Наурыздың 7-ісінен бастап Қазақстанда «Жаһандық алмасу» атты жастардың біріккен жаңа жобасын басталған болатын. Осы жоба аясында Қазақстаннан және Ұлыбританиядан барлығы 16 жас волонтер іріктеліп, Талдықорғандағы мүгедек балалармен жұмыс жасауға дайындалып жатыр.
Үстіміздегі жылдың 7-ші наурызынан бастап, Қазақстан мен Қырғызстандағы Британ Кеңесi , шетелдегi волонтерлiк қызмет және Талдықорғандағы «Алпамыс» үкіметтік емес ұйымы «Жаhандық алмасу» атты жастардың бiрiккен жаңа жобасын бастаған болатын.
Жобаның басты мақсаты - белсендi де әлеуметтiк тұрғыдан жауапты жастарды тәрбиелеу және әртүрлi елдердегi жастар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамыту. Жоба бір мезгiлде әлемнiң 5 елiнде, Индонезия, Нигерия, Филиппины, Өзбекстан және Қазақстанда басталды.
Бұл жоба аясында Қазақстандық 8 волонтер және британдық 8 волонтер іріктеліп алынған болатын. Аталмыш жобаның үйлестірушісі Жанна Айтбаева, іріктеу барысында әр жастың ынтасы мен ықыласына көп көңіл аударылды дегенді айтып отыр.
- Бұл жобаның қатысушылары 18 бен 25 жас аралығындағы жастар. Олар кәсіби волонтерлер емес, дегенмен олардың бойындағы ынта мен құштарлық олардың жұмысында өте қажет. Ал тәжірибені олар осы жобаның аясында жинастыратын болады.
Сонымен қатар, Жанна Айтбаева, қазіргі таңда Қазақстанда волонтерлік жұмыс дамымаған деуде. Мәселен, шет елдерде волонтерлік жұмыспен айналысқан болсаң, кез-келген жұмысқа орналасу барысында осы жағдай ескеріледі.
Ал шетелдегі волонтерлік қызмет ұйымының өкілі Том Смит болса, Ұлыбританияда волонтерлік қызметтің жыл сайын дамып келе жатқандығын айта келе, қазақстандық жастарды волонтерлік жұмысқа тарту мақсатында қолға алынып отырған бұл бірінші шара екендігін атап өтті.
- Аталмыш жоба 1999-шы жалдан бері жұмыс жасап келеді. Бүгінгі күнге дейін біз әлемнің 44 мемлекетімен бірігіп жұмыс атқардық. Биылдың өзінде біз Өзбекістан мен, Инданезия, сонымен қатар, Филиппины мен Нигерияда осы сынды жобаларды жүзеге асырдық.
Тамыры бірнеше онаған жылдарға кететін Ұлыбританияның волонтерлік қызметі, мемлекетпен жыл сайын қаржыланып отыратын көрінеді. Бұл жұмыстың ақысыз екендігін біле тұра адамдардың атсалысуын Том Смит төмендегідей түсіндірген еді.
- Адамдар түрлі себептермен волонтер болғысы келеді. Дегенмен, менің ойымша ең басты себеп, әр адам қоғамда түрлі жағдайдың әсерінен көмекті қажет ететін жандарға қол ұшын бергісі келеді. Бұл жерде еш қандай қаржы турасында сөз болмайды. Тек көмектескен адаммен көмек алған адамның арасындағы қарым-қатынастың өзі көңіл қуантады.
Ұлыбританиядан келген волонтер Майкл Перрет бұдан бұрын Филиппиныда ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс жасап қайтқан екен.
- Басында өз ісіме көңілім толмағандай болды. Дегенмен, уақыт өте менің ісімінің қаншалықты маңызды екендігін түсініп, бүгінде өз ісімді жалғастыру мақсатында Қазақстанға келіп отырмын дейді.
Шет елде волонтерлік жұмыс тиісті дәрежеде бағаланатын болса, Қазақстанда бұл шара енді-енді қолға алынуда. Аталмыш жобаға қазақстан жағынан алғаш қатасып отырған Толқын Жұмашева, балалармен жұмыс жасау менің арманым дегенді айтып отыр.
- Мен Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы универсиеттің 3-ші курсында оқимын. Менің мамандығым мұғалім. Мен сабақ бергенді, балалармен жұмыс жасағанды өте ұнатамын. Ал енді бұл жоба аясында 6 ай бойы мүгедек балалармен жұмыс жасауымыз керек қой. Менің ойымша өте жақсы өтетін сияқты.
Наурыздың 23-іне Талдықорған қаласындағы «Алпамыс» атты әртүрлі психо-физикалық ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында, жоғарыда айтылған 16 волонтер жастың жұмыстары басталады. Олар алдымен Талдықорғанда 3 ай, содан кейін Ұлыбританияның Уэльсінде 3 ай әлеуметтік салада жұмыс жасайтын болады.