"Бір үйге бір бала" саясатымен халық санын 1 миллиард 300 миллионға жеткізуді төрт жылға кейінге шегерген Қытай мемлекетінде енді қалыңдық жасына жеткен қыздардың аздығы мен жастары ұлғайған қарттардың көбейіп кетуі сияқты мәселе туындап тұр.
Бала санын шектеуге байланысты Қытайда әр жүз қыз нәрестеге шаққанда 117 ер бала дүниеге келеді екен. Енді Қытай елінде кәмелеттік жасқа толған бойжеткен қыздардың ұрлануы жиілеп кеткен. Қытай үкіметі міне осындай қалыңдықтың жетіспеушілігі мен халықтың қартаюы сияқты мәселені қалай шешуді ойластырып, бастарын қатыруда.
Қытай мемлекеті сейсенбі күні елдегі халық саны 1 миллиард 300 миллионға жетті деп ресми түрде жариялады. Қытайдың 1 миллиард 300 миллионыншы болып туған тарихи сәбиі де ұл бала екен. Міне бұл деректің өзі де Қытай тұрғындары жөніндегі нағыз мәселе оның санында емес, халықтың құрамында, демек жынысында екендігін көрсетеді дейді қазіргі қытай демографиясы туралы мамандар.
Қытай бір отбасына бір бала деген шектеулі саясат арқылы халық өсімін тоқтата алса, ендігі мәселе тұрмысқа шығатындай қалыңдық жасына жеткен бойжеткен қыздардың жетіспеушілігі мен ел тұрғындарының басым бөлігінің жастары жеткен қарттар екендігінде болып тұр.
Дәстүрлі қытай қоғамында жасы келген қарттарға қамқорлық мемлекеттің емес, отбасының міндеті болып келген. Алайда бұрын әр отбасында алты бала болатын және қартайған ата-аналарына қамқорлықты сол ұрпақтарының бірі болмаса, бірі жасайтын. Әр отбасында бір бала деген шектеу уақыт өткен сайын дүниеге ұрпақ әкелер, ата-аналыққа қабілетті тұрғындар санын да азайтты, барларының өзін қартайтты.
Міне бұл проблемалар Қытай үкіметін зейнетақы жүйесінде және басқа да салаларда реформалық тәжірибелер жасауға мәжбүр етті.
Американдық санақ бюросының экономисі Лорин Уест тұрғындардың үштен екісін құрайтын ауылдық жердегі қытайлықтардың санасын, ойлау жүйесін өзгерту қажет деп есептейді.
- Зейнетақы бағдарламасы белгілі бір дәрежеде қалалық бағдарлама болып саналады. Міне бұл өзгерістердің басы болады. Қарттар санының өсуі бұдан әрі олардың балаларына байланысты емес, олар енді зейнетақысына иек артады, - дейді Лорин Уест.
Ал ауылдық жерлер олармен салыстырғанда балаларына тәуелді. Бірақ бұл да үкіметтің аталған бағдарламаны қаншалықты кеңейте алатындығына немесе оның орнына ауыл тұрғындарына не ұсына алатындығына байланысты болады. Олар қамқорлықты керек ететіндердің неғұрлым аз болғанын қалайды, алайда уақыт өткен сайын олар тек бір бала немесе екі балаға қарап қалады немесе басқа бір қаржы көзінің болғаны барған сайын маңызды бола түседі. Неғұрлым жас қытайлықтар үшін ең күрделі мәселе ол - еркек кіндіктілердің көп, ал әйелдердің азайып бара жатқандығында.
Отбасындағы бала санына шектеу қойылуынан жасанды түсік тастау кезінде артықшылық неғұрлым ұл балаларға берілетіндіктен де, тумай жатып жарық дүниемен қош айтысатын шараналар - қыз болып жаралғандар екен. Міне бұл Қытайда гендерлік сәйкестіктің бұзылуына әкеліп соққан.
Әрине, бүкіл әлем елдерінде ерлердің саны әйелдердің санынан сәл де болса артық болатыны заңды құбылыс. Ал Қытай мемлекетінде бұл көрсеткіштің айырмашылығы тым алшақтап кеткен. Санақ бюросының демографы Даниел Гудкинд ерлердің санының басымдығы жалпылай алғанда миллиондап есептеледі де, ол елеулі әлеуметтік проблемаларды алға тартады дегенді айтады.
- Неке қиып, үйленуде күрделілік тудыратын демографтар айтатын ең жалпы мәселе - ол потенциалды әйел немесе күйеу болатын ерлер санындағы тұрақсыздық, демек өзара тепе-теңдіктің сақталмауы. Отбасын құрауда бұл ретте Қытайда ерлер жағына әйелдер тапшылық етеді, - дейді.
Сонымен ширек ғасырға жалғасқан Қытайдағы әр үйге бір бала саясаты осындай проблемаларды алға шығарды. Қытай баспасөз құралдары кейінгі уақыттарда отбасындағы жалғыз қыздың кәмелеттік жасқа жетісімен ұрлануы немесе әйелдікке сатылып кетуі тәрізді тақырыптарды көбірек көтеретін болды.
Жақында көрсетілген бір деректі фильм соңғы бірнеше жылда 100-ден астам ұрланған қалыңдықты қайтаруға жауапты полиция қызметкері жөнінде болған. Қытай үкіметі енді бұл проблемаларға қарсы тұру үшін бала санына деген кейбір шектеулерді босаңсытып, жасанды түсік жасату кезінде баланың жынысына қарай таңдауларға жол берілмеуін ретке келтірмекші.