АҚШ-та кезекті президент сайлауына дайындық науқаны басталып жатыр

АҚШ сенаторы Джон Керри қараша айында болатын сайлауда қазіргі президент Дж.Бушты биліктен тайдыру үшін, оның Ирақтағы соғысын ащы сынға алып, өзінің сайлауалды науқанын бастады. Демократиялық партияның Бостон қаласындағы жалпы ұлттық сиезінде Джон Керри өзін қолдауға келген қалың жұртшылық алдында ол Американың халықаралық абырой-беделін қалпына келтіріп, АҚШ халқының әлеуметтік жағдайын арттырамын деп уәде берді.
Өзін қолдауға келген қалың жұртгшылық алдында сөйлеген сөзінде ол Американың дүние жүзіндегі жетекші рөлін қалпына келтіруге, АҚШ-тың басқа елдермен арадағы одағын нығайтуға және халықаралық терроризмге қарсы күресті күшейте түсуге ант берді. Демократиялық партияның атынан президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде ұсынылған Джон Керри сөзінің жартысын елдің ұлттық қауіпсіздігі мен Ирақтағы ахуал тақырыбына арнады. 2002 жылдың қазан айында Саддам Хусеинді биліктен түсіру үшін Ираққа қарсы соғыс ашуды қолдап дауыс берген сенатор енді соғыс ашу үшін Дж.Буш елді адастырды және соғыстан кейінгі Ирақтың жайын ойластыруды ұмытты деп айыптады.

ДЖ.КЕРРИ:

- Президент ретінде ғасырлардан бері қалыптасқан ұлттық дәстүрімізді мен орнына келтіремін: Амрика Құрама Штаттары ешқашан өзі қалаған кезде соғысқа бармайды, біз мәжбүр болған кезде ғана соғысқа барамыз.

Джон Керри президент болып сайланған күнде бірінші кезекте жүзеге асыратын ісін баяндады. Қызметке кіріскен кезінде ол 2001 жылдың 11 қыркүйегінде лаңкестік шабуылдың себеп-салдарын тергеген арнайы комиссияның кеңестеріне сәйкес, ақпараттар жүйесін қайта қарамақшы. Сенатор Керри, сондай-ақ, Американың қарулы күштерін 40 мың жауынгерге ұлғайтанын тағы да қайталап айтты. Өйткені, оның пікірінше, АҚШ жауынгерлері бүкіл әлемде қатты шаршап-шалдығып, зор қысым көріп жатыр. Керридің мәлімдеуінше ол АҚШ-тың одақтастарымен арадағы ынтымақтастықты қайта нығайтып, Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қаржылай ауыртпалықты бірлесе көтеруге үгіттемекші:

- Президент ретінде мен терроримзге қарсы әлдеқайда ауқымды да екпінді күрес жүргіземін. Біз қолымыздағы барлық мүмкіндігімізді іске қосамыз: экономикалық күш-қуатымызды да, қарулы күштеріміздің мүмкіндіктерін де пайдаланамыз. Біздің принциптеріміз – біздің қаруымыздың қуаты тәрізді бір ізді.

Сенатор Керри Демократиялық партияның Бостондағы 4 күндік сиезінде президент Дж.Буштың әкімшілігін ащы сынаумен болды. Оның сөзінде вице-президент Дик Чейни басқарған бір топ энергетика компаниясы мен террористердің ізін кесуде асыра сілтеген Бас прокурор Джон Эшкрофт та сыналды.

ДЖ.КЕРРИ:

- Мен соғысқа байланысты Американы ешқашан алдамайтын бас қолбасшы боламын. Менің қоршаған ортаны ластайтындармен экологиялық заңдарды қайта жаздыру мақсатында құпия кездесулер өткізбейтін вице-президентім болады. Мен әскери лидерлердің ақыл-кеңесіне құлақ асатын қорғаныс министрін тағайындаймын. Және де, мен Америка Құрама Штаттарының заңдарын кіршіксіз қорғайтын бас прокурорды тағайындаймын.

Джон Керри энергетика саясатын ұлттық қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланыстыруға сөз беріп, Таяу Шығыстың мұнайына сенім арту – АҚШ-тың қарулы күштері мен экономиканы қатерге соқтырады деп мәлімдеді. Оның сайлауалды науқаны энергия қуатының балама көздерін қарастыру мен жанар майды үнемдейтін автокөліктердің өндірісін дамыту жоспарын бір апта бойы насихаттады. Қоғамның сауалнама көрсетіп отырғандай, Америка халқы Джон Керриден нақты іс-қимылда күтетінін аңғартты. Бейсенбі күні кешкісін Джон Керри өзін адал отағасы, елдің жалынды патриоты әрі тәуекелшіл лидер ретінде көрсетуге тырысып бақты. Қоғамның сауалнама көрсетіп отырғандай, саяси рейтінгісі жағынан Джон Керри қазіргі президент Дж.Буштан сәл алда келеді.