АҚШ президенті Дж.Буш жақында Ирақ пен Палестина жерінде өткен сайлауларды Ливанда демократияны дамытуға ықпал бола алатындай жайттар деп атап өтті.
Вашингтондағы тәуелсіз зерттеулер орталығы АҚШ президенті Дж.Буш бұл ретте біршама жетістіктерге жеткенімен, соңғы 10 жылдықтар барысында американ-араб қарым-қатынасы ең төменгі жағдайда қалып отыр деп атап көрсетеді. Дүйсенбі күні жарық көрген зерттеулерде Таяу Шығыста АҚШ дипломатиясындағы өзгерістер байланыстарды жақсартып қана қоймай, бұл аймақтағы демократияны да жетілдіре түсуге көмектескені жөн болар еді деген ой айтылады.
Бұл жарық көрген хабарламада АҚШ үкіметіне Таяу Шығыстың экономикалық саласына көмектен бастап, екіжақты мақсатты топтарды құруға дейінгі кеңейтілген тұрғыдағы ұсыныстар айтылған. Бірақ, бұл зерттеулерде жазылған ең бір маңызды ұсыныс деп, АҚШ-қа қаратып айтылған тек қана ұлттық жетекшілерді тыңдап қана қоймай, қарапайым адамдарға да құлақ асу керектігінің айтылғандығы деуге болады.
Сөйтіп, Халықаралық және стратегиялық зерттеулер орталығы демеушілік еткен бұл сауалнамада Марокко мен Сауд Арабиясындағы, Иордания мен Ливандағы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Египеттегі 3 мыңнан астам адам қатыстырылған.
Араб-американ институтының өкілі Джеймс Зогбидың айтқанына қарағанда, арабтардың пікірінше, мұндағы басты проблема жақында болған оқиғаларға қарамастан, Ирақ немесе жергілікті реформа мәселелері емес. Дүйсенбі күні болған баспасөз-мәслихатында ол былай деген:
- Біздің талқылаулардан айқын болғанындай, АҚШ тұрғысында арабтардың көзқарасында Араб-Израил жанжалынан басқа ешнәрсе де басымдық танытпайды. Бұл хабарламада біз айтып отырған ұсыныстар, егер АҚШ демократиялық және қауіпсіз Палестинаның қатарында дәл сондай демократиялық және қауіпсіз Израилдың болуына ықпал ететіндей жан-жақты шешімдердің жасалуына жетекшілік етпесе, табыс та болмайды дегенге келіп саяды.
Сарапшы, сондай-ақ, бұл сауалнамада пікір білдірген арабтар АҚШ бір кездері Израилға қатты қолдау көрсеткенін тоқтата қояды деген ойдан өздерінің аулақ екенін айтқан. Олар сонымен бірге бейбіт процестерде Вашингтон маңызды элемент деген де көзқарас білдіреді. Алайда, олар таяу уақытта Америка үкіметі адал делдалдық қызмет атқарды дегенге де шүбәмен қарайтынын жасырмаған.
Зогбидың айтуынша, Израил-Палестин дау-жанжалын ең басты деген бағыттардың бірі ретінде қарастыратын арабтар өз елдерінде де өзгерістердің болғанын қалайды екен. Бірақ, олар үшін ең басты нәрсе демократия емес дегенді айтады сарапшы:
- Біз оларға сіздер үшін қандай мәселе маңызды, еліңіздегі қандай жайттарды өзгерту керек деп ойлайсыз деген сауал қойдық. Олардың басым көпшілігі "бізге өмірлік сапа, әлеуметтік мәселелерде өзгеріс қажет" деп айтты. Олар білім беру жүйесінің жетілдірілгенін, жұмыс болуын, денсаулық сақтау жүйесі жақсарғанын қалайды. Міне, содан кейін, осындай істер жасалған соң ғана олар демократия, реформа, саяси пікірталастар, әйелдер хұқының сақталуы турасында сөз болғанын қалайтынын білдірген.
Зогбидың атап көрсетуінше, сауалнамада пікір-көзқарастарын білдіргендердің көпшілігі өз еліндегі қандай бір ішкі реформаларға, саяси жүйелеріне АҚШ-тың араласқанын тіпті де қаламайды екен. Хабарламада ұсыныс ретінде жазылған бір мәселе - Буш әкімшілігінің сыртқы саясаты Таяу Шығыс елдері басшыларына ғана бағытталмай, қарапайым араб адамдарына да бағытталып, олармен де есептескені жөн делінеді.
Мароккода бұрын елші болған Эдуард Габриел хабарламаның құндылығы да міне осында деп атап көрсетеді. Габриелдің пікіріне сәйкес, АҚШ-тың өте қымбат тұратын сыртқы саясаты оның өзіне жаңа әріптестік деп аталатын бағытының жемісін беруге және Таяу Шығыстағы қарым-қатынастарында мақсатты айқындай түсуге көмектесуі керек.
- Менің ойымша, бұл хабарлама бойынша өте анық көрініп тұрған жайттардың бірі - біз өте терең және кеңейтілген әріптестікті тек бізбен келісетін әріптес адамдармен ғана орнатпауымыз керек, - дейді Габриел.
Осы сөз болып отырған зерттеу хабарлама үшін жауапты комитеттің жетекшісі, бұрынғы сенатор және президент Клинтон тұсында қорғаныс министрі болған Уиллям Коэн Таяу Шығыс аймағында демократияны кеңінен дамыту тез арада жүзеге асатын шаруа емес, бұл ретте АҚШ шыдамдылық танытқаны абзал деп атап көрсетеді.
Коэн сондай-ақ, араб әлемінің халқын өте мұқият тыңдап, олардың айтқандарына құлақ асса - АҚШ үшін жаулық пиғыл мен көзқарасты азайтып, кеміте білудің ең тиімді және қарапайым жолы сол дейді. Ол мұнымен қатар, аталған аймақта одақтастар табудың ең жақсы жолы да осы болады деген пікірді қоштайды.