Қазақ өнерінде өшпес із қалдырған әнші, әртіс Құрманбек Жандарбековтің туғанына биыл 100 жыл толды.
- Құрманбек Жандарбеков, Қалыбек Қуанышбаев пен Күләш Байсейітова - қазақ өнерінің өшпес жұлдыздары. Олардың шеберлігін бүгінгі күнге дейін ешкім қайталап көрген жоқ, - дейді халық әртісі Роза Бағланова.
Ол аталған үшеуді «саф алтынға» теңейді.
- Сахнаның гүлі дейміз. Орысша «самородок» дейміз. Анау да, мынау да Құрманбек, Қалыбек, Күләш болғысы келді. Бірақ ешқайсысы солардай бола алған жоқ, - дейді Роза Бағланова.
Осылардың ішінде өзінің жеке өміріне Құрманбек Жандарбековтің қалайша оң ықпал еткендігін Роза Бағланова былайша еске алады:
- 1947 жылы тамыз айында Өзбекстаннан осында келдім. Алдымен опера театрына барып, директордың кабинетіне кірсем, сонда Жандарбеков ағай отыр екен. Ол маған не деді ғой дейсіз ғой? Бұл «Қыз Жібектегі» Төлегеннің қарындасының әнін айтады, соның ролін ойнайды деді.
Оның айтуынша, «Қыз Жібек» операсындағы Бекежан партиясын орындайтын Құрманбекке тең келер әнші болған емес.
- Бекежанды талай адам айтып жүр ғой. Бірақ дәл сондай айтатын адам қазір жоқ!
Құрманбек Жандарбековті кейінгі буын опера әншілерінің көпшілігі пір тұтады. Солардың бірі, 1985 жылдан бері «Қыз Жібекте» Төлегенді ойнап келген халық әртісі Кенжағали Мыржықбаев Құрманбек Жандарбековтің әншілігімен бірге импровизациялық шеберлігі де көп әншіге үлгі болғанын еске алады.
- «Қыз Жібекте» Бекежанның Төлегенді өлтіріп келгенде айтатын термесі бар. Соны Мәскеуде «Қыз Жібек» қойылымында айтуы керек болған. Сол кезде жоғары нотасын ала алмай қалып, әуенге ілесіп, «ха-ха» деп күліп жіберген. Бұл сәтті шыққандықтан, сол күйінде қала беретін болды, - дейді Кенжағали Мыржықбаев.
Опера әншісі Қанат Құлымжанов халық әртісі Құрманбек Жандарбековті өнер жолындағы ұстазы ретінде бүгінгі күнге дейін дәртіптеп, еске алады:
- Бірде «Біржан - Сара» операсына дайындық болып жатты. Мен сол кезде кішкентай артпен айтқан екенмін. Сол кезде Құрекең өзі сахнаға жүгіріп шығып: «Ойпырмай, әнді солай айтушы ме еді? Былай айту керек» деп сахнада Біржан салдың ариясын тамаша орындап шыққан еді.
Ал қазақтың опера, театр, кино өнерінде өшпес із қалдырған халық әртісінің ғасырылық мерейтойы бүгін қалай аталып өтіп жатыр? Әртістің жары, актриса Шолпан Жандарбекованың айтуынша, әзірге ешқандай жиын-тойлар жоспарланбаған. Бірақ өзінің әншінің мұрасын таныту мақсатында бір журнал, екі газетке мақалалар жолдағанын айтты.
Халық әртісі Роза Бағланова Құрманбек Жандарбековтің өнерін жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында арнайы мұражай ашса деген ұсыныс айтады. Шолпан Жандарбекованың айтуынша, ең құрығанда қазақ драма театрының негізін қалаған азаматтарға ортақ мұражай ашу артықтық етпес еді:
- 1926 жылы театр ашқан бес шал бар. Сол бесеуіне тым болмағанда бір мұражай ашу керек қой. Бірақ өнер адамын ескеріп жатқан ешкім жоқ. Барлығы кресло мен ақшаның қамымен жүр. Өткенді ұмытқан. Ал жолсыз кезде жол салып, өнердің алғаш шымылдығын ашып, шаңырағын көтерген адамдарды ұмыту - күнә!
Әзірге былайғы жұртқа ғана емес, жас опера әншілеріне де Құрманбек Жандарбековтің өнерін насихаттау деңгейі төмен екендігін айтады халық әртісі Кенжеғали Мыржықбаев:
- Әсіресе қазір Ресейден бітіріп, шетелге ұмтылған жас әншілер оларды «қазақбайский» деп менсінбейді. Білмейді де. Соларға білдіру үшін 100 жылдық мерейтойға орай үлкен насихат жұмысы жүреді деп ойлаймын. Оқымаса да, сол қазақи дауысымен біздегі операның негізін салып кеткен адамдарды құрметтеуіміз керек.
Құрманбек Жандарбеков 1973 жылы дүниеден өтті. «Біржан-Сара» операсын қойғаны үшін ССРО мемлекеттік сыйлығын алған. Ленин орденімен марапатталған. Алматы қаласында бір көшеге аты беріліп, өмірінің соңғы жылдарында тұрғын үйіне ескертікіш тақта орнатылған.