Қазақстанның оппозициялық күштері Алматы қалалық ауданарлық экономикалық сотының "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясын мәжбүрлі түрде жабу жөніндегі шешіміне байланысты наразылық жиынын өткізуге жергілікті билікке өтініш берді.
Қазақстанның адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының жетекшісі Евгений Жовтис Алматы қалалық ауданарлық экономикалық сотының "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясын мәжбүрлі түрде жабу жөніндегі шешімін күшінде қалдыруына байланысты екі түрлі уәж айтады.
- Біріншіден, сот мәжілісіне келе алмаған партия жетекшілерінің бірі Асылбек Қожахметовтің шынымен науқастанғанын дәлелдегенімізбен, оған соттың көзіне жеткізе алған жоқпыз. Екіншіден, сот тыңдауының 5 сағатқа созылғанына қарамастан, төреші Гүлнар Мейіржанова ақылдасуға 15 минут қана жұмсап, табақтай екі жарым беттен тұратын сот үкімін алып келді. Сонда үкімдегі уәждер, дәлелдер қалай дайындалып, қашан компьютерге басылып үлгерді? - дейді Евгений Жовтис.
Осыларды атап көрсеткен Жовтис оппозициялық партияға қатысты мәселені президент әкімшілігі бақылауда ұстап отырды деп есептейді.
Алайда, құқық қорғаушының бұл пікірімен келіспейтін Қазақстан президент әкімшілігінің Алматыдағы баспасөз қызметінің жетекшісі Валерий Жандәулетов сот шешіміне президент аппаратының ешқандай қатысы жоқ екендігін айтады:
- Әлбетте, бұл іске президент әкімшілігінің ешқандай байланысы жоқ!
Биыл қаңтардың 6-сы күні Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Алматы прокуратурасының шағымы бойынша "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясын жабу туралы шешім шығарған болатын. Ал қаңтардың 17-і күні экономикалық сот шешімді жою туралы оппозициялық партияның талап арызын қанағаттандырмай тастады.
Партия лидерлерінің бірі Асылбек Қожахметов партияға қатысты шешімге "саяси тапсырыс" деген баға бере отырып, мұның барлығы мерзімінен бұрын ерте өтетін президенттік сайлауға әзірленген әбігерлік деген болжам айтты.п отт
- Президент сайлауына дайындық басталды. Қалай басталғанын өзіңіз көріп отырсыз. Тек қана қырып-жою! - деді Асылбек Қожахметов.
Алматы прокуратура басқармасының бастығы Әнуар Жұмағұлов болса, сот шешімін заңды дейді:
- Себебі, сот мәжілісінде прокуратура жағынан да, Қожахметов мырза жағынан да барлық деректер келтірілді.
Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис қорғанушы жақтың 15 күн аралағында жоғарғы инстанция – Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым бере алатынын, алайда биліктен тағы қауіп барын айтады:
- Егер президент әкімшілігі шешімін өзгертпесе, бұрынғы жағдай қайталана ма деп қауіптенем.
Ал Асылбек Қожахметов партия үшін тек қарсылық акциясын жасау ғана қалды деп отыр. Оның айтуынша, қаңтардың 29-ы күні Алматыдағы «Астана» алаңында митингі өткізуге рұқсат алу үшін оппозициялық үш партия қаңтардың 18-і күні өтініш жасады.