Украинадағы соңғы оқиғалар Орта Азияға жалғасын табады. Алдағы үш айда Қазақстаннан басқа Орта Азияның барлық республикасында бірінің ізінше бірінде парламент сайлауы өтеді. Оның барысында, бәлкім, Орта Азия республикаларында демократияның ауадай жетіспейтіні тағы да байқалуы әбден мүмкін. Украина халқының жаппай азаматық белсенділігі Орта Азия халықтарына үлгі-өнеге немесе қандай да бір ықпалы бола ма, жоқ па? – Орта Азия елдерін міне осындай сауал толғандырып отыр.
Өткен жылы грузин президенті Эдуард Шеварнадзені тақтан құлатқан Грузиядағы “Мақпал төңкерісі” Орта Азияда демократиялық реформаларды жүзеге асыруды мақсат еткен оппозициялық күштердің үлкен қызығушылығын туғызды. Ал енді Украинаның Киев көшелерінде мыңдаған халықтың бейбіт наразылық шеруін өткізіп жатуы Орта Азиядағы оппозициялық күштердің үмітін одан да ұлғайта түсті.
Өзбекстандағы демократиялық “Ерік” партиясының шетелде қуғында жүрген лидері Мухаммад Салих “Азаттық” Радиосымен өз ойын былай деп ортаға салды.
"Біз Украина оппозициясының күресін қолдаймыз. Украинаның демократиялық күштері күрес-тартыстың бірінші сатысынан абыроймен шықты. Біз олардың түпкілікті жеңіске жетуіне тілектеспіз. Бұл жеңіс – бостандыққа деген сенімін әлі жоғалтпағандардың жеңісі болмақшы”. Жуырда қазақ оппозициясы оппозициялық үміткер В.Ющенконың қолдаушылары қолданған әдіс-тәсілді үйрену үшін Украинаға барып келді. Делегация мүшесі – Қазақстан компартиясының 2 хатшысы Т.Тоқтасыновтың атап көрсетуінше, Грузиядағы “Мақпал төңкерісі” мен Украинадағы жаппай наразылық толқулары Қазақстанда 2007 жылы өтетін президент сайлауының қарсаңында соған ұмтылады.
Алайда, көп елдің арасынан жалғыз Ресейге ілесіп Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері 21 қарашада болып өткен президент сайлауының соңғы нәтижесі жарияланбай жатып, ресми биліктің үміткері – премьер-министр В.Януковичті жеңісімен құттықтап үлгерді. Ал премьер-министрдің жеңісін оның бақталасы В.Ющенко “жаппай бұрмалаудың” нәтижесі деп айыптады. Ал В.Януковичке жолдаған құттықтауында Қазақстан президенті Н.Назарбаев “оның жеңісі – Украина халқының демократия мен ұлттық бірлікті және экономикалық өркендеуді таңдағанын байқатты” деп жазды.
Дегенмен де, Орта Азияның лидерлері Украина мен Грузияда жүзеге асырылған әдіс-амалдар күндердің бір күнінде өз елдерінде іске асуы мүмкін бе? –деген сауал қоюы ықтимал. Мысалға Қырғызстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында:
“Көшелерді халыққа лық толтырып, билікке наразылық білдіріп, сайлау нәтижесін қайта қарауды талап ету – заңсыз әрекет”, -деп Украинада оппозициясын жатып кеп сынға алды. Тәжікстанның ресми билігі Украинадағы сайлауға пікір білдірмеді.
Тәжік президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығы директорының өкілі Сайфулло Сафаров Украина оппозициясының іс-әрекетіне сын көзбен қарайды. Ол оппозицияның әрекеті Тәжікстанда 1990-ыншы жылдары болған азамат соғысына душар етуі мүмкін деп санайды.
"Украина халқы елде саяси қозғалыс арқылы демократия орнатуды көздейді. Бірақ демократияның ұзақ мезгіл ішінде игерілетін құндылықтары бар. Біздің тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, егер халық демократия орнатқысы келсе, заңды сайланған билігімен және президентімен бірге әрекет етуі керек”.
Түркіменстанның ресми билігі де Киевтегі күрес-тартысқа сыр білдірген жоқ. Өзінің аты-жөнін атамаған түркімен азаматы “Азаттық”-қа берген сұхбатында: Түркіменстан сынды саяси режим үстемдік еткен елдің баспасөз құралдары Украинадағы дағдарысты байқамайды деп атап көрсетті.
"Түркімендер ақиқат пен Ющенконы қолдайды. Егер шындықты айтса, Түркіменстанның баспасөзі Украинадағы саяси дағдарысты жасырмайды... барлық баспасөз, әшейін, музыка мен әнді береді де отырады”.
Ал Қазақстандағы демократиялық “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Ә.Байменов Украина - бұрынғы Совет одағы республикаларына демократияны өркендетудің үлгісі бола алады деп мәлімдейді. Ал Украинаның демократиялық күштері бірнеше жыл құрылып, енді қуатты саяси блок құрды. Орта Азия елдерінің оппозициялық күштері бірлесуге енді ғана кірісіп жатыр.