Бүгінгі күннен бастап Киото хаттамасы деген халықаралық құжат күшіне кірді. Қарама-қайшы пікір туғызып отырған бұл келісімге 140-тан астам мемлекет қосылды. АҚШ және Австралия келісімге қол қоймады.
Киото хаттамасы деген келісім идеясы 1997 жылы басталған. Теория бойынша, өнеркәсібі дамыған елдер өндіріс барысында әуеге ыстық газдарды көп шығарады, бұл әуе кеңістігіндегі тепе-теңдікті бұзды, оның арты табиғи апаттардың жиілеп кетуіне соқты. Құрғақшылық, топан су, теңіз даулары, теңіз деңгейінің көтерілуі деген апаттар жиілеп кетсе – оған адамзаттың асыра өнеркәсіп қызметі себеп деп айтылады. Бұл теорияға қарсылық білдірушілер экономикалық белсенділік пен табиғи апаттардың ғылыми тұрғыда дәлелденбеген себептерінің арасында байланыс жоқ дейді.
Бірақ жер шарында қатары ұлғайып келе жатқан көптеген адамға бұл мәселе – тек ғана теория емес. Әлем ауасының ысып кетуі көптеген халыққа өлім мен өмір арасындағы өлшемге айналды. Солардың бірі – Бейатааки Ореа деген келіншек, ол Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан Кирибати аралдарында өмір сүреді. Мұхит деңгейі көтеріліп, оның туған ауылы апат толқынынан қирады. Қираған үйлердің арасында тұрған бұл келіншек өткен аптада тілшімізге былай деген еді:
- Бұл апат бізге көп бейнет әкеледі, иә, біз қатты алаңдап отырмыз, мен болашағымызға қорқамын. Кирибати елінің болашағы қандай болатынын мен білмеймін.
Киото хаттамасының талаптары қатаң. Негізгі талап – келісімге қосылған елдер 2012 жылға таман әуеге шығарылатын қышқыл және басқа зиянды газдардың көлемін 1990 жылдың көлемімен салыстырғанда 5,2 пайызға азайту керек. Яғни олар түтіндетіп жатқан зауыт-фабриктердің экологиялық тәртібін жақсарту керек, өндірісті қысқарту керек, әуеге шығарылатын улы және ыстық газдардың көлемдері шектеледі.
Бірақ әр мемлекетке қойылған шектеу әрқалай. Еуропа одағына мүше елдер газдардың көлемін 2,9 пайызға кемітуге тиіс, ал өнеркәсібі қатты дамыған Испания газдардың көлемін 25 пайызға қысқартсын деп келісілді. Қысқарту мерзімі 2008 жылы басталмақ. Дегенмен, заң күші бар келісімді бұзған мемлекеттерге қандай шара қолданылатыны анық емес. 2012 жылдан кейінгі Киото келісімінің жағдайы биыл талқыланбақ.
Киото хаттамасының тағы бір ерекшелігі – ол Қытай, Үндістан және Бразилия сияқты дамушы елдерге шектеу қоймайды. Ал бұларда индустрияландыру қарқынды жүріп жатыр, әуені ластау көлемі де өсіп келеді. Мұны алға тартқан Америка Құрама Штаттары сияқты дамыған елдер Киото хаттамасынан 2001 жылы шығып кетті, дейді "Гринпис" экологиялық ұйымы маманы Махи Зидеридоу. АҚШ, эколог айтып тұрғандай, өз өнеркәсібінің бәсекелесу мүмкіншілігін шектегіміз келмейді деген уәжді алға тартады.
Қазақстан Киото хаттамасына қосылған, қол қойған, бірақ ратификациялаған жоқ. Ауғанстанда, сол сияқты, келісімді орындаймыз деп өз елінде міндетеме алған жоқ. Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан бұл тұрғыдан қарағанда біртабан алда, олар келісімді ратификациялады. Ресей, Украина, Молдова, Грузия, Әзірбайжан және Армения да солай. Беларусь пен Иран келісімге қол қоймады.
АҚШ – әуеге газдарды көп шығаратын елдердің бірі келісімнен шығып кетсе де, әлем климатының өзгеру себептерін қазір белсенді түрде өзіміз зерттеп жатырмыз дейді. Киото протоколына Қытай мен Үндістан кейін қосылатыны-қосылмайтыны анық емес, олар қосылмаса Киото протоколының басқа қатысушыларының ниеттеріне нұқсан келуі мүмкін. Қытай мен Үндістан дамыған елдер табиғатты өздері бұзып алды, бұл тарихи жағдай, сондықтан әлем климатын дамыған елдер өздері қайта жөндесін дейді.