Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылар қатарында - 1991 жылғы желтоқсанның 26-сында таныған елдердің бірі Венгрия. Қазақстанның ол елге жөнелтетін экспортының негізін минералдық ресурстар мен химия өнеркәсібінің өнімдері құрайды.
Қазақстан парламентінің халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі Уәлихан Қалижановтың айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға өсіп келеді:
- 2002 жылы Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналымы 58 миллион доллар болса, 2003 жылы 20 пайызға өсіп 70 миллионға жетті. Ал, 2004 жылы 40 пайызға өсіп, 100 миллионға жетті. Яғни, жыл сайын өсіп келеді.
Сонымен бірге, депутат Уәлихан Қалижанов Қазақстан экономикасына Еуропа елдерімен қатар венгр кәсіпкерлері де инвестиция құюға мүдделі екенін айтады:
- 1999 жылы Венгрия астанасы Будапеште Қазақстан экономикасының инвестициялық мүмкіншіліктері деген мәжіліс ұйымдастырылған. Оған Еуропа елдерінің 80 өкілі қатысты. Қазір Венгрияда Қазақстан туралы ақпарат жеткілікті. Оның сыртында, елшілігімізде веб сайт бар. Онда Қазақстанның экономикасы рухани жағы туралы түрлі ақпар бар.
Венгриядан Қазақстанға көбінесе тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек, машиналар мен құрал-жабдықтар жеткізіледі. Ол мемлекеттегі Қазақстан елшілігінің бірінші кеңесшісі Мұрат Жақыпбектің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы біртіндеп өсіп келеді, бірақ Қазақстан әліде негізінен шикізат тасымалдаумен айналысып келеді:
- Қазақстаннан Венгрияға 90 пайыздай шикізат түседі. Ал, ол елден Қазақстанға 70 пайыздай дайын тауарлар түседі: машиналар және технологиялық жабдықтар.
Қазір Венгрия өтпелі экономика бағытын таңдаған елдердің ішіндегі ең тез дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Бұл елде инфрақұрылым және коммуналды қызметтер саласындағы нысандардың 80 пайызы жекешелендірілген. Ал, Қазақстанда қазір 20-дай бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішінде көбінесе Венгрияның жабдықтары іске жаратылып жүр. Қазақстан тарапынан шикізат беріледі. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, кейбір экономистер Қазақстанда шикізаттың мол болуы елге сор, өйткені, шикізат өндірісінен басқа салалар дамымай қалған, дейді:
- Мұнай, руда сияқты ресурстарды сатудың арқасында өмір сүрсе, ішкі өндірістерін дамытпаса, ол елдер экономикадан артта қалады.
Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, шикізаттың мол болуын сор емес, елге қонған бақ деп қарастыру керек. Тек шикізаттан түскен ақшаны өндіріске жұмсаса болғаны, дейді ол:
- Өткендегідей үкімет жариялаған жаңартпа даму туралы, импорт алмастыру сияқты бағдарламалар қағаз жүзінде көп. Бірақ, іс жүзінде толық дамып жатқан жоқ. Өйткені жемқорлықтың дамығаны, саяси шешімдердің толық орындалмауы себеп болуы мүмін.
Қазақстан премьерінің Венгриядағы сапарында екі елдің рухани қатынастарына да көңіл бөлінеді, деп хабарланып отыр. Жалпы, тарихшылардың айтуынша, 896 жылы Азиядан Карпат бассейніне көшіп келген тайпалар Венгрияда тұрып жатқан шағын ұлттармен араласып кеткен. Оның үстіне, ХІІІ ғасырда бір қауым қыпшақ тайпалары көші-қон барысында Венгрияға дейін жетіп, сонда қоныстанып қалған. Венгриядағы Қазақстан елшілігінің бірінші кеңесшісі Мұрат Жақыпбектің айтуынша, Венгрияда мадиярлар аталып кеткен қыпшақтар аз емес, бірақ олар өз тілін ұмытып қалған:
- 17 ғасырдың аяғында қыпшақ тілін ұмытқан. Қазақша бұл жерде ешкім сөйлемейді, бірақ мұнда 350 мың қыпшақ бар.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның үкімет басшысы Венгриядағы шенеуніктермен рухани саяси мәселелерді талқылағанымен көбінесе экономикаға көп көңіл бөлінеді. Сапардан соң, біртіндеп, Қазақстанмен Венгрия арасындағы тауарайналымды 100 миллион доллардан 150 миллион долларға дейін ұлғайту жоспарланған.