Ауғанстан мен АҚШ ресмилері жақын айларда бұрынғы Талибан үкіметінде жоғары шенде болған бірнеше шенеунік Ауғанстан үкіметі ұсынған рақымшылыққа жауап берді және олармен келіссөздер жүргізілді деп айтқан.
Дүйсенбі күні бұрын Талибан қолдаушысы болған Қандағар провинциясының губернаторы Талибанның көптеген мүшелері жақын уақытта елдің саясаты мен әлеуметтік өміріне қайта араласатындығынан үміттімін деген. Кей хабарлада Талибанның келісімге келуіне қарсылық білдірушілер келіссөздерді кері қағып, өздерінің күрестерін жалғастыра береміз деп ант еткен делінеді. Өткен аптада Талибан милициясы айыпты деп табылған жаңа қақтығыстарда 20 көтерілісші мен ауған жасақтары қаза тапқан болатын.
Ауған азаматы Рахматулла Талибанмен бейбіт келісімдерге келу, демек қарым-қатынасты жақсарту процесінің табысты жүргізілуі елдегі қайта құру ісіне жақсы көмектесетін болады деген сенімде. Ол ауған үкіметі мен талибандықтар арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы хабарлардан кейін Азаттық радиосына былай деп сұхбат берген еді:
- Бұл біздің адамдар үшін, ұлтымыз үшін жақсы жаңалық, біздің апаларымыз бен бауырларымыз үшін, адасып келген адамдар үшін жақсы хабар, - деп атап өткен.
Ауған үкіметі Талибанның террорлық топтармен байланысты болған және 1996-2001 жылдары Ауғанстанның көп бөлігінде бұл фундаменталдық қозғалыс билік құрған кезде зорлық-зомбылық жасаған мүшелерінен басқасына кешірім беруге бейілді. Мұндай келісімге келу бағытындағы қадамдарды өткен жылы Ауғанстан президенті Хамид Қарзай бастап, Талибанның басалқы деген мүшелерін елдің саяси және әлеуметтік өміріндегі қайта құру шараларына араласуға шақырған болатын.
Жақында Ауғанстан үкіметінің ресмилері мен Талибанның радикалды тобына жатпайтын мүшелері арасында байланыстар орнағаны турасында хабарлар болды. 2001 жылы Талибанды құлатуға көмектескен АҚШ енді бұл процеске қолдау танытуда, Америка әскерилері қаруларын өз еркімен тапсырған талибандықтарды тұтқындамау керек деп, оларды қорғау жағындағы ұсыныстар қарастыруда.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Талибан милициясы жөніндегі сарапшы Вахид Можиди бейбіт келіссөздер Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайын жақсартып, елге инвестиции тарту үшін қажет дегенді айтты. Дегенмен бұл келіссөздердің табысты болуы оны Ауған үкіметінің кіммен жүргізгеніне байланысты деп атап өткен:
- Егер ол адамдар Талибан көп әрекет жасап отырған аймақтардан болса және үкімет олардың көзін қақтығыс қимылдарын тоқтатуға жеткізе алса, онда біз бұны үлкен табыс деп айта алар едік.
Өткен айда АҚШ-ың «Вашингтон Пост» газеті рақымшылық ұсынысын қабыл алды деп Талибанның төрт мүшесі туралы жазған еді. Және олардың аты-жөндерін атаған болатын. Олар - БҰҰ-да бұрынғы Талибан елшісі болған Абдул Хаким Мұжахид, бұрын Жоғары білім министрінің орынбасары болған Арсулла Рахмани, бұрынғы босқындар мен қайтып оралушылар министрінің орынбасары Рахматулла Уахдиар және Сауд Арабиясындағы бұрынғы Ауған елшілігінің өкілі болған Хажибулла Фаузи.
Дүйсенбі күні Кандағар провинциясының губернаторы Гул Ага Шерзай Талибанның бірқатар маңызды деген лаузымда болған адамдарымен кездескенін, кейбіреуімен телефон арқылы сөйлескенін айтқан, бірақ олардың есімдерін атамаған. Ол жақында болған шабуыл-қақтығыстарға қарамастан, Талибан енді мықты күш бола алмайды дейді. Алайда талдаушы Можди биліктен қуылғанына үш жыл өтсе де, Талибан әлі де қауіпті күш болып қалып отыр деп санайды:
- Олар Әл-Қаида сияқты қимылдар жасайды, бұларда бір орталықтандырылған команда жоқ, әр аймақта әр топ өз бетімен әрекет етеді. Сондықтан да өте қауіпті, қашан қай жерден шабуыл болатыны анық емес. Сол себепті олар біраз әлсіреп қалды, әдістерін өзгертті. Барған сайын олар әлсірей түседі, бірақ, бұл олардың қауіптілігі төмендейді деген сөз емес. Бір кезде олар шабуылдар мен жанкештілік түрінде қайта бас көтерулері мүмкін. Біз оның бірқатарына куә болдық та.
Қаңтар айында агенттіктер Талибанның қуылған жетекшісі Омар молданың Ауғанстанда шетелдік әскерлер тұрған уақытта келісімдер болуы мүмкін емес деген мәлімдемесін таратқан болатын. Ол сондай-ақ, шетелдік басқыншылыққа қарсы күресті жалғастырамын деп ант еткен.
Ал өткен сенбі күні АҚШ әскерилерінің өкілі ауа-райы жақсарып, күн жылынып келе жатқандықтан да, Талибан партизандарының шабуылдары ұлғая түсуі мүмкін дегенді айтқан.