Көршілес Өзбекстан мен Тәжікстан әйелдерімен салыстырғанда қырғыз әйелдерінің тәуелсіз әрі еркіндеу дейді сарапшылар. Совет өкіметінен кейінгі тәуелсіздік оларға көп құқықтар мен мүмкіндіктер әкелген. Бірақ, қарапайым қырғыздар әйелдердің саясаткер немесе кәсіпкер ретінде танылғанын аса қоштамайды.
Қырғызстан тәуелсіздікке қол жеткізген Орта Азия елдері ішіндегі әйел азаматтарын сыртқы істер министрі мен елші етіп тағайындаған алғашқы ел. Бірақ, қырғыз әйелдері елдің сайлау заңына соңғы енгізілген өзгерістер олардың алдағы болатын парламент сайлауларына түсуіне шектеулі ғана мүмкіндік беріп отырғанын айтады.
Әңгіменің төркінін жалпы ер азаматтар мен әйел заңгерлерден бастасақ. Мәселен, Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласының сайлаушылары ер азаматтарға қарағанда, әйел заңгерлер жақсы болады деп ойлайды. Олар жақында ғана саяси кедергілер жасалып, ақпанның 27-і болатын парламенттік сайлауларға түсуіне тыйым салынған Ашахон Тұрғынбаеваға қолдау білдірді.
Ашахон Тұрғынбаеваны сайлаудан шеттетуге сол Ош аймағынан сайлауға түсіп отырған Әлішер Сәбиров деген адамның "БАҚ арқылы сайлау заңын бұзды" деп өз бәсекелесі болған Ашахон Тұрғынбаеваға таққан айыбы себеп болды. Өткен аптада Ош қалалық соты Әлішер Сәбировтың арызын қанағаттандырып, кандидат Ашахон Тұрғынбаеваны уақытша сайлаудан аластатты.
Ашахон Тұрғынбаева Азаттық радиосына Ош қаласынан берген сұхбатында, өзі үшін Әлішер Сәбировтың әрекетін "жеңістің бір түрі" деп қабылдайтынын айтты.
- Өйткені оның айыптауы бойынша, ол мені өз амбициясына қауіп төндіретіндей есептеген. Менің есебімше, Сәбиров тіпті әйелдерді өз құқығы үшін күресіп, сондай мықты болады деп ойламаған, бірақ қазір ол мені әйел емес, мықты бәсекелес ретінде сезіп отыр деп ойлаймын, - деді Ашахон Тұрғынбаева.
Тұрғынбаеваның кандидаттығын сайлаудан алып тастау туралы сот шешімі шыққан соң, оған наразылық танытқан шамамен 500-дей адам Ош қаласының үлкен жолын жауып тастаған.
Шеруге шыққандардың бірі Азаттық радиосына берген сұхбатында, парламентте сайлаушыларының қажеттілігін көбірек ескеретін әйел депутаттардың болғаны жөн деп санайтынын айтты.
- Біздің мұнда жиналғандағы мақсатымыз - Ашахон Тұрғынбаеваның біздің аймақтан кандидат болғанын қалаймыз. Оған себеп, әйелдер басқа әйелдің мұң-мұқтажын көбірек тыңдай алады. Біз оның бағдарламасымен таныстық, ол бізді тыңдайтын болады деп ойлаймыз. Басқа ер азаматтар ешқашан бізді тыңдамады. Енді біз осында, әйелдер біздің айтқанымызға құлақ асады деген үмітпен келіп тұрмыз, - деді шеруге шыққан әйелдердің бірі.
Негізі Ашахон Тұрғынбаева осы жолғы сайлау науқанында кандидаттығынан аластатылған жалғыз әйел емес. "Атажұрт" оппозициялық партиясы жетекшілерінің бірі Роза Отынбаева да сайлауға кандидат ретінде тіркелу құқынан айрылған. Оппозиция мен құқық қорғаушылар мұны "саяси астары бар әрекет" деп бағалап, билікті айыптап отыр.
Өйткені, оппозиционер Роза Отынбаевамен сайлауға бір көшеден түсетін Бермет Ақаева - Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың қызы. Бірақ, кезінде елшілік қызмет атқарып, сыртқы істер министрі лауазымында болған Роза Отынбаеваның қолдау табу мүмкіндігі болуы да кәдік еді.
"Республика" газетінің бас редакторы әрі Қырғызстан оппозициялық блогы - Халықтық қозғалыстың мүшесі Замира Сыдықованың айтуынша, Роза Отынбаева мен Ашахон Тұрғынбаеваның жағдайлары "мәселенің тек жыныстық алалау емес екенін" көрсетеді.
- Мен Ашахон Тұрғынбаева тіркелген сайлау округінен сайлауға түсіп жатқан барлық кандидаттарды білемін. Мен онда болған жайттың тек бәсекелестіктен ғана туып отырғанына сенімдімін. Ондағы үміткердің әйел болған-болмағаны немесе орыс болмаса басқа ұлт болғаны аса маңызды емес, ол жерде жыныстық мәселе де болмаған, - дейді Замира Сыдықова.
Бақылаушылар Қырғызстанның сайлау туралы заңына осыдан екі жыл бұрын енгізілген өзгерістерден соң әйел азаматтардың парламенттен орын иеленуі тіпті қиындап кеткендігін айтады. Ол заң өзгерісі партиялық тізім мен парламент мүшелерін таңдауда пропорциалды жүйені шектейді. Енді кандидаттар сайлауға тек бір мандатты аймақтардан ғана түсе алады. Ал, әйелдер 421 кандидаттың 10 пайызын ғана құрап отыр.
Ашахон Тұрғынбаева әйелдерге кедергі болған жаңа заңдағы өзгертулерден кейін "енді әйелдердің аз ғана саны парламенттен орын алатын болады" десе, Замира Сыдықова қоғамдағы әйелдердің ролі туралы ел арасында қалыптасқан осындай стереотип бар екенін айтады.
- Әйелдердің көрсеткен барлық бастамасына қарамастан, сайлау жақындағанда біздің сайлаушылар ер азаматтарға дауыс береді. Олар билікті тек ер адамдар ұстауы керек деп біледі. Әйелдер мұндай жағдайда тек сайлау алдындағы дайындық барысында ғана жұмылдырылады, ал парламентте немесе үкіметте, министр болмаса президент кім болуы керек дегенде адамдар бәрібір екінші тарап - ерлер жағын таңдайды, - дейді Замира Сыдықова.
Сонымен қоса, президент Асқар Ақаевтың туған-туыстарының ішінде сайлауға түскелі отырған Бермет Ақаева ғана емес, парламент депутаттығынан үміткерлер қатарында президенттің балдызы да бар.