Совет одағы құлағаннан кейін өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізген Орта Азияның бес мемлекетінің президенттері биліктен оңайлықпен айрылғылары жоқ.
Бұрынғы Совет одағы құрамында болған әр республикада басшы ең көп дегенде бір-ақ рет ауысты. Орта Азия президенттері өз елдерінің конститутцияларын "жетілдіріп", президенттік мерзімдерін мейлінше ұзартып алу үшін түсініксіз референдумдар өткізді.
Орталық Азиядағы бес мемлекеттің бірде біреуінде қазіргі күнге дейін бұрынғы коммунист басшылардың ешқайсысы орынтағынан кеткен жоқ. Орталық Азия президенттері билік басына 1980 жылдары Совет одағы кезеңіндегі коммунистік партияның әр республикадағы орталық комитетінің басшылары ретінде келгендер. Тәжікстан президенті билік тізгініне 1992 жылы ие болды да, кейінірек екі жылдан соң президент деп аталды.
Орталық Азия жетекшілері не себепті билік тізгінін уыстарынан шығарғысы келмейді? Өзбекстанда қызметіне тыйым салынған оппозициялық "Ерік" партиясының басшысы Мұхаммед Салих 1991 жылы сол елде өткен президенттік сайлауда Өзбекстан президенті Ислам Каримовке бәсекелес кандидат болған жалғыз үміткер еді. Ақыр соңында ол елден қашып, Европадан саяси баспана сұрауға мәжбүр болды.
Азаттық радиосына телефон арқылы берген сұхбатында ол, егер Орталық Азия елдерінің президенттері орындарынан кететін болса, "олар саяси күштерін ғана жоғалтпайды, сонымен бірге экономикалық бақылаудан да айрылады" дегенді айтады. Алайда бұл президенттердің орынтағынан қайткен күнде айрылып қалмауға тырысатындығының маңызды бір себебі - олардың президенттіктен кеткеннен кейінгі тағдырларына алаңдайтындығынан деп ойлауға болады дейді Мұхаммед Салих.
- Олардың президенттіктен кеткісі келмейтіндігі - халық тарапынан өздеріне қарсы қандай да бір шаралар жасала ма деп қорқады. Бұл ретте Өзбекстан президентіне ол биліктен кеткен күні жанында жүрген адамдардың өздері-ақ қарсы шығатындығы айқын көрініп тұр, - дейді Салих.
Ислам Каримов орынтағынан кетер болса, өзіне қандай жеңілдіктер мен артықшылықтар жасалуы керектігін қамтамасыз етіп қойған. 2003 жылы Өзбекстан парламенті "Өзбек президенттерінің қимыл-әрекеттеріне негізгі кепілдіктер"деген заң қабылдаған болатын.
Ол бойынша бұрынғы президент пен оның отбасы мүшелеріне "оларды сот ісіне тартып, айып тағуға болмайтын өмірлік иммунитет жеңілдіктері беріледі" делінген. Демек бұрынғы президенттер тұтқындалмайды, олар тергеуге алынбайды деп жазылған заңда. Өзбекстанда президент қызметінен кетісімен өмірлік сенатор лауазымына ие болады. Бұрынғы президенттер мен олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қорғау шарасына мемлекеттен қаржы бөлінеді. Өзбек президенті Ислам Каримов билік басынан кеткен күнде де, ол отбасымен қазіргі тұратын президенттік мекен-жайда қала беретін болады. Егер Каримов қайтыс болса, оның жесіріне басқа табыс көздері болса да, арнайы зейнетақы тағайындалады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Асқар Ақаев та, өздері күндердің күнінде "бұрынғы президент" деген атқа ие болғанда жасалатын әлеуметтік жеңілдіктер мен қауіпсіздік шаралары жөнінде осындай заңдар қабылдап қойған. Түркіменстанның "Түркменбашы" деген мәртебесі бар президенті Сапармұрат Ниязов та өзін өмірлік президент деп жариялаған, бірақ кей кездері ол парламентте президенттік сайлау өткіземін деп айтып қояды.
Орталық Азия елдерінің басшылары орынтақтарынан кеткенде, жалпы бұл аймақтың саяси келбетінде өзгеріс болады. Қырғыз президенті Асқар Ақаев қазан айында болатын президенттік сайлауға қатыспаймын деп шешсе, Қырғызстан Орта Азиядағы жаңа президент сайлайтын бірінші ел болуы мүмкін.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Асқар Ақаев демократияның қолдаушысы ретінде, ал қырғыз елі Орта Азиядағы "демократия аралы" ретінде танылған болатын. Бірақ келе-келе демократия аралы тарылып, Қырғызстанда бар билік бір адамның қолына шоғырланды. Міне сол себептен де қазір кейбір сарапшылар Ақаев биліктен кетемін десе де, әулетінің адамдары оны жібермеуі мүмкін, өйткені олар экономикадағы және саясаттағы бақылау құқынан айрылып қаламыз деп қорқады.
АҚШ-тың Бішкектегі елшісі Стивен Юнг өз хабарламасында президент Ақаевтың биліктен кеткені мақұл деп жазады. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бішкектегі орталығының басшысы Маркус Мюллер Қырғызстанда мемлекет басшылығының өзгеру мүмкіндігі жайында айтады.
Мәскеудегі Карнеги орталығының талдаушысы Андрей Рябов Орталық Азия президенттері билікті басқа қолға беру мүмкіндігін тек өз ортасынан, өз әулетінен қарастырады деген ойды ортаға салады.
- Менің ойымша, ол сөзсіз өз кланынан болады. Өйткені Орта Азиядағы саяси жүйенің қатаң әулеттік табиғаты бар. Бұл жоғары лауазымға ие және кланның өз құпияларын білетін, саяси шешім қабылдай алатын адам болады, - дейді Андрей Рябов.
Әйткенмен Мұхамед Салих "мүмкін Өзбекстан президенті Ислам Каримовке өз әулетінен біреуді ізбасарлыққа таңдау аса күрделірек болар" дегенді айтады.
- Каримов адамдарға сенбейді. Ол тура сөз айтпайды деп адамдары да оған сенімсіздік танытады. Сондықтан Каримовтың тарапынан мұндай адамдар менімше жоқ, - дейді Салих.
Мұхамед Салих Каримов үшін жалғыз жол - ол елде саяси реформаны бастап, экономикалық еркіндікті мүмкіндігінше тезірек енгізу арқылы өзбек халқы және халықаралық қауымдастық алдында өзін ақтап алу дейді.