Қаңтардың 4-не қараған түні сағат 23 шамасында Жамбыл облысы Талас ауданында 01-99 нөмірлі тепловозы апатқа ұшырап, салдарынан тепловоз машинісі мен тауар кассирі мерт болған.
Азаттық радиосына Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметкері Қайрат Тарыбаев хабарлауынша, Ақтаутас-Бөген өткелінің 6-шы шақырымында тепловоздың тежегіш жүйесінің істен шығуы себепті фосфор кені тиелген 19 вагон жолдан шығып кеткен.
- Соның салдарынан тепловоз машинісі 41 жастағы Дастанов пен тауар кассирі Мұқанованың оқиға болған жерде мерт болған, - деді төтенше жағдайлар министрлігінің Жамбыл облысындағы бөлімшесінің қызметкері Раиса Зинятқызы апат болған жерден келіп түскен соңғы хабарламаға сүйене отырып.
Ал әуелгіде тағы екі адамның табылмай жатқандығы жайында хабар тараған еді. Алайда төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық мекеменің қызметкері Раиса Зинятқызы ол екі адамның кейінірек қаза болғанын айтып отыр.
- Ал бұл екеуі үсіп өлді. Бірақ бірден емес... - деді Раиса Зинятқызы.
Дегенмен, оның сөзіне қарағанда, құрбандардың аты-жөндері хабарламада көрсетілмеген. Бірақ жедел деректе төрт адамға «қайтарымсыз» деген, ал екеуіне «санитарлық жағдайда» деген белгі қойылған дейді Раиса Зиятқызы:
- Ауруханаға түскен екі адамның жағдайы ауыр. Себебі, олар көп жарақат алған, әрі ұзақ уақыт суықта қалған.
Жамбыл облысы Талас аудандық ауруханасының бас дәрігері Назым Асановтың айтуынша, тепловоздағы екі азаматтың, дәлірек айтқанда, 37 жастағы Жүзбаев пен 31 жастағы Сүлеевтің қазіргі жағдайы қалыпты.
- Олар түрлі дене жарақатын алып, біреуінің миы шайқалған. Бірақ, жақын күндері олар толығымен айығып, ауруханадан шығуы мүмкін - деді Назым Асанов.
Ал апаттың неден болғандығы әлі күнге дейін анықталмай отыр. Мәселен, төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері жол апаты техникалық ақаулардың салдарынан болды десе, Жамбыл облыстық көлік прокуратурасының атын-жөнін айтудан бас тартқан кезекші қызметкері өздерінің басқа болжам жасап отырғандарын айтады:
- Ауа-райынан деп отырмыз. Жол жабылып қалған боулы керек. Қардың қандай екендігін естіп жатқан шығарсыздар...
Оның айтуынша, бұл мәселе әлі егжей-тегжейлі тексерісті қажет етеді. Мәселен, Кореядан шыққан бұл тепловоздың қай кәсіпорынға тиесілі екендігі де нақты белгісіз. Сондықтан, басқа көлденең факторлардың болуын да жоққа шығаруға болмайды дейді прокуратура қызметкері:
- Кореяның жолы кімге қарайды? Жолға кіммен шықты? Тепловоз техникалық жағынан дұрыс па еді? Кімнің не істеп қойғаны белгісіз... Бәлкім, жолда бірдеңе болып қалды ма, әлде қар жауып қалғаннан ба? Бұл сұрақтардың барлығына жауап іздейміз.
Бірақ ол бұл апатты жағдай басқа көліктердің жүруіне ешқандай кедергі келтірмейтіндігін айтады:
- Ол бір тұйық жолмен жүрген ғой. Негізгі жолға жетпеген.
Қаңтардың 4-і күні таңғы 4-тен аса апат болған жерге Тараз қаласынан арнайы жұмысшылармен поезд келіп жеткен. Бірақ, прокуратура қызметкерлінің айтуынша, ауа райындағы қолайсыздықтарға орай жол жүруі мен телефон байланысы нашарлап, тергеу жұмысы баяу жылжуда.