе жол құны, сол жақтағы үш мезгіл тамағы, жатар орны және құрбанға шалар мал бағасы енеді. Ал енді мұндай ақша, әрине, біреуге тым қымбат, ал басқа біреудің ондай соманы шығаруға шамасы келеді. Бірақ, Оңтүстік Қазақстанда бір фирмалар бұдан сәл арзандатып, 1700 долларға алып барамыз деп, жұрттан ақша жинап, кейіннен ұйымдастырушылардың шикілігінен әлгі адамдар қажыға бара алмай қалып жатқаны да бар.
Қажылық шегу ниеті бар мұсылман Астанада да аз емес. Бірақ, 2 мың доллар кейбіреулер үшін тым көп ақша болса, енді біреулер мұсылмандардың қасиетті мекеніне осымен бірнеше мәрте барып отыр екен.
Қалижан Заңқоев, Астана мешітінің имамы: - Биыл осы Астанадан жасы 70-дегі бір апа осымен қажылықа 9-шы рет кетті. Өз айтуынша ол кісіні балалары жыл сайын Меккеге қажылыққа аттандырады екен.
Кеңестік дәуірде жұрт қол үзіп қалған ислам діні Қазақстан азаттық алған соң Ақмола өңірінде де қайта жаңғырып отыр. Қазір өз еркімен діни сауаттарын жетілдіру мақсатымен Астана мешітіне келетіндердің қатарында жастар мен өзге діннен мұсылмандыққа бет бұрғандар аз емес дейді мешіт имамының көмекшісі Бағдат Әбдікәрімов:
- Қазір Астана бойынша ислам дінін қабылдаған орыс және өзге ұлт өкілдерінен 100-ден аса адам бар.
Қазақтардың құрбан айт кезінде аруақтарға арнап мал сойып, құран бағыштап, қатым түсіретін дәстүрі биыл да жалғасын тауып отыр. Астана базарында құрбан малын әкеп сатып тұрған ауыл қазақтарының бір-екеуін сөзге тартып көрген едік.
Әлімжан, «Ақтық» шаруа қожалығының басшысы: - Биыл осы Құрбан айтқа арнап семірткен 50 еркек тоқтыны әкеп тұрмын. Әрқайсысының бағасы он үш мың теңгеден сатып тұрмын.
Серік, ауыл тұрғыны: - Мен жұмыссызбын, осы айтқа 3 қой жемдеп ұстаған едім. Соның екеуін бүгін қалаға сатуға әкелген едім. Біреуі 12 мың теңгеге өтіп кетті, енді екіншісін сатсам, алған ақшаға қаладан ауылға азық-түлік алып қайтамын. Үйде тұрған қойды өзім құрбандыққа шалып, әкеме арнап қатым түсірем.
Биылғы келе жатқан Құрбан айт мейрамы Астана мұсылмандары үшін тағы бір жақсы хабармен толығып отыр. Жұма күні қаланың шет аймағында ішіне мың жарым адам сиятын жаңа мешіт үйі ашылды. Астанадағы «Сұңқар» деп аталатын жеке меншік кәсіпорынның қаржысына 1999 жылдан салына бастаған 5 мұнаралы бұл мешіттің құрылысына 200 млн теңгеден астам ақша жұмсалыпты. Өзгелерден жоғары тұрған екі мұнарасының әрқайсысының биіктігі 44 метрді құрайды. Жұма күні жаңа мешіттің ашылуына жиналған жамағат алғашқы құлшылық мінәжатын өткізді.