Ташкентте Америка Құрама Штаттары мен Израиль мемлекетінің елшіліктері жанында және Өзбекстан бас прокуратурасы алдында бас-аяғы 3 жарылыс болды. Жарылыстар жайында Ташкенттен біріне-бірі қарама-қайшы келетін хабарлар келіп жатыр.
Жұма күні кешкісін Өзбекстан астанасы Ташкентте Америка Құрама Штаттары мен Израиль мемлекетінің елшіліктері жанында және Өзбекстанның бас прокуратурасы алдында бас-аяғы 3 жарылыс болды. Жарылыстар жайында Ташкенттен біріне-бірі қарама-қайшы келетін хабарлар келіп жатыр. Мысалға, Израильдің Өзбекстандағы елшісі Тзви Коэннің хабарлауынша, Израиль елшілігінің жанында болған жарылыстан кем дегенде 2 Өзбекстан азаматы құрбан болды. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, елшіліктің күзтеі бір ғана адамның опат болғанын растаған. Израиль Радиосының хабарлауынша, Израиль елшілігі жанындағы жарылысты жанпидашыл-террорист жүзеге асырған тәрізді. Израильдік Радионың мәліметіне сәйкес, жарылыстан кем дегенде 2 адам қаза болған. Алайда, Тзви Коэн кешірек ол ақпар расталған жоқ деп мәлімдеді. Израиль елшілігі жанында жарылыс болғанын біздің Ташкенттегі тілшіміз – Садриддин Ашуров та растады.
Садриддин Ашуровтың айтуынша, Израиль елшілігі жанында жарылыс болған сәтте тілшіміз одан 200 метр қашықтықтағы бір мекемедегі семинарда отырған және жарылыстан кейін 10 минут өтпей-ақ семинар доғарылып, онда отырғандар елшілікке жүгіріп барған. Израиль Радиосының хабарлауына қарағанда, Израиль елшілігінің жанында жарылыс болған сәтте елшілік қызметкерлерінің барлығы ғимараттың ішінде болып, ешкім жапа шекпеген. Өзбекстанның құқық сақшылары сол ауданда тінту жүргізіп жатыр.
Өзбекстан ішкі істер министрі Закіржан Алматов пен бас прокурор, генерал Рашид Қадыровтың мәлімдеулеріне қарағанда, бас прокуратураның кеңсесінде болған жарылыстан кем дегенде 5 кісі жараланған. Алматов пен Рашидов жанпидашыл-террорист ер кісі бас прокуратураның ғимаратына кіріп келіп, өзін жарып жіберген.
Куәгерлердің хабарлауынша Америка Құрама Штаттарының Ташкенттегі елшілігіндегі террористік шабуылды да жанпидашыл-террорист іске асырған. Олардың айтуынша, террорист елшіліктің сыртында орналасқан күзетшілер бөлмесіне кіріп келіп, өзін-өзі жарып жіберген. Қанша адамның құрбан болғаны жайында әзірше ешқандай мәлімет жоқ. Өзбекстанның бас прокуратурорының баспасөз-хатшысы Светлана Артықова да ешбір қосымша ақпар бере алмады.
Одан бұрын – наурыз айының соңы мен көкек айының басында Ташкент пен Бұқара қалаларында лаңкестік бірқатар шабуыл ұйымдастырылып, 47 адам, оның ішінде 33 террорист, 10 милиция қызметкері және 4 бейбіт тұрғын құрбан болды. Осы күні Ташкент сотында осы лаңкестік шабуылдарды ұйымдастырды деген айып бойынша 13 ер кісі мен 2 әйел адамның қылмыстық істері қарала бастады. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, Украинаның Қырым түбегінде демалып жатқан өзбек президеті Ислам Кәрімов демалысын үзіп, Ташкентке оралмақшы. Қырым үкіметіндегі ақпарат көзінен “Рейтер”-ге И.Кәрімовті алып келуге ұшақ жіберілгенін хабарлады.